27.02.2023, 13:49 14201

Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін таратты

Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін таратты
Сурет: Depositphotos
Бұған дейін ҚР Сауда министрлігі мен Қаржы министрлігі сауда өкілдігінің жабылуын артық құрылымдарды оңтайландырумен түсіндірді

Астана. 27 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігін тарату туралы қаулыға қол қойды.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесі таратылсын", - делінген құжат мәтінінде.


Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін ҚР Сауда министрлігі мен Қаржы министрлігі сауда өкілдігінің жабылуын артық құрылымдарды оңтайландырумен түсіндірген болатын.

Ведомствода атап өткендей, Қазақстанның Ресей Федерациясындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша одан әрі жұмыс Ресейдің барлық ірі қалалары мен аймақтарында құрылған "QazTrade" ССДО АҚ серіктестік желісі арқылы жалғастырылатын болады.

Сонымен бірге Ресей тарапы Қазақстандағы өзінің сауда өкілдігін жабуды жоспарламайтынын мәлімдеді. Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова аталған келісімді жүзеге асыру бойынша барлық міндеттемелер толық көлемде орындалатынын айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны