24.05.2024, 20:26 38166
Алғаш рет Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға тестілеу режимінде жүктерді автокөлікпен халықаралық тасымалдау ұйымдастырылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.07.2025, 12:26 2836
Цифрлық теңге Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінетін қаражатқа ашық қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді
Үкімет бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуде. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов журналистермен өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде бюджеттік процестерге цифрлық теңге енгізілуде. Бүгінгі таңда айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылды. Платформа әзір тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануда, жыл соңына дейін оны толыққанды іске қосу жоспарлануда.
Жақын арада бюджет пен Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын кемінде 100 ірі жобаны анықтап, оларды "цифрлық теңге" жобасына енгізу қажет, сол кезде біз әрбір теңгенің қайда кеткенін ашық көретін боламыз. Менің жеке өзім бюджет қаражатын игеру процесін цифрландыруға үлкен үмітім бар. Бұл бізге ақшаны тиімді жұмсауға мүмкіндік береді", - деді Олжас Бектенов.
Премьер-Министр "цифрлық теңге" жобасына енгізілуі мүмкін бірқатар инфрақұрылымдық бастамаларды атады.
Бізде Ұлттық қор есебінен көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, биыл "Бақты - Аягөз" теміржол желісінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Осы жобаны "цифрлық теңге" арқылы қаржыландыруға қосуды ойлап отымыз. Содан кейін "Орталық-Батыс" автомобиль жолын саламыз, бұл жобаны да қосамыз. Осындай маңызды жобалардан бастау керек, өйткені ол жерлерде қыруар қаражат игеріліп жатыр. Сол себеп біз олардың ашық және тек мақсатты түрде жұмсалуына мүдделіміз", - деп атап өтті Премьер-министр.
Қазіргі уақытта Цифрлық теңге бірнеше бағыт бойынша қолданылуда. Атап айтқанда, цифрлық ҚҚС салықты қайтару мерзімін 75-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Жолдарды жөндеуге арналған қаражатты таңбалау "Павлодар - Атырау" және "Мұқыр - Құлсары" жобаларының мысалында сыналды. Цифрлық теңгені енгізу басқа бағыттарда да пысықталуда. Олар - жылжымайтын мүлікпен және автокөлікпен жасалатын мәмілелер, мектептегі тамақтану, қымбат тауарларды сатып алу, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік кредиттеу құралдары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 19:02 11076
"Қазатомөнеркәсіп" словакиялық атом электр станцияларына уран жеткізуге ниетті
Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ (Қазатомөнеркәсіп) және Словакиядағы ең ірі электр энергиясын өндіруші Slovenské elektrárne a.s. (SEAS) компаниясы атом энергетикасы саласында ұзақмерзімді ынтымақтастықты дамытуға екіжақты қызығушылықты білдіретін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
SEAS Словакияда өндірілетін жалпы электр энергиясының 70%-дан астамын қамтамасыз етеді. Компания екі атом электр станциясын - "Богунице" және "Моховце" АЭС-терін басқарады, онда бес ВВЭР-440 реакторы жұмыс істейді. SEAS-тың бақылаушы акционері (66%) - Slovak Power Holding компаниясы, ал қалған 34% үлесі мемлекетке тиесілі.
Меморандум тараптардың табиғи уран концентратын жеткізуді жолға қоюына, сондай-ақ осы елдің АЭС-тері үшін уран диоксидін (UO₂) жеткізу мүмкіндігін қарастыруға және болашақтағы ықтимал әріптестік бағыттарын анықтауға ниетті екенін білдіреді. Бұл Қазатомөнеркәсіп пен SEAS арасындағы алғашқы ресми құжат және ынтымақтастықтың жаңа кезеңін білдіреді.
Аталған меморандумға қол қою арқылы біз еуропалық әріптестерімізбен ынтымақтастықты нығайту жолында маңызды қадам жасап отырмыз. Словакия үшін тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етуде атом энергетикасының алар орны ерекше. Бұл келісім біздің компанияларымыз арасында берік әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға негіз болады деп сенеміз", - деді Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Өз кезегінде, SEAS бас директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Бранислав Стричек ядролық отын жеткізілімдерін әртараптандырудың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, табиғи уранның әлемдегі ең ірі өндірушісі Қазатомөнеркәсіппен ұзақмерзімді ынтымақтастықтың болашағына сенім білдірді.
Меморандум Қазатомөнеркәсіп үшін еуропаның жетекші энергетикалық компанияларымен ынтымақтастықты күшейту жолындағы кезекті қадам болып табылады. Бұл атом холдингінің халықаралық әріптестікті дамытуға, еуропалық нарықтағы үлесін арттыруға және өңірде тұрақты атом энергетикасын қалыптастыруға ұмтылысын растайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 16:38 11526
Медициналық сақтандыру реформасы: Тоқаев заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 10:14 15606
Қазақстан гипсокартонды үшінші елдерден әкелуге тыйым салды
ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрінің 8 шілдедегі бұйрығымен гипсокартон әкелуге тыйым салынады.
Үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен үш ай мерзімге гипсокартон әкелуге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Бұйрық әлі күшіне енген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.07.2025, 12:17 40516
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде сақтап қалды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Жылдық инфляция маусымда 11,8% болды. Барлық компонент бойынша бағада өсім байқалады. Тарифтік реформаларды іске асыру аясында реттелетін қызметтердің, сол сияқты нарықтық қызметтердің қымбаттауы есебінен қызмет секторы (16,1%) бұрынғыша баға өсіміне себеп болып отыр. Сонымен қатар импорттық тауарлар мен ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлері қымбаттауына байланысты азық-түлік инфляциясы (10,6%) да айтарлықтай үлес қосты.
Инфляцияның айлық динамикасы 0,8%-ға дейін баяулады. Инфляцияның орнықты бөлігіндегі көрсеткіштер біршама өсті: базалық инфляция - 0,9%, маусымдық факторларды ескермегендегі инфляция 1,0% болды. Бұл тарифтік реформалардың жалғасуы, фискалдық ынталандыру және жеке кредиттеудің жоғары өсу қарқыны қолдап отырған орнықты тұтынушылық сұраныс аясында инфляциялық қысым сақталғанын көрсетеді.
Алдағы 12 айға халықтың инфляциялық күтулері төмендеді, бірақ олар әлі де жоғары және құбылмалы. Сауалнамада белгісіздік сақталуда. Нарықтағы кәсіби қатысушылардың инфляция бойынша биылға күтулері 10,7%-дан 11%-ға дейін өзгерді.
Негізгі сауда-серіктесіміз Ресейде инфляцияның баяулауына байланысты сыртқы инфляциялық қысым біршама әлсіреді. Азық-түліктің (дәнді дақылдарды есепке алмағанда) әлемдік бағасы жоғары болып қалып отыр. Дамыған экономикаларда инфляция жыл басынан бері төмендеп келеді, алайда, орталық банктер белгісіздік күшейіп келе жатқанын айтады. Осыған байланысты жетекші орталық банктер өз саясатында сақ және ұстамды. ЕОБ экономикалық белсенділікті қолдау үшін мөлшерлемелерді төмендету үрдісін тоқтатқан жоқ. Алайда, баға қысымына тәуекел артқанын атап өтті. Ал ФРЖ сауда және фискалдық саясаттағы өзгерістерге байланысты белгісіздік жағдайында мөлшерлемелерді төмендетуді тоқтатты. Инфляцияның баяулауына байланысты Ресей Банкі маусым айында негізгі мөлшерлемені 20%-ға дейін төмендетіп, 2026 жылы инфляцияны нысанаға қайтару үшін қажет ақша-кредит шарттарының қатаңдығын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Сонымен бірге, сыртқы секторда қаржы және шикізат нарықтарында жоғары құбылмалылық бар. Бұл сауда келіспеушіліктері мен геосаяси шиеленіске, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты орын алып отыр. Бұл жағдайда мұнай бағасы оптимистік сценарий деңгейіне жақын қалыптасып келеді.
2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында экономикадағы өсім 6%-ды көрсетті. Жоғары өсу қарқыны көлік саласында (23,1%), құрылыста (15,4%), саудада (7,8%) байқалады, сонымен қатар тау-кен (7,8%) және өңдеу (6%) өнеркәсібінде іскерлік белсенділік артып келеді.
Тауарлар мен қызметтерге ішкі сұраныс жоғары. Оған тұтынушылық кредиттеудің жоғары қарқыны да ықпал етеді (мамыр айында ж/ж 32,4%). Бөліп төлеу құралының сұраныста бар екені, белсенді маркетингтік акциялар, кредит алудың оңайлығы және орнықты жоғары инфляциялық күтулер секілді сұранысты қолдайтын бірқатар фактор да сақталып отыр. Жеке инвестициялар, сол сияқты бюджет қаражаты есебінен инвестициялық белсенділік үздіксіз қарқын алып келеді (қаңтар-мамыр айларында - 18,2%).
Проинфляциялық тәуекелдер негізінен ішкі факторлар есебінен қалыптасады және фискалдық ынталандыру, белсенді тұтынушылық кредиттеу мен жоғары инфляциялық күтулер аясында орнықты ішкі сұранысқа негізделген, сондай-ақ тарифтік және салық реформаларын іске асыруға және олардың жанама әсеріне байланысты. Сыртқы тәуекелдер әлемдік саудадағы белгісіздік пен геосаяси шиеленістің өсуі аясында сақталып отыр. Бұл қаржы, тауар және шикізат нарықтарындағы құбылмалылықтың өсуіне байланысты.
Сонымен бірге, ішкі ортада базалық мөлшерлеменің дезинфляциялық әсері іске асырылып жатқан алтын-валюта операцияларын "айналау" шаралары, минималды резервтік талаптарды (МРТ) қайта қарау және тұтынушылық кредиттеуді төмендетуге бағытталған макропруденциялық шектеулерді енгізу есебінен күшейетін болады. Үкімет жариялаған коммуналдық қызмет тарифтерінің өсу қарқыны мен мерзімін қайта қарастыру қосымша оң әсерін беріп, ақылы қызметтер бағасының өсуін реттеуге мүмкіндік береді.
Үкіметпен арадағы үйлестіру шараларын күшейту инфляциялық қысымды төмендетуде ерекше рөл атқарады. Бұл ең алдымен фискалдық шоғырландыруды және макроэкономикалық балансты нығайтуға бағытталған бірлескен шараларды іске асырумен байланысты.
Қазіргі жағдайда ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты Ұлттық Банктің қосымша шараларымен бірге инфляцияның өсуін тежейтін болады. Жеке кредиттеу нарығын "салқындату" бойынша қабылданып жатқан микро және макропруденциялық шаралардың әсері біртіндеп күшейеді деп күтілуде.
Инфляциялық факторлардың қалыптасқан балансы, оның қазіргі қарқынды динамикасы, проинфляциялық үрдістер мен сыртқы ортадағы белгісіздік базалық мөлшерлемені қазіргідей деңгейде 2025 жылдың соңына дейін сақтау ықтималдығына айтарлықтай себеп болып отыр. Сонымен бірге, Ақша-кредит саясаты комитеті қажет болған жағдайда базалық мөлшерлемені көтеру мүмкіндігін де жоққа шығармайды.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім болжамды раундтың нәтижелеріне негізделетін болады, оның аясында макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдары да жаңартылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.07.2025, 11:47 40916
Қазақстанда айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылды
Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бұл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен қаржы жүйесін цифрлық трансформациялау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін озық технологияларды енгізу бөлігіндегі міндеттерге сәйкес келеді.
Жиында мемлекеттік жұмсау үдерістеріне ұлттық цифрлық валютаны енгізудің барысы қаралды.
Талқылауға сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, қаржы министрі Мәди Тәкиев және бейне конференция байланысы арқылы ішкі істер министрі Ержан Сәденов, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгінгі таңда айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылғанын хабарлады. Платформа қазір тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңінде, алдағы желтоқсан айында оны толыққанды іске қосу жоспарланып отыр.
Ұлттық банктің цифрлық трансформациялау жетекшісі Бинұр Жаленов баяндағандай, цифрлық теңге бүгінде оннан астам бағыт бойынша сыналған. Атап айтқанда, цифрлық ҚҚС салықты қайтару мерзімін 75-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік туды. Жолдарды жөндеуге арналған қаражатты таңбалау "Павлодар - Атырау" және "Мұқыр - Құлсары" жобаларында сыналды. Сондай-ақ "Достық - Мойынты" темір жолының және "Талдықорған - Үшарал" газ құбыры учаскесінің құрылысын қоса алғанда, Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын бақылау үшін де пайдаланылуда. Алдағы уақытта "Бейнеу - Бозой - Шымкент" газ құбырын, газ бөлу кешені және "Бақты - Аягөз" теміржол учаскесі сияқты жобаларды жүзеге асыру жоспарда тұр. Бұдан басқа, "Ауыл аманаты" шағын несиелеу бағдарламасы аясында қаражатты уақытша бұғаттау тетігі сынақтан сәтті өтті.
Цифрлық теңгені енгізу, сондай-ақ жылжымайтын мүлік пен автокөлікке қатысты мәмілелер жасау, мектептегі тамақтану, қымбат тауарларды сатып алу, агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік несиелеу құралдары сияқты басқа да бағыттарда пысықталып жатыр.
Жиында сондай-ақ нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге де назар аударылды. Бүгінгі таңда "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Заңға, цифрлық шот ұғымын және басқа да ілеспе нормаларды енгізуді қоса алғанда, бірқатар түзетулер дайындалған.
Премьер-министр цифрлық теңгенің негізгі артықшылықтарын атап өтті. Олар - бағдарламалауға және таңбалауға икемдігі. Бұл қаражаттың қозғалысын қадағалауға және мақсатсыз пайдаланудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Цифрлық теңге бюджет қаражатын мақсатты пайдалануда толық ашықтықты және жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді. Ақшаны таңбалауды кеңейтуді тиімді жүзеге асыру үшін ақпараттық жүйелердің "Цифрлық теңге" платформасымен уақтылы интеграциялануын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ тиісті нормативтік құқықтық базаны пысықтау талап етіледі. "Боялған ақша" тетігін енгізу сапалы және толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс. Жақын арада Ұлттық қор мен бюджет есебінен қаржыландырылатын кемінде жүз ірі жобаны "цифрлық теңге" форматына ауыстыруды тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр мемлекеттік органдарға Ұлттық банкпен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп, экономиканың жекелеген секторларына цифрлық теңгені кең көлемде жедел интеграциялау жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.07.2025, 17:11 48646
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
ВЕНА, 10 шілде 2025 жыл - ОПЕК халықаралық семинары аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов пен БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруи кездесті.
Қос тарап ынтымақтастықтың серпінді дамуын жоғары бағалап, оны әріптестіктің жарқын үлгісі деп атады.
Келіссөзде БАӘ-нің жетекші компаниясы Masdar-дың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан Жамбыл облысындағы қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр станциясы құрылысы талқыланды.
Ерлан Ақкенжанов бұл стратегиялық жобаны Қазақстан билігі жан-жақты қолдайтындығын жеткізді. Жобаға бұрын-соңды болмаған басымдықтар берілгенін айтып, үкіметаралық келісімнің өте қысқа мерзімде бекітілгенін тілге тиек етті. Бұл - Қазақстан тарапының өз міндеттемелеріне адалдығын көрсетеді.
Сухейл әл-Мазруи өз кезегінде жасалған қолайлы жағдайға алғысын білдіріп, Masdar компаниясы жобаны жоспарға сай жүзеге асыратындығын жеткізді.
- "БАӘ, соның ішінде Masdar компаниясымен әріптестігіміз - ортақ сенім мен табыстың жарқын үлгісі. Бұл жоба өңірдегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы ең ірі бастама және "жасыл" энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға негіз болады. Біз БАӘ экономикамызды декарбонизациялау мақсаттарына жетудегі негізгі стратегиялық серіктесіміз деп санаймыз", - деді Ерлан Ақкенжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.07.2025, 09:31 48896
ҚТЖ мен Қытай темір жолдары стратегиялық ынтымақтастық туралы жаңа Келісімге қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған тапсырмаларын орындау және сыртқы саяси бағыты шеңберінде "Қазақстан темір жолы" ҰК "АҚ мен "Қытай темір жолдары" Мемлекеттік корпорациясы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Құжатқа ҚТЖ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен Қытай темір жолдары Директорлар кеңесінің төрағасы Го Чжусюе мырзаның ресми кездесуі барысында қол қойылды.
Жаңа келісім 2014 жылы жасалған келісімнің орнына келді және екі елдің көлік кооперациясы саласындағы ағымдағы басымдықтарын көрсетеді:
• Қазақстан, Қытай және басқа да елдердің аумақтары арқылы халықаралық көлік бағыттарын дамыту;
• Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту және Қытай - Еуропа бағытында және кері қарай қосымша жүк ағынын тарту;
• өткізу қабілетін арттыру үшін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру;
• контейнерлік тасымалдар бойынша ынтымақтастықты дамыту;
• маршруттарды, кестелерді оңтайландыру және операцияларды үйлестіру есебінен тасымалдау тиімділігін арттыру;
• икемді және бәсекеге қабілетті тарифтік саясат орнатуға вқпал ету;
• трансшекаралық тасымалдарды оңайлату үшін нормативтік-құқықтық базаны біріздендіру;
• қауіпсіздікті және автоматтандыруды арттыру үшін цифрлық технологиялар мен стандарттарды енгізу және т.б.
Қытаймен көлік-логистикалық байланыстарды нығайту Қытай - Еуропа бағыты бойынша тасымалдарды дамытуға жаңа серпін береді және Қазақстанның еуразиялық кеңістіктегі маңызды транзиттік хаб ретіндегі стратегиялық рөлін күшейте отырып, Транскаспий бағытының тартымдылығын арттырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.07.2025, 10:23Қазақстанда жыл басынан бері 60-тан астам адам террористік және экстремистік қылмыстары үшін сотталған 15.07.2025, 13:32 6581Үкіметте әлеуметтік салаға жұмсалатын шығыстарға бақылау күшейтілуде15.07.2025, 09:34 6231Бақытбек Сыдықов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды15.07.2025, 13:40 600616 млн қазақстандықтың дербес деректерінің таралуы: тексерудің алдын ала жасалған болжамы аталды15.07.2025, 12:26 Цифрлық теңге Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінетін қаражатқа ашық қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді2571Цифрлық теңге Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінетін қаражатқа ашық қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді
10.07.2025, 17:09 98311Алматыда алаяқтықтың алдын алу туралы меморандумдарға қол қойылды10.07.2025, 17:04 94536Ақтөбе облысында жетім балалар тұрғын үйге кезекке қойылды11.07.2025, 09:44 84471Үкімет Ақтау жылу желілерін қайта жаңартуға 3,6 млрд теңге бөлді11.07.2025, 11:59 84351Тоқаев Моңғолия Президентін Наадам мерекесімен құттықтады11.07.2025, 12:08 84181Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚХР-ның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті
04.07.2025, 19:14 138361Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 138186Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 136196"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 129731Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 127451Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді