15.07.2022, 17:04 28301
Қарашөкеев Қазақстандағы қант тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты
Сурет: pixabay.com
Елді қантпен қамтамасыз ету мақсатында қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленетін болады", — деді Ербол Қарашөкеев.
Жоспарда қарастырылған:
- қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейту арқылы шикізат базасын ұлғайту;
- жаңа суармалы жерлерді енгізу;
- су үнемдейтін суару технологияларын енгізу;
- тұқым шаруашылығын дамыту;
- қант қызылшасын өңдейтін қолда бар қуаттарды техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру;
- қант зауыттарын салу мен жаңғырту;
- қант саласын мемлекеттік реттеу және қолдау шараларын күшейту.
Сондай-ақ, ақ қант импортының және құрақ қанты шикізатының өңдеу көлемдерін ұлғайту бойынша шаралар қабылданады, деп хабарлады Қарашөкеев.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы сауда және ауыл шаруашылығы министрлеріне сөгіс жариялап, шұғыл түрде қант саласын дамыту бойынша салалық жоба әзірлеуді тапсырған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.07.2025, 17:11 6
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің баспасөз қызметінен.
ВЕНА, 10 шілде 2025 жыл - ОПЕК халықаралық семинары аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов пен БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруи кездесті.
Қос тарап ынтымақтастықтың серпінді дамуын жоғары бағалап, оны әріптестіктің жарқын үлгісі деп атады.
Келіссөзде БАӘ-нің жетекші компаниясы Masdar-дың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан Жамбыл облысындағы қуаттылығы 1 ГВт болатын жел электр станциясы құрылысы талқыланды.
Ерлан Ақкенжанов бұл стратегиялық жобаны Қазақстан билігі жан-жақты қолдайтындығын жеткізді. Жобаға бұрын-соңды болмаған басымдықтар берілгенін айтып, үкіметаралық келісімнің өте қысқа мерзімде бекітілгенін тілге тиек етті. Бұл - Қазақстан тарапының өз міндеттемелеріне адалдығын көрсетеді.
Сухейл әл-Мазруи өз кезегінде жасалған қолайлы жағдайға алғысын білдіріп, Masdar компаниясы жобаны жоспарға сай жүзеге асыратындығын жеткізді.
- "БАӘ, соның ішінде Masdar компаниясымен әріптестігіміз - ортақ сенім мен табыстың жарқын үлгісі. Бұл жоба өңірдегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы ең ірі бастама және "жасыл" энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға негіз болады. Біз БАӘ экономикамызды декарбонизациялау мақсаттарына жетудегі негізгі стратегиялық серіктесіміз деп санаймыз", - деді Ерлан Ақкенжанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.07.2025, 09:31 106
ҚТЖ мен Қытай темір жолдары стратегиялық ынтымақтастық туралы жаңа Келісімге қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған тапсырмаларын орындау және сыртқы саяси бағыты шеңберінде "Қазақстан темір жолы" ҰК "АҚ мен "Қытай темір жолдары" Мемлекеттік корпорациясы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Құжатқа ҚТЖ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен Қытай темір жолдары Директорлар кеңесінің төрағасы Го Чжусюе мырзаның ресми кездесуі барысында қол қойылды.
Жаңа келісім 2014 жылы жасалған келісімнің орнына келді және екі елдің көлік кооперациясы саласындағы ағымдағы басымдықтарын көрсетеді:
• Қазақстан, Қытай және басқа да елдердің аумақтары арқылы халықаралық көлік бағыттарын дамыту;
• Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту және Қытай - Еуропа бағытында және кері қарай қосымша жүк ағынын тарту;
• өткізу қабілетін арттыру үшін инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру;
• контейнерлік тасымалдар бойынша ынтымақтастықты дамыту;
• маршруттарды, кестелерді оңтайландыру және операцияларды үйлестіру есебінен тасымалдау тиімділігін арттыру;
• икемді және бәсекеге қабілетті тарифтік саясат орнатуға вқпал ету;
• трансшекаралық тасымалдарды оңайлату үшін нормативтік-құқықтық базаны біріздендіру;
• қауіпсіздікті және автоматтандыруды арттыру үшін цифрлық технологиялар мен стандарттарды енгізу және т.б.
Қытаймен көлік-логистикалық байланыстарды нығайту Қытай - Еуропа бағыты бойынша тасымалдарды дамытуға жаңа серпін береді және Қазақстанның еуразиялық кеңістіктегі маңызды транзиттік хаб ретіндегі стратегиялық рөлін күшейте отырып, Транскаспий бағытының тартымдылығын арттырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.07.2025, 18:53 7011
Қазақстанда тұрғын үй сатып алу - сату мәмілелерінің саны азайған
Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2,1% азайдыдеп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.
2025 жылғы маусым айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 33 273 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша - 7 844 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша - 25 429 мәміле жасалды. 2025 жылғы мамырмен салыстырғанда (33 986) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2,1% азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (6 628 - 19,9%) және Астана (6 072 - 18,2%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 392 - 7,2%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз - 282 мәміле (0,8%).
2025 жылдың мамырымен салыстырғанда маусымда мәмілілір санының ең көп өсімі Атырау (+23,2%), Қостанай (+7,1%) облыстарында және Шымкент (+6%) қаласында тіркелді. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Павлодар (-12,1%), Қызылорда (-12%) және Батыс Қазақстан (-10%) облыстарында орын алды.
2025 жылдың мамырымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 3,1% (812 мәмілеге) азайды. 2025 жылдың маусым айында пәтерлер бойынша барлығы 25 429 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 76,4%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24%), Астана (23,4%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,7%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1-бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың маусым айында олар бойынша 9 917 мәміле ресімделген.
2025 жылдың мамыр айымен салыстырғанда маусымда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 1,3% (99 мәмілеге) өсті. Маусымда барлығы 7 844 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Павлодар (+20,1%), Жетісу (+19,4%) және Ақтөбе (+13,2%) облыстарында байқалды.
2025 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 1% көбейген, ол кезде 32 943 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Астана (26,2%) қаласында байқалады, ең үлкен төмендеу - Батыс Қазақстан облысында (-43,5%). 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 4,3% өсім байқалады.
Бір жылда (2025 жылғы маусым 2024 жылғы маусымға) жаңа тұрғын үйлерді сату - 9,5%, қайталама нарықта пәтерлерді қайта сату бағалары 6,7% жоғарылады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 9,4% жоғарылады.
Бір айдың ішінде (2025 жылғы маусым 2025 жылғы мамырға) жаңа тұрғын үйді сату - 1,1%, пәтерлерді қайта сату 0,9% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,3% қымбаттады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.07.2025, 10:24 6621
Доңға кен орнында биыл жарты жылда мұнай өндіру көлемі 340 мың тоннаға жетті
ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Түпқараған ауданындағы Доңға кен орнында болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
ҚМГ басшысы "Dunga Operating GmbH" компаниясында өндіріс мәселелеріне арналған жиналыс өткізді. Кен орнын одан әрі игеру іс-шараларын іске асыруға айрықша мән берілді. Жаңа газ компрессорларын жеткізу және салу мәселелері, сондай-ақ ұзындығы 18 шақырым болатын экспортқа бағдарланған мұнай құбыры жобасының қазіргі жай-күйі қаралды.
Сонымен қатар А.Хасеновке "Dunga Operating GmbH" жұмысының өндірістік нәтижелері туралы есеп берілді. 2025 жылдың І жартыжылдығында кен орнында мұнай өндіру көлемі 340 мың тоннаға жетіп, жоспармен салыстырғанда 7 мың тоннаға асып түсті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 630 мың тонна мұнай өндірілді, ал биылғы жоспарлы көрсеткіш - 649,3 мың тонна.
Компания операциялық тиімділікті арттыру үшін өндіру деңгейін ұлғайту мен сақтап тұруға бағытталған бастамалар кешенін іске асырып жатыр, соның ішінде қосымша геологиялық-техникалық іс-шаралар бар.
Жиын қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы 2025 жылға арналған өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді орындау, кен орнын игеру жобасын жаңарту және жаңа технологиялық қондырғыларды белгіленген мерзім ішінде пайдалануға беру бойынша міндеттер қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.07.2025, 14:06 15721
Теміржол көлігімен экспорттық көмір тиеу тарихи рекордқа жетті
Теміржол көлігімен экспорттық көмір тиеу тарихи рекордқа жетті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы маусымда ҚТЖ желісі бойынша "Шұбаркөл Көмір" АҚ көмірін экспортқа тасымалдаудың жаңа рекорды орнатылды - 841 мың тонна, бұл ағымдағы жылдың орташа айлық көрсеткішінен 26% артық. Рекордтық көлемдер теміржолшылар мен тасымалдау процесіне қатысушылардың үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды.
Жалпы, бір айда 1,2 млн тонна көмір тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1% -ға артық. Қазақстан аумағы бойынша 326 мың тонна көмір тасымалданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.07.2025, 10:21 16106
Инфляцияны тұрақтандыру: үкімет коммуналдық қызмет тарифтерінің өсу қарқынын реттеуде
Өткен сенбіде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жиында бірінші жартыжылдықтағы инфляция қорытындысы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Онда айтылғандай, ерте піскен өнімді жаппай жинау басталысымен, алдын ала күтілгендей, әлеуметтік маңызы бар көкөністер бағасының өсуі тоқтап қана қоймай, төмендей бастаған.
Егер сәуірде әлеуметтік өнімдердің орташа баға индексі 1,6%-ды құраса, мамырда өсу қарқыны 1%-ға, ал маусымда - 0,7%-ға төмендеді. Соңғы аптада өсім небары 0,1% болды. Сонымен қатар, үш апта қатарынан картоп бағасының 1,3%-ға төмендеуі байқалды. Өткен аптадан сәбіз бағасы 0,9%-ға арзандай бастады. Күріш, қарақұмық, жұмыртқа, ұн мен макорон өнімдерінің бағасы түсіп жатыр. Нан мен сүт бағасы тұрақты болып тұр", - деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Қазақстанда отандық азық-түлік өндірісі артып келеді. 2025 жылдың 5 айында оның көлемі 10,5%-ға өсіп, 1,5 трлн теңгені құрады. Әлеуметтік азық-түлік тауарларының ішінде ең көп өсімді қызылша қанты (4,6 мың тоннадан 64 мың тоннаға дейін), өсімдік майы (316,3 мың тоннадан 376,8 мың тоннаға дейін), сары май (13 мың тоннадан 15 мың тоннаға дейін), ұн (1,3 млн тоннадан 1,4 млн тоннаға дейін), ашытылған сүт өнімдері (102 мың тоннадан 106 мың тоннаға дейін), өңделген сүт (264 мың тоннадан 274,6 мың тоннаға дейін) және тағы басқалары көрсетті.
Қазақстан ЕАЭО елдері арасында әлеуметтік азық-түліктерге ең қолжетімді бағаға ие
Жиында Қазақстан ЕАЭО елдері арасында азық-түліктің қолжетімділігі бойынша жетекші орынды сақтап отырғаны атап өтілді. ЕАЭО елдеріндегі әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының нарықтық бағасын салыстырмалы талдау олардың Қазақстанда анағұрлым қолжетімді екенін көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстанда тауық жұмыртқасы, ұн, нан, күнбағыс майы, тұз, күріш, картоп, қырыққабат, пияз, сәбіз ең төмен баға тіркелген.
Төрт позиция бойынша: қарақұмық, қант, сиыр еті және сүт бойынша Қазақстандағы бағалар Беларусьтегі бағаға жақын. Сары май бойынша еліміз Беларусь пен Қырғызстаннан кейін үшінші орында, ал құс еті бойынша Беларусь пен Ресейден кейін.
Ақылы қызметтер бірінші жартыжылдықта инфляция өсімінің негізгі факторы болды (16,1%). Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Олардың өсуін ішінара кейінге қалдырды. Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.07.2025, 09:32 49726
Қытайлық инвестор құны 600 млн АҚШ доллары тұратын қайта өңдеу зауыттарын салуды жоспарлап отыр
KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов Қытайдың Hunan Junxin Environmental Protection компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанда қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша үш зауыт салуды көздейтін кешенді жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Жалпы инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Hunan Junxin Environmental Protection компаниясы Бішкекте осындай жобаны жүзеге асыруда және Қытайдағы жетекші жеке экологиялық компаниялардың бірі болып табылады. Компания WtE (waste-to-energy) кешендерін салу мен пайдалануға маманданған, 400-ден астам патентке ие және Орталық Азия нарығында белсенді жұмыс істейді.
Кездесу барысында Азамат Қожанов ұлттық компания қызметі, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, қытайлық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Қазақстан үшін экологиялық әсері, технологиялардың жергіліктендірілуі және орнықты энергия генерациясы бар ауқымды шешімдер маңызды екенін атап өтті.
Біз халықаралық үздік стандарттарға сәйкес экологиялық жобаларды бірлесіп іске асыруға жоғары әлеует бар деп санаймыз. Junxin-нің Қытай мен Қырғызстанда табысты жүзеге асырылған жобаларды қоса алғанда мол тәжірибесі бар және ол біздің қалаларымызда "жасыл" инфрақұрылымды дамытуға үлес қоса алады", - деді ол.
Өз кезегінде Дай Даого жоба тек өңдеу қуаттарын ғана емес, тұтас технологиялық экожүйені құруды көздейтінін атап өтті. Оның айтуынша, тұрмыстық қалдықтарды жағу арқылы алынатын энергиямен жұмыс істейтін жасыл деректер орталықтарын салу, кадрлар даярлау орталықтарын құру және қалдықтарды басқарудың интеллектуалды жүйелерін енгізу жоспарланған.
Біздің мақсатымыз - тек зауыт салу емес, ТҚҚ-мен жұмыс істеуге инновациялық тәсіл енгізу. Біз Қазақстанға өңдеуді, энергия өндіруді және цифрландыруды біріктіретін технологияларды әкелгіміз келеді. Бұл өңірдің орнықты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігіне елеулі үлес болады деп сенемін", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 18:08 54071
Сарапшылар Қазақстандағы инфляция бойынша болжамды қайта қарады - Ұлттық Банктің макросауалнамаcы
сарапшылар экономиканың өсіміне қатысты болжамды жақсартты және базалық мөлшерлеме деңгейі сақталады деп күтеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.
Brent маркалы мұнай бағасы, Қазақстан экономикасының өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы - сауалнаманың негізгі параметрі болды.
Мұнай бағасы бойынша сценарий шарттары 2025 жылға аздап төмендегенімен, 2026 және 2027 жылдарға - өсті. Аналитиктер барлық болжамды кезеңде мұнай бағасы баррель үшін 68,5-69 АҚШ доллары деңгейінде болады деп күтеді.
Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамдар барлық болжамды кезеңде біршама жақсарды. Осылайша, 2025 жылға арналған ЖІӨ өсімі бойынша болжам 5%-дан 5,1%-ға, 2026 жылға - 4,5%-дан 4,6%-ға, ал 2027 жылға - 4,3%-дан 4,5%-ға дейін жоғарылады.
Инфляция бойынша аналитиктердің болжамы болжамдық кезеңде әртүрлі бағытта өзгерді: 2025 жылға - медиана 10,7%-дан 11%-ға дейін өсті, 2026 жылға - 9,4%-дан 9%-ға дейін төмендеді, 2027 жылға - 6,8%-дан 7%-ға дейін өсті.
Респонденттер базалық мөлшерлеме 2025 жылдың соңына дейін қазіргі деңгейде сақталады деп күтеді - медиана 16,3%-дан 16,5%-ға дейін өсті. 2026 жылға болжамдар 14,5%-дан 14%-ға дейін, 2027 жылға - 12%-дан 11,8%-ға дейін төмендеді.
Сауалнамаға Қазақстанда макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, болжаумен айналысатын 16 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кіреді. Макроэкономикалық сауалнамаға қатысушылар құрамы Alatau City Bank Analytics сарапшыларымен толықты.
Атап өтетін жайт, макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамдары көрсетілмейді. Ол - қазақстандық және әлемдік нарықтағы жағдайдың дамуына қатысты кәсіби нарық қатысушыларының тәуелсіз пікірі, бағалаулары мен күтулерінің жиынтығы ғана.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.07.2025, 09:292025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 323 мыңнан астам қызмет алды 10.07.2025, 09:24 3446"LiveGood" қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша тергеуді аяқталды
03.07.2025, 13:43 135566"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды04.07.2025, 19:14 134576Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 134391Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 18:14 128581Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 126431Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді
03.07.2025, 13:43 135566"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды04.07.2025, 19:14 134576Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 134391Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 18:14 128581Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды13.06.2025, 15:35 1281462025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды