15.12.2022, 18:28 22701

Қараша айында баға орташа тарихи нормадан жоғары көтерілді - Ұлттық банк

Қараша айында баға орташа тарихи нормадан жоғары көтерілді - Ұлттық банк
Қарашада елдегі айлық инфляция 1,4% құрады, бұл соңғы 5 жылдағы қараша айындағы инфляцияның орташа мәнінен едәуір жоғары
 
Астана. 15 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылдың қараша айында елдегі жылдық инфляция үдеп, 19,6% (қазанда - 18,8%) болды. Аймақтар арасында жылдық инфляция 19 өңірде қарқын алды. Ал 1 өңірде (Абай облысы) 19,5% деңгейінде өзгеріссіз қалды, деп хабарлады ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осипов.
 
Жылдық инфляцияның мейілінше жоғары мәні Маңғыстау облысында (23,8%), Астана қаласында (22,6%) және Ақмола облысында (21,0%) тіркелді.
 
Азық-түлік бағасының өсу қарқыны қарашада ж/ж 24,1%-ға дейін (қазанда - 23,1%) жеделдеді. Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті (31,4%).
 
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 18,6%-ға дейін жеделдеді (қазанда - 17,9%). Ең жоғары мән Астана қаласында (28,8%), ең төменгі мән Алматы облысында (15,8%) тіркелді.
 

Ақылы қызмет көрсету бағасы қарашада ж/ж 14,1%-ға өсті, бұл ретте баға Маңғыстау облысында (18,0%) жалпы республикалық деңгейден едәуір жоғары, Ақтөбе облысында (10,8%) едәуір төмен болды. 2022 жылғы қарашада елдегі айлық инфляция 1,4% құрады, бұл соңғы 5 жылдағы (2017-2021 жылдары: 0,8%) қараша айындағы инфляцияның орташа мәнінен едәуір жоғары. Барлық өңірде баға 2022 жылғы қарашада орташа тарихи нормадан жоғары болды. Айлық инфляцияның ең көп мәні Ақмола облысында байқалды (2,0%)", - делінген Осиповтың түсініктемесінде.

 
Бұған дейін Ұлттық банк Қазақстандағы инфляциялық үдерістер жеделдеп келе жатқанын хабарлаған болатын. 5 желтоқсанда елдің бас қаржы реттеушісі базалық мөлшерлемені жылдық 16,75%-ға дейін көтерді.
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі инфляция соңғы 14 жылда тарихи ең жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны