29.06.2023, 10:46 32311

Астана-Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады

Тасымалдау сейсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады
Астана-Уфа бағыты бойынша тұрақты рейстер қайта ашылады
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.

Осылайша, "Red Wings" әуе компаниясы 2023 жылғы 25 шілдеден бастап Астана - Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайды.

Тасымалдау "Sukhoi Superjet-95" типті әуе кемелерінде сейсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалатын болады.

Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны