15.06.2023, 17:36 22941

Атом электр станциясын салу бойынша референдум өтпейді

АЭС құрылысы бойынша елімізге кореялық компания келіп кеткен, жуырда олармен үлкен келіссөз өткен
Атом электр станциясын салу бойынша референдум өтпейді
Сурет: pixabay.com
Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өтпейді. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Референдум болмайды, бұл мәселе референдумға шығарылмайды. Алаңның орналасатын жері бойынша сұрақ тұр. Бұл бірінші мәселе. Екінші, ең басты мәселе – технология және қаржы-экономикалық модель. Қоғамдық тыңдаулар өтеді", - деді Нұрмағанбетов сенат кулуарында.


Айтуынша, АЭС құрылысы бойынша елімізге кореялық компания келіп кеткен, жуырда олармен үлкен келіссөз өтті. Министрлік Қытайдан да ұсыныстар күтіп отыр.
Вице-министр атом станциясының нақты қай жерде салынатыны әзірге анықталмағанын атап өтті.

Бұған дейін энергетика министрлігі АЭС болжам бойынша Балқаш көлінің жағасында салынуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Қазақстанда атом электр станциясын салуға бірнеше шетелдік компания қызығушылық танытып отыр. Олардың арасында кореялық KHNP, Қытайдың CNNC, ресейлік "Росатом" және франциялық EDF компаниялары бар.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны