16.06.2023, 18:23 28876

Аймақтар бойынша инфляция мамыр айында 19 өңірде бәсеңдеді - Ұлттық банк

Елде жылдық инфляция баяулап, 15,9% болды
Қазақстан Ұлттық Банкі өңірлер бойынша мамыр айындағы инфляциялық үрдістер туралы деректі жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Елде жылдық инфляция баяулап, 15,9% болды (сәуірде - 16,8%). Аймақтар бойынша инфляция барлық 19 өңірде бәсеңдеді. Ал, Ақмола облысында бұрынғы 17,6% деңгейіндегі мәнін сақтай отырып, өзгерген жоқ.

Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 16,5%-ға дейін (сәуірде - 17,9%) баяулады. Осы топтағы тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында (20,7%) барынша жоғары, ал Алматы қаласында (14,3%) мейлінше төмен өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 17,2%-ға дейін баяулады (сәуірде - 18,2%). Ең жоғары мән Астана қаласында (23,6%), ең төмен мән Алматы облысында (14,1%) тіркелді.

Ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,5%-ға дейін баяулады (сәуірде - 13,7%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Ақмола облысында (18,1%) біршама жоғары, Астана қаласында (10,2%) айтарлықтай төмен өсті.

Елдегі айлық инфляция 0,6%-ға өсті. Бұл - тарихи орташа мәннен (2017-2021 жылдары мамырда - 0,5%) жоғары.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны