22.12.2022, 14:24 33646

Қазақстан 362 шетелдік компаниямен релокация туралы келіссөздер жүргізуде

Қазақстан 362 шетелдік компаниямен релокация туралы келіссөздер жүргізуде
Сурет: Depositphotos
Бүгінгі таңда 62 компания елімізге келу туралы ұсынысқа келісті

Астана. 22 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан 362 шетелдік компаниямен релокация туралы келіссөздер жүргізуде, деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.

Ашық дерекөздерде 362 компания ресейлік нарықтағы қызметін тоқтататыны немесе қысқартатыны туралы хабарлады. 2022 жылдың наурыз айынан бастап қазақстандық дипломаттар осы брендтердің басшылығымен келіссөздер жүргізді", - деді ол.


Министр орынбасарының айтуынша, 62 компания елімізге келу туралы ұсынысқа келісті. Олардың ішінен 21 жоба релокацияланды.

Біз келетін компанияларға арнайы шарттар қоймаймыз. Олар жалпы құқықтық салада жұмыс істейтін болады", - деп атап өтті спикер.


Бұған дейін он тоғыз шетелдік компанияның Қазақстанға көшкені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны