11.03.2022, 18:26 35776

Қазақстан банктері валюталық қолма-қол ақша жағдайына байланысты үндеу жасады

Қазақстан банктері валюталық қолма-қол ақша жағдайына байланысты үндеу жасады
НҰР-СҰЛТАН. 11 НАУРЫЗ - Қазақстандық банктер долларлық қолма-қол ақша жағдайына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын сатып алуға жоғары сұраныс байқалады. Сонымен қатар, шиеленіскен халықаралық саяси жағдайға байланысты Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиынға соқты. Сондықтан валюта Айырбастау пункттері мерзімді түрде қолма-қол ақша беруді шектейді. Бұл қолма-қол валютаға қатысты екенін тағы да атап өткіміз келеді. Қолма-қол ақшасыз валюта сіздің шоттарыңызда сақталады, оны сіз онлайн-банкинг арқылы көріп тексере аласыз", - деп хабарлады "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" ЗТБ баспасөз қызметі.

 
Үндеуде атап өткендей, бұл қолма-қол валютаны жеткізумен байланысты, қазір қолма-қол валютамен болып жатқан уақытша қиындықтар. 
 

Біз қысқа мерзімде Қазақстанға қолма-қол валютаны тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банкпен бірге жұмыс істейміз", - деп толықтырды қауымдастықта.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны