28.10.2022, 13:21 17496

Қазақстан Беларусь нарығына экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы кезекті отырысы қарсаңында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен кездесті.
Қазақстан Беларусь нарығына экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр
Сурет: Primeminister.kz
Астана. 28 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы кезекті отырысы қарсаңында Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен кездесті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығындағы өзара іс-қимыл және Беларусьте Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу мәселелерін талқылады.
 
Әлихан Смайылов өзара сауданы ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Қазақстан Беларусь нарығына шығарылатын экспортты кеңейтуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Осыған байланысты Үкімет жақын арада Беларусь басшылығының қарауына жіберілетін әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесін жаңартты. Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 20%-ға өсті.
 

Қазіргі таңда біз әртүрлі салаларда шикізаттық емес тауарлардың 105 түрін жеткізу мәселесін бірлесіп пысықтауға дайынбыз", - деді Әлихан Смайылов.

 
Оның айтуынша, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі – өнеркәсіп кооперациясы. Бүгінгі таңда 1,5 мың жұмыс орнын құра отырып, бірлескен 7 жоба іске қосылды, тағы 2 жоба іске асыру сатысында. Премьер-Министрдің пікірінше, бұл жұмыстың тиімділігін төмендетпеу қажет.
 
Өз кезегінде Роман Головченко ауыл шаруашылығында, атап айтқанда, Қазақстанда Беларусь технологиялары бойынша тауарлы сүт кешендерінде бірлескен жобаларды іске қосудың перспективаларын атап өтті.
 
Жалпы, Беларусь Премьер-Министрі екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды мақсатты түрде нығайтуға дайын екенін айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны