15.06.2022, 17:26 28541

Қазақстан бидай мен ұн экспортына квотаны 30 қыркүйекке дейін ұзартады

Қазақстан бидай мен ұн экспортына квотаны 30 қыркүйекке дейін ұзартады
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 15 МАУСЫМ - Қазақстанда бидай мен меслинді, сондай-ақ бидай мен қара бидай ұнын әкетуге арналған квоталар 30 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссия республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне 550 мың тонна көлемінде бидай мен меслин, сондай-ақ үшінші елдерге 370 мың тонна көлемінде бидай мен бидай-қара бидай ұнының экспортына шектеу енгізу туралы шешім қабылдады.
 

Министрлік ауыл шаруашылығы өнімдерін квоталау механизмін бекіту бойынша шаралар қабылдап жатыр. 15 маусымға дейін Қазақстаннан 1 миллион тонна бидай мен 300 мың тонна мөлшерінде ұнды сыртқа шығаруға квота енгізілген болатын. Қазақстанның Астық одағының соңғы мәліметіне сәйкес, бидайға арналған квотаны игеру 50 пайызды, ұн бойынша 87 пайызды құрап отыр", - деп атап өтті ведомствода.

 
Естеріңізге сала кетейік, астық пен ұн экспортына шектеу осы жылдың сәуір айында енгізілді.
 
Бұған дейін ұн өндірушілер астықтың жетіспеушілігіне және оның құнының өсуіне байланысты жұмысын тоқтататынын хабарлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны