26.10.2022, 13:31 14816
Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін ХҚДБ-дан 345 миллион еуродан астам қарыз алады
Астана. 26 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды.
Биылғы шілдедегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, 345,7 млн еуро сомасына қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылған болатын. Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басымды мақсаттарға арналған қаржыны қоса алғанда жалпы бюджет шығыстарын қолдауға мүмкіндік береді", – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, Дүниежүзілік банктің қарызы Қазақстанған 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен және 11,5 жыл өтеу мерзіміне беріліп отыр. Сыйақы мөлшерлемесі Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады.
Айта кетейік, қарыз қаражаты қарыз туралы Келісім күшіне енгеннен кейін бірыңғай транш түрінде бөлінетін болады.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.06.2025, 17:57 5551
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу зауыты салынады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтаомен кездесу өткізді. Онда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бірлескен инвестициялық жобаларды, оның ішінде құрғақ (кептірілген) көкөністер өндіретін зауыт салу бойынша жобаларды іске асыруға көңіл бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Qingdao Wanlin Food компаниясының Түркістан облысында индустриалды парк салу жөніндегі жоспарлары қаралды. Жоба жалпы ауданы 70 гектар ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу нысандарды кезең-кезеңімен іске қосудың және өнеркәсіп инфрақұрылымын дамыту жөніндегі үш кезеңін қамтиды. Бұл құрғақ көкөністер, мал азықтық дақылдар өндіретін зауыттарды іске қосу, сондай-ақ қытай бизнесі тарапынан кемінде 15 серіктес тарта отырып, өнеркәсіптік парк салу.
Өндірістік қуаты жылына 50 мың тонна құрғақ көкөніс өндіретін зауытын салу жұмыстары басталды. Инвестор инвестиция сомасын $30 млн-нан $90 млн-ға дейін арттырды, 300 жұмыс орнын ашу күтілуде. Компания бірінші кезеңде "Түркістан" ӘКК өнеркәсіп паркіндегі дайын өндіріс нысандарын жалға алды. Жақын арада жабдықты монтаждау жоспарлануда, бірінші кезеңді пайдалануға беру осы жылдың шілдесінде күтіліп отыр. Жобаны дамыту стратегиясы еліміздің Жетісу және солтүстік өңірлерінде сәбіз және сарымсақ өңдеу бойынша қосымша зауыттар сала отырып, өндірісті кеңейтуді қамтиды. Өндіруші дайын өнімді Қазақстанда сатуға, сондай-ақ АҚШ пен ЕО нарығына экспорттауға ниетті.
Қазақстанда экономиканың негізгі салаларының бірі ретінде ауыл шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз шаруаларды қолдау шараларын едәуір арттырдық. Өткен жылы елімізде 4,5 мың тоннаға жуық көкөністен жоғары өнім алынды. Ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру аясында биыл бақша дақылдарының егіс алқабы кеңейтіліп, 222 мың гектарға дейін жеткізілді.
Біз Wanlin Group-пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша, оның ішінде еліміздің аграрлық өңірлерінде жаңа өндірістерді орналастыруды қамтитын ұзақмерзімді стратегиялық әріптестікке мүдделіміз. Қазақстан бірлескен Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталықтарын құру, агротехнопарктерге инвестиция салу, экспортқа бағдарланған логистикалық хабтарды дамыту арқылы кооперацияны кеңейтуге ашық", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Салалық министрліктер мен Түркістан облысының әкімдігіне екі апта мерзімде Инвестициялар туралы келісім жобасын дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Өз кезегінде Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Ли Яньтао Қазақстан ауыл шаруашылығының айтарлықтай әлеуетіне тоқталып, АӨК өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар келешегі зор барлық бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.
Анықтама: Qingdao Wanlin Food Co., Ltd. - Қытайдың ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы жетекші компанияларының бірі. Азық-түлік қызметі құрғақ көкөністерді (сарымсақ, ақ пияз және т.б.) зерттеуге, әзірлеуге, өндіруге және экспорттауға бағытталған. Қызметкерлер саны 1 мың адамнан асады, негізгі құралдардың көлемі $90 млн-нан асады. өнімдер Америка Құрама Штаттары мен Еуропа елдеріне экспортталады. Жылдық сату көлемі -10 мың тоннадан астам құрғақ көкөніс. Компания Nestle, Unilever, Kerry және басқа да ірі серіктестермен ынтымақтастық орнатқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2025, 16:35 5976
Қазақстандағы инфляция: бағаның өсуі 16 өңірде жеделдеді
Мамыр айында елде жылдық инфляция жеделдеп, 11,3% болды (сәуірде - 10,7%). Жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеді, 3 өңірде баяулап, 1 өңірде бұрынғы деңгейде сақталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Жылдық инфляцияның 13,0%-дық ең жоғары мәні Алматы қаласында тіркелді.
Мамырда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 9,6%-ға дейін жеделдеді (сәуірде - 8,5%). Осы топқа жататын тауарлар бағасы Ақмола облысында (11,4%) ең жоғары, ал Алматы қаласында (8,0%) төмен өсім көрсетті.
Мамырда азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі жылдық мәнде 9,0%-ға жетті (сәуірде - 8,9%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (14,2%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,4%) тіркелді.
Мамырда ақылы қызметтердің бағасы жылдық мәнде 16,0%-ға дейін өсті (сәуірде - 15,7%). Сонымен қатар Алматы қаласында (22,5%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Алматы облысында (11,3%) айтарлықтай төмен өсім тіркелді.
Мамырда айлық инфляция елде 0,9%-ға өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2025, 16:32 6196
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда рекордтық $44 млрд-қа дейін өскен
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 17 маусымда "Орталық Азия - ҚХР" іскерлік кеңесінің екінші отырысының ашылуында сөз сөйледі, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Вице-премьері Кеңестің Орталық Азия елдері мен Қытай арасында орнықты экономикалық байланыс орнатуда маңызды алаңға айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, аймақтағы мемлекеттердің әлеуетін ҚХР экономикалық, технологиялық мүмкіндігімен біріктіру ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған деңгейіне жол ашып отыр.
Сауда-экономикалық байланысты дамыту басты назарда. 2024 жылы Орталық Азия мен Қытай арасындағы тауар айналымы 95 млрд долларға жетсе, оның жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда рекордтық $44 млрд-қа дейін өскен. Осы ретте алдағы жылдары өзара сауда көлемін екі есеге арттыру ниетіндеміз", - деді Серік Жұманғарин.
Ынтымақтастықтың негізгі бағытының бірі - электрондық коммерцияны белсенді дамыту. Қазақстанда Alibaba және JD.com. сияқты электрондық сауда алаңдарында ұлттық павильондар құрудың тиімді тәжірибесі бар. Сондай-ақ Қазақстан ҚХР Төрағасының "Жібек жолының электрондық коммерциясы" пилоттық аймағын құру жөніндегі бастамасын іске асыруда ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.
Орталық Азия - әлемде егіншілікті дамытудағы негізгі аймақ. Орталық Азия мен Қытай арасындағы ауылшаруашылығы саудасының ауқымы жылма-жыл артып келеді. Вице-премьер ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар құруға, өндірістің тиімділігін арттыру үшін аграрлық секторға инновациялық, су үнемдеу технологиясын енгізуге мүдделі Қытай инвесторлары үшін көптеген мүмкіндікті атап өтті.
Қытай үшін орасан зор мүмкіндікті ғасырлар бойы Шығыс, Батыс, Солтүстік пен Оңтүстікті байланыстыратын маңызды сауда жолының қиылысындағы Орталық Азияның транзиттік және логистикалық әлеуеті беріп отыр.
Бүгінде Қытайдан Еуропаға жерүсті жүк тасымалының 80%-дан астамы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. 2024 жылы Орта дәліз бойынша тасымалдау көлемі 60%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті. 2030 жылға қарай көрсеткішті 10 млн тоннаға дейін екі есе арттыру жоспарлануда. Бұл өңірлік сауда мен транзитке жаңа көкжиек ашады.
Орталық Азия - негізгі сауда жолының қиылысы. Біз қытайлық әріптестерді жаңа инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырамыз", - деді вице-премьер.
Серік Жұманғарин Іскерлік кеңестің отырысын жыл сайын өткізу дәстүрін ұсынып, қос тараптың бизнес-қауымдастығын алдағы мүмкіндіктерді белсенді пайдалануға шақырды.
Анықтама:
Орталық Азия - Қытай" іскерлік кеңесі 2023 жылғы мамырда Сиань қаласында (ҚХР) өткен "Орталық Азия - Қытай" бірінші саммиті шеңберінде құрылған. Кеңес құру бастамасы Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстан көшбасшылары қол қойған Сиань декларациясында бекітілді. Оның құрылтай отырысы 400-ден астам бизнес өкілін біріктіріп, Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге негіз болуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 10:53 21686
Астанада Power Central Asia + China бірінші өңірлік энергетикалық форумы басталды
Бүгін Астанада Power Central Asia + China алғашқы өңірлік энергетикалық форумы басталды. Халықаралық шара ҚР Энергетика министрлігі мен "Инфрақұрылым және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығының" (АСИИР) ұйымдастыруымен өтуде. "Орталық Азия - Қытай" саммиті аясында ұйымдастырылған басқосуда үкіметтік және іскерлік топ өкілдері энергетика, өнеркәсіп және жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық бастамаларды талқылап, іске қосуды жоспарлауда, деп хабарлайды нің баспасөз қызметінен.
Форумның басты мақсаты - Мемлекет басшылары қол жеткізген екі ел арасындағы саяси ынтымақтастық пен келісімдерді іске асыру. Нәтижесінде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтатын, шикізатты терең өңдеуді жеделдететін және тиімді энергетикалық экономикаға көшуге жағдай жасайтын стратегиялық жобалар жүзеге асып, ірі инвестициялық келісімдер жасалады.
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жиынды ашып, өз сөзінде форумның негізгі басымдықтарын атап өтті:
Энергетикалық ынтымақтастық - Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестіктің өзегі. Бүгінде біз "алтын отыз жылдыққа" қадам баса отырып, мемлекетаралық байланысты дамыту тарихында жаңа деңгейге көтеріліп жатырмыз. Негізгі бастамалар қатарында - Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауыт салу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында ауқымды жобаларды іске асыру бар. Бұл - әртараптандырылған, технологиялық экономика құруға бағытталған қадамдар".
Пленарлық сессия барысында Қазақстан мен Қытай өкілдері стратегиялық келісімдер арқылы жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды:
Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту: ҚР Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" АҚ мен CNPC зауыт қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін арттыруға бағытталған негіздемелік келісімге қол қояды. Нәтижесінде еліміздің шикізат өңдеу, мұнай өнімдерін экспорттау әлеуеті артады.
Газ саласы: Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауытты іске қосу. Негіздемелік келісім "QazaqGaz" ҰК, Ақтөбе облысы әкімдігі мен қытайлық серіктестер арасында жасалады. Сонымен қатар, China Construction Bank Corporation инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін 1 млрд доллар көлемінде несиелік желі ұсынатын болады.
"Жасыл" энергетика: Форум жаңа бастамаларға жол ашады. Мәселен, энергия жинақтау құрылғысымен жабдықталған "Сауран" күн электр станциясының құрылысы, China Southern Power Grid компаниясымен гидроаккумуляциялық станциялар салу және China Energy International компаниясымен сутегі энергетикасы саласында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған.
Қытайлық PowerChina, Huawei және Longi корпорациялары Қазақстан аумағында озық технологияларды енгізіп қана қоймай, оларды жергіліктендіруге де дайын екендіктерін жеткізді. Форум аясында зерттеу және даму (R&D) орталықтарын құру, цифрлық шешімдерді енгізу және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту жөнінде бірқатар келісімдер жасалады.
Форумдағы шешуші сәт - энергетика саласының жетекші өкілдері мен инвесторлардың келісімдер топтамасына ресми қол қою рәсімі. Негізгі құжаттардың қатарында Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту, газ-химия өндірісін құру және жаңартылатын энергия көздері технологияларын енгізу жөніндегі келісімдер бар.
Power Central Asia + China форумы Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын көрсетті. Қол қойылған келісімдер мен ауқымды жобалар өңірлік энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты экономиканың негізі болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 10:51 21881
QazaqGaz және CNPC "Северный-1" учаскесінде геологиялық барлауды бастамақ
"Северный-1" учаскесі Қазақстанда барлау үшін перспективалы газ қорларының бірі ретінде қарастырылады
Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) делегациясының Қазақстанға сапары аясында CNPC төрағасы Дай Хоулян бастаған "QazaqGaz "ҰК" АҚ мен "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ арасында Ақтөбе облысындағы "Северный-1" учаскесінде жер қойнауын пайдалану жобасы бойынша ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды QazaqGaz баспасөз қызметінен.
Құжатқа "QazaqGaz "ҰК" АҚ геологиялық барлау және перспективалық жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Бүркітов пен СNPC-Ақтөбемұнайгаз бас директоры Ли Шуфэн қол қойды. Қол қою рәсімі "QazaqGaz "ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен CNPC төрағасы Дай Хоулянның қатысуымен өтті.
Келісім серіктес тарапынан 100% carry-қаржыландыру шарттарында "Северный-1" учаскесінде бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін негіз болады.
Северный-1" учаскесі Қазақстанда барлау үшін перспективалы газ қорларының бірі ретінде қарастырылады. Carry-Қытай тарапы жобаның бастапқы кезеңдерінде барлық шығыстарды өзіне алатын, қазақстандық компания үшін тәуекелдерді төмендететін қаржыландыру тетігі.
CNPC қазірдің өзінде кен орындарын игеру, өңдеу және экспортты қоса алғанда, Қазақстанның мұнай-газ секторында кең ауқымды қатысуға ие. QazaqGaz-пен жаңа келісімге қол қою екіжақты энергетикалық әріптестікті кеңейтуге ықпал етеді.
CNPC (China National Petroleum Corporation) - Қытайдың ірі мемлекеттік мұнай-газ корпорациясы, Қытайдағы мұнай мен газдың ең ірі өндірушісі және жеткізушісі және әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық топтардың бірі. CNPC 30-дан астам елде активтерге ие.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2025, 10:31 22151
ҚР Үкіметі жыл қорытындысы бойынша 6% ЖІӨ өсіміне қол жеткізуді жоспарлап отыр
Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кеңесте биылғы 5 айдағы еліміздің ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға қомақты үлес қосып отырған салалардың даму серпінін арттыру мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өнеркәсіп экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып қала береді: 2024 жылғы қорытынды бойынша оның ЖІӨ-дегі үлесі 25,7%-ды құрады. 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында сала 6,4%-ға өскен.
Кеңесте басқа сегменттердегі - машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі өсу әлеуеті де қарастырылды.
Белсенді өсу қарқыны бар тағы бір сала - құрылыс. Оның 5 айдағы өсімі 15,4%-ды, жұмыс көлемі 2 трлн теңгені құрады.
Тұрғын үй құрылысы саласында биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті тұр. Соңғы 5 айда 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,7%-ға жоғары.
Біздің мақсатымыз - биыл ЖІӨ 6%-дық өсіміне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордағы барлық сала белгіленген индикаторға сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жойып, компаниялар өз өнімін шығаруды ұлғайтуы үшін әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлар әзірлеу қажет", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 20:25 56156
Қазақстан Иранға бидай экспортын жылына 2 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Астана қаласына келген Иран делегациясымен, атап айтқанда Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезелдже мырзамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында дәнді-дақылдар экспорты мәселесіне ерекше назар аударылды. 2024 жылғы қыркүйектен бері Қазақстан Иранға жаңа өнімнен 960 мың тонна астық экспорттаған, бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 17 есе көп. Жоспар бойынша, бидай экспортының көлемі жылына 2 млн тоннаға, ал арпа экспорты 1 млн тоннаға дейін жеткізілмек.
Біз Иранға дәнді және майлы дақылдарды экспорттауда жоғары әлеует бар екенін көріп отырмыз. Қазақстан жыл сайын 500 мың тоннаға дейін күнбағыс майы мен күнжара жеткізе алады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы инвестициялық серіктестікті дамыту - келешегі зор бағыт", - деді Айдарбек Сапаров.
Тараптар өзара сауданы арттыру мәселелерін де қарастырды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы аграрлық саладағы тауар айналымы 220,1 млн АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 33,2%-ға артты. 2025 жылдың алғашқы төрт айында бұл көрсеткіш 139%-ға өсіп, 151,1 млн АҚШ долларына жетті. Оның ішінде Қазақстаннан экспорт көлемі үш есе өсіп, 116,7 млн долларды құрады. Негізгі жеткізілетін өнімдер қатарында арпа, майлы дақылдар, ет, өсімдік майы, жүгері және бұршақ дақылдары бар.
Иранның Ауыл шаруашылығы жихады министрі ынтымақтастықты, соның ішінде технологиялық бағыттағы әріптестікті кеңейтуге дайын екенін білдірді.
Иран астық, әсіресе бидай мен арпа сатып алуды ұлғайтуға мүдделі. Біз қазақстандық жеткізушілермен ұзақмерзімді келісімшарттар жасауға дайынбыз, сондай-ақ инженерлік суару жүйелері, ветеринария және асыл тұқымды мал генетикасы салаларындағы тәжірибе мен технологиялармен бөлісуге әзірміз. Иран компаниялары Қазақстанда табысты жұмыс істеп жатыр, біз инвестициялық қатысуды кеңейтуге зор әлеует барын көріп отырмыз", - деп атап өтті Голамреза Нури Гезелдже.
Айдарбек Сапаров екіжақты Ауыл шаруашылығы жөніндегі Жұмыс тобы аясындағы ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады. Аталған топтың алғашқы отырысы биылғы ақпанда Тегеранда өткен болатын.
Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Иран арасындағы серіктестікті дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Ауыл шаруашылығы кешені - екі ел арасындағы өзара сауданы 3 млрд долларға дейін арттыру мақсатына қол жеткізудегі негізгі тіректердің бірі болмақ", - деп түйіндеді министр.
Келіссөздердің маңызды нәтижесі ретінде екі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстанның Астық одағы мен Иранның Азық-түлік өнеркәсібі қауымдастығы дәнді дақылдар, мал азығы мен қоспалар саудасын дамыту, сондай-ақ ирандық порттық инфрақұрылымды өнім логистикасында пайдалану жөнінде уағдаласты.
Сонымен қатар, "Теміртау Трейд" ЖШС мен Иранның Азық-түлік өнеркәсібі қауымдастығы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу саласында меморандумға қол қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2025, 10:20 56661
2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап сауда, көлік және байланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал етті.
Өнеркәсіп өндірісі 6,4%-ға артты. Елдің 17 өңірінде өсім байқалды: ең жоғары өсім +22,9% көрсеткішімен кен өндіру, тыңайтқыштар, портландцемент пен қант өндірісінің белсенді дамуының нәтижесінде Жамбыл облысында тіркелді. Түркістан және Жетісу облыстарында өндіріс 14,8%-ға, Алматы қаласында 14,1%-ға өсті. Шымкент қаласында өсім 18,9%-ға жетті.
Ауыл шаруашылығындағы өсім 4,0%-ды құрады (қаңтар-сәуір айларындағы 3,9%-бен салыстырғанда). Ең айқын өсім Атырау облысында (+10,4%), Солтүстік Қазақстан облысында (+7,5%) және Ақмола облысында (+6,5%) тіркелді, бұл негізінен мал мен құс сойымының артуы есебінен болды. Түркістан облысында өсім 6,3%-ды, Абай облысында - 3,6%-ды, ал Қостанай облысында - 4,8%-ды құрады.
Құрылыс саласы қарқынды дамып келеді, 15,4%-ға өсті. Он сегіз өңірде өсім тіркелді, ал Маңғыстау облысында мектептер, тұщытқыш зауыт, мұнай және су құбырларын қайта жаңарту, аудандық аурухана және автожолдарды жөндеу сияқты ауқымды жобалардың арқасында жұмыс көлемі екі есеге артты. Қызылорда облысында өсім 64,5%-ды, Қостанайда - 57,8%-ды, Астанада - 51,8%-ды, Түркістан облысында - 46,6%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысы да қарқын алып келеді: бес айдың ішінде 6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырмен салыстырғанда 5,7%-ға көп. Ең белсенді құрылыс Түркістан облысында (+25,5%), Шымкент қаласында (+23,4%) және Алматы облысында (+20,4%) байқалды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 18,2%-ға артты. Бұл өсім көлік, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға, сондай-ақ жабдықтар мен жаңа өнеркәсіптік нысандарға бағытталған қаржы салымдарының есебінен қамтамасыз етілді.
Сауда айналымы 7,8%-ға артты (қаңтар-сәуір айының қорытындысындағы 7,0%-бен салыстырғанда). Ішкі сауда құрылымында көтерме сауданың үлесі шамамен 68%-ды құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында көтерме сауда 8,3%-ға, бөлшек сауда 6,5%-ға өсті.
Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы (+66,2%), Ақмола облысы (+48,9%) және Шымкент қаласы (+23,1%) алдыңғы қатарда.
Байланыс және телекоммуникация саласы 2,8%-ға өсті. Бұл Интернет желісі қызметтері есебінен (+13,9%).
Көлік саласы 23,1%-дық өсім көрсетті - бұл көбінесе жүк теміржол көлігінің (+17%) және құбыр арқылы тасымалдаудың өсуіне байланысты (+13,8%). Ең жоғары өсім Жетісу облысында (+39,1%), Абай облысында (+17,7%) және Ақтөбе облысында (+11,3%) тіркелді.
Үкімет елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі Президенттің тапсырмаларының орындалуын жеке бақылауда ұстауды жалғастырып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.06.2025, 10:25Министрлік қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді 17.06.2025, 10:29 25191Қазақстан мен Қытай сейсмикалық қауіпсіздік орталығын құрады17.06.2025, 10:35 24811Алматы қаласында SIM KIDS жобасы ресми түрде іске қосылды17.06.2025, 16:42 11096Энергетика министрлігі энергия объектілерін жаңғыртуға 210 млрд теңге инвестициялайды17.06.2025, 16:32 5991Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда рекордтық $44 млрд-қа дейін өскен
13.06.2025, 15:21 124046Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды13.06.2025, 15:35 1238762025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды12.06.2025, 19:43 118486Алматы қаласының прокуратурасымен таулы аймақтағы жерлер қайтарылды13.06.2025, 15:16 115161Тоқаев: медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін көтеру - мемлекеттің басты міндеттерінің бірі13.06.2025, 15:13 110151Қазақстан жолдарында автожолдар сапасы мен көліктердің шамадан тыс жүктелуін бақылау үшін 220 автожүйе орнатылады
21.05.2025, 12:03 155381Алматыда 4 мыңға жуық мопед жүргізушісі жауапқа тартылды23.05.2025, 16:58 146951ҚТЖ балаларды пойызда тасымалдау ережелерін еске салды05.06.2025, 17:14 132401Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты05.06.2025, 17:53 132166Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 131901Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды