24.04.2023, 12:22 62671

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы екі есе артты

Қазақстаннан Ұлыбританияға экспорттың ең үлкен көлемі ақшалай түрде күміс экспортына тиесілі: 102,2 млн АҚШ доллары - бір жыл бұрынғыдан 2,5 есе көп
Астана. 24 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Биыл қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігімен (Ұлыбритания) арадағы тауар айналымы 224,5 млн АҚШ долларына жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,2 есе артық.

Тауар айналымының басым бөлігі - 65,5%-ы экспортқа тиесілі: 147,1 млн АҚШ доллары, жылдық өсім - 2,2 есе. Қазақстан Ұлыбританиядан 77,4 млн АҚШ долларының тауарын импорттады, бұл 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 2,4 есе көп, деп хабарлайды ranking.kz.

Қазақстан Республикасының жалпы тауар айналымының құрылымында Ұлыбритания үлесі 1,1%, экспорт құрылымындағы үлесі - 1,2%, импорт құрылымындағы үлесі - 0,9%.

Қазақстаннан Ұлыбританияға экспорттың ең үлкен көлемі ақшалай түрде күміс экспортына тиесілі: 102,2 млн АҚШ доллары - бір жыл бұрынғыдан 2,5 есе көп.

Негізгі экспорттық тауарлар санаттарына сонымен қатар тазартылған мыс, хром оксидтері мен гидроксидтері, бейорганикалық химикаттар мен асыл және сирек жер металдарының және радиоактивті элементтердің қосылыстары, алкогольді және алкогольсіз сусындар, ферроқорытпалар кірді.

Ұлыбританиядан Қазақстанға импортталатын тауарлардың негізгі санаты автокөліктер мен басқа да моторлы көліктер: бір жыл бұрынғы 601,4 мың АҚШ долларымен салыстырғанда 11,2 млн АҚШ доллары.

Негізгі импортқа сондай-ақ этил спирті, бульдозерлер, дәрі-дәрмектер, сорғылар мен сұйықтықты көтергіштер, крандар мен клапандар кірді.

Биыл жыл басында Қазақстан резиденттерінің Ұлыбритания инвесторалырның алдындағы міндеттемелерінің көлемі бір жыл ішінде айтарлықтай 33,5% азайып, 15,8 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Инвестициялардың ең көп көлемі кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласына түсті: 5,7 млрд АҚШ доллары - бір жыл бұрынғыдан 35,4% аз. Британдық инвесторлар үшін алғашқы үш бағыт мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (4,8 млрд АҚШ доллары), сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметі (1,6 млрд АҚШ доллары) болды", - деп хабарлайды шолушылар.


Ақпарат көзі: ranking.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны