28.03.2022, 18:44 15146
Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 17% артады
Сурет: Depositphotos
Кеңеске қатысушылар 2022 жылға арналған экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау көлемдерімен келісті. Жүктерді тасымалдаудың келісілген көлемін орындау жөніндегі техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар қаралды", - деп хабарлады ҚТЖ ҰК баспасөз қызметі.
ҚР мен ҚХР арасындағы екіжақты кеңес барысында жүк тасымалдау көлемін өткен жылмен салыстырғанда 17,6% арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Отырыстың жұмысына Қазақстан, Вьетнам, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Корея теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияны "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының Маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Ерсін Хасенов басқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.07.2025, 09:32 5826
Қытайлық инвестор құны 600 млн АҚШ доллары тұратын қайта өңдеу зауыттарын салуды жоспарлап отыр
KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азамат Қожанов Қытайдың Hunan Junxin Environmental Protection компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанда қалдықтарды энергияға айналдыру бойынша үш зауыт салуды көздейтін кешенді жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Жалпы инвестиция көлемі 600 миллион АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Hunan Junxin Environmental Protection компаниясы Бішкекте осындай жобаны жүзеге асыруда және Қытайдағы жетекші жеке экологиялық компаниялардың бірі болып табылады. Компания WtE (waste-to-energy) кешендерін салу мен пайдалануға маманданған, 400-ден астам патентке ие және Орталық Азия нарығында белсенді жұмыс істейді.
Кездесу барысында Азамат Қожанов ұлттық компания қызметі, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, қытайлық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Қазақстан үшін экологиялық әсері, технологиялардың жергіліктендірілуі және орнықты энергия генерациясы бар ауқымды шешімдер маңызды екенін атап өтті.
Біз халықаралық үздік стандарттарға сәйкес экологиялық жобаларды бірлесіп іске асыруға жоғары әлеует бар деп санаймыз. Junxin-нің Қытай мен Қырғызстанда табысты жүзеге асырылған жобаларды қоса алғанда мол тәжірибесі бар және ол біздің қалаларымызда "жасыл" инфрақұрылымды дамытуға үлес қоса алады", - деді ол.
Өз кезегінде Дай Даого жоба тек өңдеу қуаттарын ғана емес, тұтас технологиялық экожүйені құруды көздейтінін атап өтті. Оның айтуынша, тұрмыстық қалдықтарды жағу арқылы алынатын энергиямен жұмыс істейтін жасыл деректер орталықтарын салу, кадрлар даярлау орталықтарын құру және қалдықтарды басқарудың интеллектуалды жүйелерін енгізу жоспарланған.
Біздің мақсатымыз - тек зауыт салу емес, ТҚҚ-мен жұмыс істеуге инновациялық тәсіл енгізу. Біз Қазақстанға өңдеуді, энергия өндіруді және цифрландыруды біріктіретін технологияларды әкелгіміз келеді. Бұл өңірдің орнықты дамуы мен экологиялық қауіпсіздігіне елеулі үлес болады деп сенемін", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 18:08 10171
Сарапшылар Қазақстандағы инфляция бойынша болжамды қайта қарады - Ұлттық Банктің макросауалнамаcы
сарапшылар экономиканың өсіміне қатысты болжамды жақсартты және базалық мөлшерлеме деңгейі сақталады деп күтеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Ұлттық Банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады.
Brent маркалы мұнай бағасы, Қазақстан экономикасының өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы - сауалнаманың негізгі параметрі болды.
Мұнай бағасы бойынша сценарий шарттары 2025 жылға аздап төмендегенімен, 2026 және 2027 жылдарға - өсті. Аналитиктер барлық болжамды кезеңде мұнай бағасы баррель үшін 68,5-69 АҚШ доллары деңгейінде болады деп күтеді.
Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамдар барлық болжамды кезеңде біршама жақсарды. Осылайша, 2025 жылға арналған ЖІӨ өсімі бойынша болжам 5%-дан 5,1%-ға, 2026 жылға - 4,5%-дан 4,6%-ға, ал 2027 жылға - 4,3%-дан 4,5%-ға дейін жоғарылады.
Инфляция бойынша аналитиктердің болжамы болжамдық кезеңде әртүрлі бағытта өзгерді: 2025 жылға - медиана 10,7%-дан 11%-ға дейін өсті, 2026 жылға - 9,4%-дан 9%-ға дейін төмендеді, 2027 жылға - 6,8%-дан 7%-ға дейін өсті.
Респонденттер базалық мөлшерлеме 2025 жылдың соңына дейін қазіргі деңгейде сақталады деп күтеді - медиана 16,3%-дан 16,5%-ға дейін өсті. 2026 жылға болжамдар 14,5%-дан 14%-ға дейін, 2027 жылға - 12%-дан 11,8%-ға дейін төмендеді.
Сауалнамаға Қазақстанда макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, болжаумен айналысатын 16 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кіреді. Макроэкономикалық сауалнамаға қатысушылар құрамы Alatau City Bank Analytics сарапшыларымен толықты.
Атап өтетін жайт, макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық Банктің болжамдары көрсетілмейді. Ол - қазақстандық және әлемдік нарықтағы жағдайдың дамуына қатысты кәсіби нарық қатысушыларының тәуелсіз пікірі, бағалаулары мен күтулерінің жиынтығы ғана.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.07.2025, 13:40 13591
Қазақстанда 2,3 трлн теңгеге 40-тан астам ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылуда
Жобалар 20 мың жұмыс орнын құруды көздейді
Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізде орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы әртараптандыру және құрылымдық жаңғырту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жалпы инвестиция көлемі 2,3 триллион теңгеден асатын әрі шамамен 20 мың жұмыс орнын құруды көздейтін 45 ірі өнеркәсіптік жоба іске асырылып жатыр.
Премьер-министр Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында көлік саласын дамытуға қатысты Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау бойынша қолға алынған жұмыстар жөнінде баяндады.
Президентке вегетациялық кезең туралы мәлімет ұсынылды. Егістікті су ресурстарымен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мәселелері тұрақты бақылауға алынып, су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Өңірлік штабтар жұмыс істеп жатыр.
Мемлекет басшысына егіс науқанының аяқталуы және жиын-терім жұмыстарына дайындық барысы жөнінде айтылды. Еліміздегі жалпы егіс алқабы 23,7 миллион гектарды құрады. Шаруаларға толық көлемде қолдау көрсетілуде. Жыл басынан бері ауыл, орман және балық шаруашылығындағы өнімдер мен қызметтердің жалпы көлемі 4 пайызға өсті. Барлық өңірде оң динамика тіркелді.
Сонымен қатар энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық трансформациялау жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев экономикада институционалдық өзгерістер жасауға, өңірлерді дамытуға және инвестиция тартуға қатысты бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.07.2025, 19:23 28256
Қазақстанда маусым айында инфляция 11,8% құрады
2025 жылғы маусымда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,8% құрады (2025 жылғы мамырда - 0,9%), деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.
Азық-түлік тауарларының ішінде баға қиярға - 19,5%, қырыққабатқа - 18,1%, қызанаққа - 15%, сарымсаққа - 8,4%, бананға - 3,4%, жұмыртқаға 3% төмендеген. Осы орайда балмұздақ бағасы 1,9% өскен, йогурт - 1,6%, жаңғақ - 1,5%, рулет пен кекстерге - 1,3%, кондитерлік өнімдер мен салқындатылған сусындар - 1%-дан, сарделька бағасы 0,9% қымбаттаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде маусым айында тұрмыстық заттардан электрлі ет тартқыш бағасы 2,5%, үтіктікі 1% өскен.
Тарифтер арасынан ыстық су 6,2% төмендеді. Қызмет көрсету секторында баға фотограф қызметіне 3,3% өскен, салтанатты шаралар өткізетін ұйымдастырушыларда - 2,8%, теледидар жөндеу - 2,4%, тұрғын-үй, жайларды жөндеу және қызмет көрсету - 1,4%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 1,3% жоғарылаған.
2025 жылғы маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,8% құрады.
Жылдық мәнде қарақұмық жармасы - 9%, күріш - 8,3%, қияр - 3,5%, сұлы жармасы - 2,5%, кептірілген өрік 2,3% арзандады. Керісінше алмұрт - 11,3%, консервіленген жүгері - 10,8%, жеміс және көкөніс шырындары 10,4% қымбаттаған.
Азық-түлік емес тауарларының ішінде блендер бағасы 7,8% өсті.
2024 жылғы маусыммен салыстырғанда өткен маусым айында кабельдік телевизия қызметтері 2,2% жоғарылаған.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары - барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 40,0%, азық-түлік емес тауарлар - 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.07.2025, 14:30 30341
Маусым айында теңге баға ы 1,7 пайызға төмендеді
Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 519,73 теңгеге дейін 1,7%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 238 млн АҚШ долларынан 235 млн АҚШ долларына дейін азайды. Жалпы сауда-саттық көлемі 4,7 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Маусымда Ұлттық қордан 800 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 17%-ын немесе күніне шамамен 40 млн АҚШ долларын құрады.
Үкіметтің республикалық бюджетке трансферттер бөлуге арналған алдын ала болжамды өтінімдері бойынша шілдеде Ұлттық Банк Ұлттық қордан 600 млн АҚШ долларынан 700 млн АҚШ долларына дейін валюта сататыны күтіледі.
Айналау" операциясы аясында маусымда 213 млрд теңге алынды. Шілде айында осы мақсатта шамамен 290 млрд теңге баламасында валюта сату жоспарланып отыр.
Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу, сондай-ақ "айналау" тетігін іске асыру кезінде Ұлттық Банк нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды, ол шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді.
Ұлттық Банк маусым айында валюталық интервенция жүргізген жоқ.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында өткен айда шамамен 322 млн АҚШ доллар сатылды.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұзақмерзімді кезеңде кемінде 40% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк маусым айында биржа сауда-саттығында шетел валютасын сатып алды. Оның жалпы сомасы 188 млн АҚШ долларын немесе жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 4%-ын құрады. Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы ретінде портфельді әртараптандыру және ұзақмерзімді кезеңде нақты кірістілік алу мақсатында нарықтық конъюнктураға байланысты шетел валютасын сатып алуды жалғастырады. Бұл ретте, зейнетақы активтерінің болжамды динамикасын ескере отырып, шілде айында валютаны жоспарлы сатып алу көлемі 100 млн АҚШ долларынан аспайды.
Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты жариялап отырады. Қысқамерзімді перспективада теңге бағамының динамикасы нарық қатысушыларының күтуіне, тоқсан сайынғы салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси өзгерістерге байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстанады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.07.2025, 13:05 30796
Премьер ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша барлық жобаларды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту, сондай-ақ цифрландыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Отырыста өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев сумен жабдықтау және су бұру саласындағы тарифтік саясат туралы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев саланы цифрландыру туралы баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері сөз сөйледі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметтері бойынша, сумен жабдықтау қызметтеріне қала халқының 99,3%-ы және ауыл халқының 97,5%-ы қол жеткізе алады. Еліміздің 90 қаласының 73-і 100% ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 17 елді мекен де жыл соңына дейін ауыз сумен 100% қамтылады, деп хабарлады Ерсайын Нағаспаев.
Олжас Бектенов сумен жабдықтау саласындағы жобаларды уақтылы аяқтаудың маңыздылығына назар аударды.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету - аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Бұл мәселе Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Қажетті қаражат Республикалық бюджетте көзделген. Сонымен қатар заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару жөніндегі Президент тапсырмасы аясында сумен жабдықтау бойынша 230-ға тарта жобаны іске асыру үшін Арнаулы мемлекеттік қордан қосымша 160 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Тұрғындардың өмір сапасы таза ауыз суға тікелей тәуелді. Сондықтан елді мекендерді сумен қамтамасыз ету - Үкіметтің басым міндеттерінің бірі", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр климаттың өзгеруі, суды тұтыну көлемінің артуы және су ресурстарының тапшылығы жағдайында заманауи тәсілдер мен үнемдеу технологияларын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. су құбырларын дамытуға айрықша назар аудару керек. Бұл жұмысты елді мекендерді дамыту жоспарларымен үйлестіре отырып жүргізу қажет.
Үкімет отырысы барысында Олжас Бектенов өнеркәсіп және құрылыс, су ресурстары және ирригация министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне инфрақұрылымдық бірқатар жобаны жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды.
Мәселен, Су ресурстары мен ирригация министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігінің алдына қысқа мерзімде елорда маңындағы ауылдарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету шараларын қабылдау міндеті қойылды.
Самұрық-Қазына" қоры мен Маңғыстау облысының әкімдігіне 15 шілдеге дейін Кендірлі зауытын іске қосу жұмыстарын аяқтап, Жаңаөзен қаласына су беруді қамтамасыз ету тапсырылды.
Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп, осы жылдың 1 тамызына дейін Жезқазғанда су тазарту құрылысын реконструкциялау жобасын қосымша қаржыландыру жөнінде шешім қабылдауы қажет.
Сонымен қатар, Премьер-министр коммуналдық инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту және желілердің тозу деңгейін әрі қарай төмендету қажеттігін атап өтті.
Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамытумен қатар, су үнемдеу технологияларын енгізу және су ресурстарын басқаруды цифрландыру жұмыстарын жандандыру қажет. Сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін одан әрі төмендету керек. Ескірген коммуналдық инфрақұрылымды барынша жаңғыртып, жаңаларын салуға маңыз берілуі тиіс. Бұл мәселе қабылданған "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру аясында шешімін табады", - деп атап өтті Премьер-министр.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді.
Өңір әкімдіктері - жыл соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша іске асырылып жатқан барлық жобаларды пайдалануға беруді қамтамасыз етсін.
Бұған өңірлердің бірінші басшылары тікелей жауап береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Қаржы министрлігі бекітілген қаражатты жергілікті атқарушы органдарға жедел тәртіппен аударуы қажет.
Өнеркәсіп министрлігі желілерді жаңғырту кезінде қолданыстағы кәріз-тазарту құрылыстарының өнімділігін ұлғайтуға және ағынды суларды тазарту сапасын арттыруға баса назар аударуы керек. Әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке қарай "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуі қажет.
Су ресурстары және ирригация министрлігі осы жылдың соңына дейін топтық су құбырларын салу және жаңғырту жобаларын аяқтауды қамтамасыз етуі керек. Бұдан әрі Қаржы министрлігімен бірлесіп, 2026-шы жылы топтық су құбырларын бірыңғай кешендер ретінде әкімдіктердің балансына беруді қамтамасыз ету тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу міндеті қойылды.
Су ресурстары және ирригация министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, су объектілерінің цифрлық паспорттары мен интеллектуалдық су кадастрын енгізу мәселесін пысықтау тапсырылды.
Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен және "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, Ұлттық жоба шеңберінде көзделген инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуі қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.07.2025, 09:22 30576
Қытай әуекомпаниясы Шанхайдан Алматыға қатынайтын жаңа рейсті іске қосады
2025 жылы 4 шілдеде Алматыда China Eastern Airlines әуе компаниясының Шанхай - Алматы бағытындағы жаңа тікелей рейсі іске қосылады. Бұл оқиға екі мегаполистің туристік, мәдени және іскерлік байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ, деп хабарлайды Алматының туризм басқармасы.
Алғашқы рейс арқылы қалаға әуе компания өкілдері, Қытайдың БАҚ өкілдері мен блогерлері келмек. Бұл жоба Қытайда кеңінен насихатталып, Алматының танымалдылығын арттыруға сеп болмақ. Іс-шараға орай қаланың туризм басқармасы "Алматының символы сыйлыққа" акциясын ұйымдастырып, шаһарға ұшып келген жолаушыларды естелік кәдесыймен қарсы алуды жоспарлап отыр.
Жаңа әуе бағыты Алматы әкімдігі мен China Eastern Airlines басшылығы арасындағы 2025 жылдың ақпан айында жасалған келісімдердің нәтижесінде жүзеге асқан. Айта кету керек, бұл компанияның Орталық Азияға алғашқы рейсі.
Жаңа бағыттың іске қосылуы қаланы қытайлық туристер мен бизнес өкілдері үшін бұрынғыдан да қолжетімді ете түспек. 2025 жылы алғашқы тоқсанында Алматыға ҚХР-нан келген туристер саны 20,9 мыңнан асып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,9% өскен.
Бүгінде Алматыдан Бейжің, Гуанчжоу, Сиань, Үрімжі, Ханчжоу және Саньяға тікелей әуе қатынасы бар. Жаңа рейс осы бағыттарды толықтырып, екі ел арасындағы әуе қатынасының жиілігін арттырады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш айына 150 рейстен асады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 17:47 62216
Транскаспий бағыты бойынша тасымалдау көлемі 62%-ға өсті
Транскаспий бағыты бойынша тасымалдау көлемі 62%-ға өсті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 4,5 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға өсті.
Бұл ретте жалпы транзит көлемі 4 есеге, ал Қытай елінен 28 есеге артты.
Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежай ларын да үш жаңа терминал пайдалануға берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.07.2025, 10:01Камбоджада еңбек құлдығына түсіп қала жаздаған отандасымыз қаупінен құтқарылды 04.07.2025, 09:39 9056Ақтөбеде кепілге алу және кісі өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылды04.07.2025, 10:05 8731Алаяқтық үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды04.07.2025, 14:41 8121Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады04.07.2025, 18:46 7446Қазақстанның батысында ақбөкендерді ату басталды
30.06.2025, 19:16 51906Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төраға орынбасары тағайындалды02.07.2025, 17:00 49861Үштөбе жылу желілерін жөндеуді аяқтау үшін шамамен 210 млн теңге бөлінді30.06.2025, 19:05 48311Бектенов Көлік министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды30.06.2025, 17:18 46601Қазақстанда Антикор қайта ұйымдастырылуда01.07.2025, 19:33 45161Қайтарылған активтер қаражаты есебінен жалпы құны 160 млрд теңгені құрайтын 200-ден астам жоба іске асырылуда
05.06.2025, 17:53 136361Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті05.06.2025, 17:14 134981Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты13.06.2025, 15:35 1268162025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды13.06.2025, 15:21 126096Ақмола облысы прокуратурасымен 1 топтағы мүгедектің құқықтары қорғалды19.06.2025, 14:54 121416Мемлекет басшысы "Дәулет" теннис орталығына барды