15.07.2022, 16:03 19211
Қазақстанда бензин мен дизель отынына бөлшек сауда бағасы бекітілді
Достарға айту
Бұйрықтарға сәйкес, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңгені құрайды, Қазақстанның басқа облыстарында бағалар бұрынғы 182 тг/литр деңгейінде сақталады. Екі облыста бағаны түзету бөлшек-сауда сатушылардың мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан алыстығынан логистикалық шығындармен байланысты.
Сондай-ақ мұнай өнімдері тізбесінен Аи-95 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды, өйткені Аи-95+ және жоғары өнімдерді өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен бензиндердің жоғары октанды компоненттерінің үлкен шығыны талап етіледі. Импорттық қоспалардың бағасы мұнай бағаларымен және валюта бағамдарымен байланысты", - деді Энергетика министрлігі.
Бұйрыққа сәйкес, дизель отынына шекті бағалар өзгермейді және Қазақстанның барлық өңірлерінде бұрынғы деңгейде қалып отыр: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша, сондай-ақ Абай облысында баға литріне 260 теңгені құрайды, ал Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Шымкент, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литріне 230 теңге.
Бұйрық жобалары 2022 жылғы 23 маусымда "Ашық НҚА" сайтында 2022 жылғы 8 шілдеге дейін онлайн-талқылау мүмкіндігімен жарияланды. Аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен келісу кезеңінен өтті, сондай-ақ Қоғамдық кеңесте қаралды", - деп атап өтті ведомствода.
Бұйрықтар күнтізбелік 180 күнге жарамды болады.
Қазақстанда күзде дизель отынының тапшылығы болжануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
21.03.2025, 11:05 21956
Елімізде құны $1,35 млрд-ты құрайтын аммиак пен карбамид өндіретін зауыт құрылысы басталады
Достарға айту
Қазақстанда Инвестициялар туралы жасалған келісім шеңберінде аммиак пен карбамид өндіретін зауыт құрылысы басталады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Биылғы 4 наурызда ESTA Construction компаниясының басшылығымен кездесу барысында Премьер-министр жауапты министрліктерге екі апта ішінде тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу үшін Инвестициялар туралы келісімді қол қоюға дайындауды тапсырды.
Жобаны QazaqGaz және ESTA бірлескен кәсіпорны - "Qazesta Fertilizers LTD" компаниясы базасында іске асыру жоспарлануда. Зауыттың орны ретінде Маңғыстау облысы таңдалды, бұл өнімдерді Каспий теңізі арқылы экспорттауға оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Esta Construction әлемдегі ең үздік 100 құрылыс компаниясының қатарына кіреді.
Жобаның құны: $1,35 млрд. Құрылысты үш жарым жылда аяқтау жоспарланып отыр. Іске асыру кезеңінде 3 мыңға дейін адам тартылып, құрылыс аяқталғаннан кейін 400 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Зауыттың өндірістік қуаты жылына 700 мың тоннаға дейін карбамидті және 42 мың тонна аммиакты құрайды.
Жоба газ химиясы саласын дамытуға, сондай-ақ импортты алмастыруға және қосылған құны жоғары өнімдерді дайындауға бағытталған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тыңайтқыштардың үш түрін өндіру жолға қойылған: аммиак селитрасы, аммофос және аммоний сульфаты. 3,2 млн тонна ғылыми қажеттілік кезінде отандық қуаттар сұраныстың жартысына жуығын ғана қамтамасыз етеді. Карбамид өндірісін құру жөніндегі жобаны іске асыру импортқа тәуелділікті азайтуға және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының дамуына оң әсер етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2025, 16:46 27756
Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады
Достарға айту
Қазақмыс қауіпсіздік шараларын кешенді тексеру үшін өндірістік нысандардың жұмысын кезең-кезеңімен тоқтатады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау шараларын күшейту мақсатында компания басшылығы тәуекел деңгейі жоғары өндірістік нысандарда технологиялық процестерді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады. Кәсіпорындардың жұмысы бекітілген кестеге сәйкес кезекпен тоқтатылады.
Жұмысты тоқтату кестесі:
• 20 наурыздан бастап - Шығыс Жезқазған, Абыз, Саяқ, Қоңырат кеніштері; Нұрқазған, Қарағайлы, Балқаш байыту фабрикалары; Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасы, құрылыс-монтаждау басқармасы, құю-механикалық зауыты және мамандандырылған энерго-жөндеу басқармасы.
• 21 наурыздан бастап - Оңтүстік Жезқазған, Ақбастау, Қажықонған, Шатыркөл, Жайсаң кеніштері.
• 22 наурыздан бастап - Батыс Жезқазған кеніші.
• 23 наурыздан бастап - Жыланды кеніші.
• 24 наурыздан бастап - Жезқазған байыту фабрикасы.
• Бұған дейін тоқтатылған Жомарт кенішінде тексеріс жалғасуда.
Барлық жұмыстың қауіпсіздік ережесіне сәйкестігін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Барлық кемшілік жойылып, еңбек жағдайының қауіпсіздігі расталғаннан кейін ғана телімдердегі жұмыс қайта жалғасады.
Кеніштердің жұмысы тоқтағанмен, жұмыскерлерге жалақы төлеу жалғаса береді. Бұл қадам компанияның еңбек қауіпсіздігі қағидаттарына адалдығын және өз жұмыскерлеріне деген қамқорлығын көрсетеді.
Қазақмыс" компаниялар Тобы өз нысандарында қауіпсіздік жүйесін кезең-кезеңімен нығайтып жатыр. Осы бастама аясында барлық нормативтік талаптардың сақталуын бақылау күшейтіліп, еңбек жағдайын жақсарту үшін қосымша шаралар қабылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2025, 16:44 27981
"Қазатомөнеркәсіп" 2024 жылы 23 мың тоннадан астам уран өндірді
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының былтырғы операциялық нәтижелері туралы есепті тыңдап, кәсіпорынның қысқа және орта мерзімді жоспарымен, мақсаттарымен танысты.
Президентке өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өндірісінің көлемі 23 мың тоннадан, компаниялар тобы бойынша сату көлемі 16,6 мың тоннадан асқаны жөнінде баяндалды. Ортақ табыс 1,8 триллион теңгеге жеткен. Бұл - рекордтық меже әрі 2023 жылмен салыстырғанда 26 пайызға артық көрсеткіш. Республикалық бюджетке аударылған салық түсімі 720 миллиард теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда 58 пайызға ұлғайған.
Мемлекет басшысына әлемдік нарықтағы қазіргі ахуал, Қазақстанның табиғи уран концентратын жеткізуге арналған жаңа келісімшарттары мен инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша мәлімет берілді. Өткен жылдың ең басты оқиғасы ретінде "Үлбі-ЖБҚ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытының 200 тонна төмен байытылған уран өндіріп, толық қуатында жұмыс істей бастағанын айтуға болады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамын дамытудың 2025-2034 жылдарға арналған жаңа стратегиясы таныстырылды. Оның аясында компания елдің минералды-шикізат базасын ұлғайтуға және оны тиімді пайдалануға ден қоймақ. Былтыр ресурс қоры 170 мың тоннаға бағаланған перспективті аумақтарда уранды барлау жұмыстарын жүргізу үшін жаңа лицензиялар алынды.
Мейіржан Юсупов Тәжікстанмен сирек металдарды өңдеу саласында, Франциямен атом өндірісіне маман даярлау бағытында меморандумдарға қол қойылғанын, сондай-ақ Моңғолия және Иорданиямен аталған мемлекеттердің аумақтарында уранды барлау жобаларын бірлесіп зерделеу жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына холдингтің өңірлерді дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалары туралы ақпарат берілді. Былтыр осындай бастамаларды жүзеге асыруға 3,7 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған.
Кездесу соңында Президент "Қазатомөнеркәсіп" акционерлік қоғамының жұмысын одан әрі жетілдіруге және компаниялар тобының әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауға қатысты бірқатар міндет жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.03.2025, 13:32 28591
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4 миллиард доллардан асқан
Достарға айту
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кездесудің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан маңызы зор екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша, тәуелсіздік алған сәттен бастап АҚШ Қазақстанның сенімді серіктесі саналады.
Қазақстан Президенті өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қаруды таратпау секілді негізгі салалардағы, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық ықпалдастықтағы бірлескен табыстарды атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде өсіп, 4 миллиард доллардан асқан.
Кэрол Миллер сый-құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, АҚШ-тың нәтижелі диалогты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастың негізгі мәселелері талқыланды. Әсіресе, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы көлік-логистика байланыстарын кеңейтуге айрықша мән берілді.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кэрол Миллер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.03.2025, 10:36 31356
ҚР мен ҚХР екіжақты сауда көлемі $43,8 млрд құрады
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Комитет отырысы барысында екі елдің орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кедергісіз сауданы дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, екі елдің көліктік өзара байланысын нығайту, өндірісті локализациялау арқылы Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті 12-ші отырысының хаттамасына қол қойды. Тараптар Комитеттің қызметін жетілдіру мақсатында оның құрамына Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитетін қосу және Білім саласындағы ынтымақтастық жөнінде кіші комитет құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ тараптар су ресурстары және мұрағат саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі құжаттарға қол қойды.
ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты келіссөздер барысында Қазақстан мен ҚХР үкіметтері ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ сауда, инвестициялар, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Тараптар Қазақстан мен Қытайдың арасындағы кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықтың даму динамикасын оң бағалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $43,8 млрд-ты құрады.
Сапар аясында қытайлық компаниялармен - металлургия, энергетика, машина жасау және агроөнеркәсіптік кешен салаларының көшбасшыларымен бірқатар кездесулер өтті. Қазақстандық делегация құрамында салалық министрліктер мен ірі отандық кәсіпорындардың басшылары болды.
Қазақстанда көмір химиясы, көлік жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру келешектері талқыланды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары өнеркәсіпті дамыту еліміз үшін маңызды басым міндет болып саналатынын атап өтіп, қытайлық компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды.
Өз кезегінде Қытайдың жетекші компанияларының өкілдері стратегиялық жобаларды іске асыру үшін сенімді серіктес ретінде Қазақстанға қызығушылық танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 16:27 65061
Қазақстанның екі мұнай өңдеу зауытындағы үлесті шетелдік инвесторларға ұсына алады
Достарға айту
БҚДА Төрағасы Марат Омаров Шымкенттегі стратегиялық нысандарды аралады, деп хабарлайды бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Марат Омаров.
Шымкент халықаралық әуежайында ведомство басшысы авиация саласының дамуы мен әуежай қызметтерін реттеуді азайтудың маңыздылығын талқылады.
ПетроҚазақстан Ойл Продактс" мұнай өңдеу зауытында Марат Омаров жекеменшік басқарудың тиімділігін жоғары бағалап, екі басқа зауыттағы үлесті жеке инвесторларға ұсыну жоспары бар екенін айтты.
Сонымен қатар, ол арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен танысып, оның резиденттерінің өңір экономикасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.03.2025, 16:02 65476
Ұлттық банк цифрлық алтын монеталарды сатуды бастайды
Достарға айту
Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 17 наурыздан бастап инвестициялық монетаның цифрлық баламасы - Gold Coin жобасы іске қосылатынын хабарлайды.
Жаңа инвестициялық құралды "Астана" халықаралық қаржы орталығы (Astana International Exchange, AIX) биржасының Tabys мобильді қосымшасында сатып алуға болады.
Gold Coin жобасының мақсаты - Қазақстан азаматтарына заманауи технология мен цифрлық экономика жағдайында инвестициялауға және капитал жинақтауға балама көз ұсыну.
Gold Coin-ның бір бірлігі алтынның 1/20 троя унциясына тең. Оның құны Лондонның бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген алтын бағасына және сатып алу/сату күні алдындағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамына байланысты болады.
Tabys мобильді қосымшасын пайдаланушы онлайн режимінде Gold Coin сатып ала алады, оны және сатуға да, сыйға тартуға да мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жиырма эквивалент (бірлік) жинақталғанда, Gold Coin-ды Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын - ÚKI инвестициялық монетасына айырбастауға болады.
ÚKI инвестициялық монетасы айналымға шыққалы тұр, оны 2025 жылдың 17 наурызынан бастап сатып алуға болады.
Gold Coin жобасы туралы ақпаратпен Ұлттық Банктің Youtube арнасында танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.03.2025, 16:00 73081
Елімізде қаңтар-ақпан айларында ЖІӨ өсімі 5,4%-ды құрады
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок министрліктері басшылығымен Мемлекет басшысының ел экономикасының тұрақты өсуі мен әртараптандырылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биылғы қаңтар-ақпан айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Есепті кезеңде ЖІӨ өсімі 5,4%-ды құрады. Тауар өндірісі мен қызмет көрсету секторында өсу серпінінің жақсарғаны байқалады. Өнеркәсіптік әлеуетті ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар өнеркәсіп өндірісінің көлемін 5,7%-ға арттыруға мүмкіндік берді.
Өңдеу өнеркәсібі бойынша бұл көрсеткіш 8,9%-ды құрады. Негізгі салалар ішінде машина жасау (18,2%), азық-түлік өндірісі (13,1%), құрылыс материалдары өндірісі (21,6%) және металл бұйымдары өндірісі (20,1%), сондай-ақ химия өнеркәсібі (9%) жоғары көрсеткіштер көрсетті. Тау-кен өнеркәсібінде өсім 4,1%-ды құрады.
Құрылыс саласында жоғары қарқын сақталған. Орындалған жұмыстар көлемі 408,1 млрд теңгеге, ал нақты көлем индексі 112,8%-ға жетті. Сауда саласындағы өсім 6%-ға, ал көлік және қоймалау қызметі 21,3%-ға артқан. Жалпы, астық, тұқым және мал азығы (өсім 5,8 есе), фармацевтикалық өнімдер (44,6%-ға), автокөліктер мен жеңіл көліктер (38,8%-ға) өткізетін көтерме сауда кәсіпорындары айтарлықтай жоғары үлес қосты. Астық тасымалы 43%-ға артып, 2,4 млн тоннаға жетті, ал ұн өнімдерін тасымалдау 12%-ға өсті.
Сонымен қатар терең өңделген өнім өндіретін салаларды қолдау жүйесінің нәтижелері атап өтілді. Осылайша, қосылған құны жоғары өнімдер, атап айтқанда, құрама жем экспорты 5 есеге өсіп, 273 мың тоннаны құрады (2024 жылы - 56 мың тонна), өсімдік майының экспорты 28%-ға артып, 94 мың тоннаға жетті.
Премьер-министр өсу қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырып, жоспарлы өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жұмысты күшейту қажет бірқатар бағытты атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.03.2025, 12:47Алматы тұрғындарына қатты нөсер мен найзағай болуына байланысты тауға шығуды тоқтату туралы хабарланды 24.03.2025, 18:51 5631Алматы облысының тауларында көшкін жүру қаупі сақталады24.03.2025, 11:18 2446ТЖМ құтқарушылары 60 жуық адамды құтқарды және эвакуациялады
20.03.2025, 13:03 Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды91161Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды20.03.2025, 16:25 90571Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы 1 тамыздан бастап өтеді20.03.2025, 17:38 89921Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды20.03.2025, 17:49 89676Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды21.03.2025, 13:52 70046Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
25.02.2025, 14:43 141461Абай облысында жасөспірімді ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды07.03.2025, 16:20 136716Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 133301Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді27.02.2025, 16:48 132286Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады06.03.2025, 17:02 131676Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді