11.10.2022, 13:45 9851

Қазақстанда еттің жекелеген түрлеріне бағаның өсуі бір жылда 15%-ды құрады

1 кг сиыр етінің бағасы орта есеппен 2387 тг, қой еті 2660 тг, шошқа еті 2033 тг және жылқы еті 2932 тг тұрады.
Қазақстанда еттің жекелеген түрлеріне бағаның өсуі бір жылда 15%-ды құрады
Астана. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда ет өндірісі де, оның тұтыну мөлшері мен бағасы да өсті.
 
Ағымдағы жылдың қаңтар–тамызында ірі қара мал, шошқалар, қой мен ешкі және жылқы тұқымдас жануарлардың етін өндіру 46,8 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артық. 2021 жылдың қаңтар–тамызында керісінше 4,6%-ға төмендеген, деп хабарлайды energyprom.kz.
 
Ал ет тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда 2,6%-ға өсіп, жан басына шаққанда орта есеппен 19,5 кг құрады. Ауылдық жерлерде жан басына шаққанда орта есеппен 20,9 кг ет, қалалық жерлерде 18,5 кг тұтынылды.
 
Халық ең көп тұтынатыны – сиыр еті. Жан басына шаққанда орта есеппен 12 кг, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға артқан. Одан кейін жылқы еті жан басына шаққанда 3,2 кг және қой 2,6 кг. Шошқа еті жан басына шаққанда орта есеппен 1,7 кг болды.
 
Қыркүйек айының қорытындысы бойынша ет бағасы бір айда 0,6%-дан 1,8%-ға дейін, бір жылда 7%-дан 15%-ға дейін өскен.
 
Жылқы еті айтарлықтай қымбаттап, бағасы 15%-ға өсті. Қой мен шошқа етінің бағасы 12,7%-ға және сиыр еті 7%-ға өсті.
 
Бір айдың ішінде сиыр еті1,8%-ға, шошқа еті 1,5%-ға, жылқы еті 1,3%-ға қымбаттады. Қой етінің бағасы аса қатты өспеген - 0,6%.
 
Атап айтар болсақ, 1 кг сиыр етінің бағасы орта есеппен 2387 тг, қой еті 2660 тг, шошқа еті 2033 тг және жылқы еті 2932 тг тұрады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бір жылда нан 19%-ға қымбаттады.

Ақпарат көзі: stan.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны