29.04.2025, 14:29 100061
Қазақстанда ірі қара малды әкетуге квоталар енгізіледі
2025 жылдың 30 сәуірінен бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бұқашықтар мен тоқтыларды экспорттау квотасын бөлу қағидалары күшіне енеді. Бұл норма алты ай мерзімінде әрекет етеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
12 айдан асқан бұқашықтарды әкетудің сандық лимиті 60 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін - 40 мың бас, тауар өндірушілер үшін - 20 мың бас.
4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетудің сандық лимиті 120 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін - 60 мың бас, тауар өндірушілер үшін - 60 мың бас.
Қазақстан Республикасының аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит бір жолғы немесе жиынтық мөлшерде бордақылау алаңы қуатының 30 пайызынан аспайды, ал бір тауар өндірушіге - квотаның қолданысының бүкіл кезеңіне 500 бастан аспайды.
Қуаттылығы 13 000 бас және одан да көп бордақылау алаңдары үшін 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге арналған лимит квота қолданысының бүкіл кезеңіне 4000 бастан аспауға тиіс
Қазақстан Республикасының аумағынан 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит біржолғы және жиынтық мөлшерде бордақылау алаңы қуатының 30 пайызынан аспайды, ал бір тауар өндірушіге - квотаның қолданысының бүкіл кезеңіне 500 бастан аспайды.
Қуаттылығы 5000 бас және және одан да көп бордақылау алаңдары үшін 4 айдан еркек тоқтыларды әкетуге арналған лимит квота қолданысының бүкіл кезеңіне 1500 (бір мың бес жүз) бастан аспауға тиіс.
Бұл ретте, Квота бөлу сәтінде бордақылау алаңындағы немесе тауар өндірушідегі малдың нақты саны карантиндеуге өтінім берген кезде тіркелген квотаның сұратылған көлемінен екі есе көп болуға тиіс.
Әкетуге жоспарланған жануарлар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда өтініш берушінің - бордақылау алаңының немесе тауар өндірушінің атына карантинге қоюға дейінгі 3 айдан ерте емес мерзімде тіркелуге тиіс.
Квота эпизоотиялық зерттеп-қарау актісінің қолданылу мерзімі ішінде жарамды және сәйкесінше жануарларды әкету осы мерзімдерде жүзеге асырылады.
Квоталар "Е-лицензиялау" порталында бөлінеді және "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жекелеген тауар түрлерін экспорттауға лицензия алу кезінде автоматты түрде беріледі.
Айта кету керек, лицензия иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде уәкілетті органға Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.07.2025, 19:23 14456
Қазақстанда маусым айында инфляция 11,8% құрады
2025 жылғы маусымда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,8% құрады (2025 жылғы мамырда - 0,9%), деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.
Азық-түлік тауарларының ішінде баға қиярға - 19,5%, қырыққабатқа - 18,1%, қызанаққа - 15%, сарымсаққа - 8,4%, бананға - 3,4%, жұмыртқаға 3% төмендеген. Осы орайда балмұздақ бағасы 1,9% өскен, йогурт - 1,6%, жаңғақ - 1,5%, рулет пен кекстерге - 1,3%, кондитерлік өнімдер мен салқындатылған сусындар - 1%-дан, сарделька бағасы 0,9% қымбаттаған.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде маусым айында тұрмыстық заттардан электрлі ет тартқыш бағасы 2,5%, үтіктікі 1% өскен.
Тарифтер арасынан ыстық су 6,2% төмендеді. Қызмет көрсету секторында баға фотограф қызметіне 3,3% өскен, салтанатты шаралар өткізетін ұйымдастырушыларда - 2,8%, теледидар жөндеу - 2,4%, тұрғын-үй, жайларды жөндеу және қызмет көрсету - 1,4%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтері 1,3% жоғарылаған.
2025 жылғы маусымда жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,8% құрады.
Жылдық мәнде қарақұмық жармасы - 9%, күріш - 8,3%, қияр - 3,5%, сұлы жармасы - 2,5%, кептірілген өрік 2,3% арзандады. Керісінше алмұрт - 11,3%, консервіленген жүгері - 10,8%, жеміс және көкөніс шырындары 10,4% қымбаттаған.
Азық-түлік емес тауарларының ішінде блендер бағасы 7,8% өсті.
2024 жылғы маусыммен салыстырғанда өткен маусым айында кабельдік телевизия қызметтері 2,2% жоғарылаған.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары - барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 40,0%, азық-түлік емес тауарлар - 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.07.2025, 14:30 16541
Маусым айында теңге баға ы 1,7 пайызға төмендеді
Маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 519,73 теңгеге дейін 1,7%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 238 млн АҚШ долларынан 235 млн АҚШ долларына дейін азайды. Жалпы сауда-саттық көлемі 4,7 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Маусымда Ұлттық қордан 800 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 17%-ын немесе күніне шамамен 40 млн АҚШ долларын құрады.
Үкіметтің республикалық бюджетке трансферттер бөлуге арналған алдын ала болжамды өтінімдері бойынша шілдеде Ұлттық Банк Ұлттық қордан 600 млн АҚШ долларынан 700 млн АҚШ долларына дейін валюта сататыны күтіледі.
Айналау" операциясы аясында маусымда 213 млрд теңге алынды. Шілде айында осы мақсатта шамамен 290 млрд теңге баламасында валюта сату жоспарланып отыр.
Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу, сондай-ақ "айналау" тетігін іске асыру кезінде Ұлттық Банк нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды, ол шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді.
Ұлттық Банк маусым айында валюталық интервенция жүргізген жоқ.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында өткен айда шамамен 322 млн АҚШ доллар сатылды.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұзақмерзімді кезеңде кемінде 40% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк маусым айында биржа сауда-саттығында шетел валютасын сатып алды. Оның жалпы сомасы 188 млн АҚШ долларын немесе жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 4%-ын құрады. Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы ретінде портфельді әртараптандыру және ұзақмерзімді кезеңде нақты кірістілік алу мақсатында нарықтық конъюнктураға байланысты шетел валютасын сатып алуды жалғастырады. Бұл ретте, зейнетақы активтерінің болжамды динамикасын ескере отырып, шілде айында валютаны жоспарлы сатып алу көлемі 100 млн АҚШ долларынан аспайды.
Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты жариялап отырады. Қысқамерзімді перспективада теңге бағамының динамикасы нарық қатысушыларының күтуіне, тоқсан сайынғы салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси өзгерістерге байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстанады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.07.2025, 13:05 16996
Премьер ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша барлық жобаларды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту, сондай-ақ цифрландыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Отырыста өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев сумен жабдықтау және су бұру саласындағы тарифтік саясат туралы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев саланы цифрландыру туралы баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері сөз сөйледі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметтері бойынша, сумен жабдықтау қызметтеріне қала халқының 99,3%-ы және ауыл халқының 97,5%-ы қол жеткізе алады. Еліміздің 90 қаласының 73-і 100% ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 17 елді мекен де жыл соңына дейін ауыз сумен 100% қамтылады, деп хабарлады Ерсайын Нағаспаев.
Олжас Бектенов сумен жабдықтау саласындағы жобаларды уақтылы аяқтаудың маңыздылығына назар аударды.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету - аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі. Бұл мәселе Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Қажетті қаражат Республикалық бюджетте көзделген. Сонымен қатар заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару жөніндегі Президент тапсырмасы аясында сумен жабдықтау бойынша 230-ға тарта жобаны іске асыру үшін Арнаулы мемлекеттік қордан қосымша 160 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Тұрғындардың өмір сапасы таза ауыз суға тікелей тәуелді. Сондықтан елді мекендерді сумен қамтамасыз ету - Үкіметтің басым міндеттерінің бірі", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр климаттың өзгеруі, суды тұтыну көлемінің артуы және су ресурстарының тапшылығы жағдайында заманауи тәсілдер мен үнемдеу технологияларын пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. су құбырларын дамытуға айрықша назар аудару керек. Бұл жұмысты елді мекендерді дамыту жоспарларымен үйлестіре отырып жүргізу қажет.
Үкімет отырысы барысында Олжас Бектенов өнеркәсіп және құрылыс, су ресурстары және ирригация министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне инфрақұрылымдық бірқатар жобаны жүзеге асыруды жеделдетуді тапсырды.
Мәселен, Су ресурстары мен ирригация министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігінің алдына қысқа мерзімде елорда маңындағы ауылдарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету шараларын қабылдау міндеті қойылды.
Самұрық-Қазына" қоры мен Маңғыстау облысының әкімдігіне 15 шілдеге дейін Кендірлі зауытын іске қосу жұмыстарын аяқтап, Жаңаөзен қаласына су беруді қамтамасыз ету тапсырылды.
Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп, осы жылдың 1 тамызына дейін Жезқазғанда су тазарту құрылысын реконструкциялау жобасын қосымша қаржыландыру жөнінде шешім қабылдауы қажет.
Сонымен қатар, Премьер-министр коммуналдық инфрақұрылымды жүйелі жаңғырту және желілердің тозу деңгейін әрі қарай төмендету қажеттігін атап өтті.
Сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамытумен қатар, су үнемдеу технологияларын енгізу және су ресурстарын басқаруды цифрландыру жұмыстарын жандандыру қажет. Сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін одан әрі төмендету керек. Ескірген коммуналдық инфрақұрылымды барынша жаңғыртып, жаңаларын салуға маңыз берілуі тиіс. Бұл мәселе қабылданған "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру аясында шешімін табады", - деп атап өтті Премьер-министр.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді.
Өңір әкімдіктері - жыл соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша іске асырылып жатқан барлық жобаларды пайдалануға беруді қамтамасыз етсін.
Бұған өңірлердің бірінші басшылары тікелей жауап береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Қаржы министрлігі бекітілген қаражатты жергілікті атқарушы органдарға жедел тәртіппен аударуы қажет.
Өнеркәсіп министрлігі желілерді жаңғырту кезінде қолданыстағы кәріз-тазарту құрылыстарының өнімділігін ұлғайтуға және ағынды суларды тазарту сапасын арттыруға баса назар аударуы керек. Әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке қарай "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды әзірлеуі қажет.
Су ресурстары және ирригация министрлігі осы жылдың соңына дейін топтық су құбырларын салу және жаңғырту жобаларын аяқтауды қамтамасыз етуі керек. Бұдан әрі Қаржы министрлігімен бірлесіп, 2026-шы жылы топтық су құбырларын бірыңғай кешендер ретінде әкімдіктердің балансына беруді қамтамасыз ету тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу міндеті қойылды.
Су ресурстары және ирригация министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, су объектілерінің цифрлық паспорттары мен интеллектуалдық су кадастрын енгізу мәселесін пысықтау тапсырылды.
Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен және "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, Ұлттық жоба шеңберінде көзделген инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуі қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.07.2025, 09:22 16776
Қытай әуекомпаниясы Шанхайдан Алматыға қатынайтын жаңа рейсті іске қосады
2025 жылы 4 шілдеде Алматыда China Eastern Airlines әуе компаниясының Шанхай - Алматы бағытындағы жаңа тікелей рейсі іске қосылады. Бұл оқиға екі мегаполистің туристік, мәдени және іскерлік байланыстарын нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ, деп хабарлайды Алматының туризм басқармасы.
Алғашқы рейс арқылы қалаға әуе компания өкілдері, Қытайдың БАҚ өкілдері мен блогерлері келмек. Бұл жоба Қытайда кеңінен насихатталып, Алматының танымалдылығын арттыруға сеп болмақ. Іс-шараға орай қаланың туризм басқармасы "Алматының символы сыйлыққа" акциясын ұйымдастырып, шаһарға ұшып келген жолаушыларды естелік кәдесыймен қарсы алуды жоспарлап отыр.
Жаңа әуе бағыты Алматы әкімдігі мен China Eastern Airlines басшылығы арасындағы 2025 жылдың ақпан айында жасалған келісімдердің нәтижесінде жүзеге асқан. Айта кету керек, бұл компанияның Орталық Азияға алғашқы рейсі.
Жаңа бағыттың іске қосылуы қаланы қытайлық туристер мен бизнес өкілдері үшін бұрынғыдан да қолжетімді ете түспек. 2025 жылы алғашқы тоқсанында Алматыға ҚХР-нан келген туристер саны 20,9 мыңнан асып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,9% өскен.
Бүгінде Алматыдан Бейжің, Гуанчжоу, Сиань, Үрімжі, Ханчжоу және Саньяға тікелей әуе қатынасы бар. Жаңа рейс осы бағыттарды толықтырып, екі ел арасындағы әуе қатынасының жиілігін арттырады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш айына 150 рейстен асады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 17:47 48416
Транскаспий бағыты бойынша тасымалдау көлемі 62%-ға өсті
Транскаспий бағыты бойынша тасымалдау көлемі 62%-ға өсті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 4,5 млн тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға өсті.
Бұл ретте жалпы транзит көлемі 4 есеге, ал Қытай елінен 28 есеге артты.
Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежай ларын да үш жаңа терминал пайдалануға берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 15:20 47846
Қазақстанда инвестициялардың өсуі 10%-ға жетті
Инвестициялардың жалпы көлемінің 19,4 трлн теңгесі - 79%-ға жуығы жеке секторға тиесілі
Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар өткен жылмен салыстырғанда 2024 жылы 10%-ға артып, тұрақты оң серпінді көрсетуде. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіштің өсуі 55%-ды құрады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Инвестициялардың жалпы көлемінің 19,4 трлн теңгесі - 79%-ға жуығы жеке секторға тиесілі. Өткен жылмен салыстырғанда үлестің шамалы төмендеуіне қарамастан, абсолюттік мәндерде жеке салымдардың көлемі - 14,7 трлн теңгеден 15,3 трлн теңгеге дейін өсті. Сонымен қатар мемлекеттік инвестициялар да - 2,9-дан 4,1 трлн теңгеге дейін айтарлықтай артты", - деп атап өтті Роман Скляр.
Аталған өсімге Үкіметтің инфрақұрылымды дамыту, экономиканы бюрократиядан арылту және ырықтандыру арқылы еліміздегі инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі мақсатты жұмысы аясында қол жеткізілуде. Өткен жылы мемлекет инфрақұрылымдық базаны дайындауға - көлік желісінен энергетикалық қуаттарға дейін кеңейтуде елеулі жұмыс атқарды.
Инвестициялау ыңғайлы болуы керек және Үкіметтің, Инвестициялық штабтың және Инвестициялар туралы келісім сияқты тетіктер жұмысы дәл осыған бағытталған", - деп атап өтті Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Машина жасау, логистика және агроөнеркәсіп кешені сияқты негізгі секторларға стратегиялық инвесторларды тартуға ерекше назар аударылуда. Жүзеге асырылған жобалардың қатарында капиталды инвестициялап қана қоймай, жаңа технологияларды енгізуге, адами капиталды дамытуға және инновациялық экожүйелерді дамытуға ықпал ететін John Deere, KIA, YTO Express және Fufeng Group компанияларының жобалары бар.
Инвестициялау шарттарын жақсарту үшін арнайы құралдар: "жасыл дәліз", ұлттық цифрлық инвестициялық платформа және Инвесторлар проблемаларының бірыңғай тізілімі әзірленді. Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб шешуші рөл атқарады, ол қазірдің өзінде $70 млрд астам сомаға 137 жобаны қарады. Сондай-ақ бюрократиялық кедергілерді азайту және инвесторлардың құқығын қорғау үшін 140-тан астам заңнамалық өзгерістерге бастамашылық жасады.
Мемлекет пен инвестордың өзара іс-қимыл шарттарын белгілейтін Инвестициялар туралы келісімдер құралына ерекше назар аударылады. 2024 жылы $2,3 млрд-қа осындай 6 келісім жасалды, ал 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында $15,8 млрд-тан астам сомаға 15 келісім жасалды. Инвестициялық келісу мерзімі бүгінде құжаттардың толық пакеті болған жағдайда екі аптадан аспайды", - деп атап көрсетті Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Инвестициялық ортаның қаржылық катализаторы және тұрақтандырушысы "Бәйтерек" ҰБХ болып саналады. Холдинг жеке және халықаралық банктер мен инвестициялық қорлардың ресурстарын тарту үшін тұрақты қаржы платформасын пайдаланады. Кейін жеңілдетілген қаржыландыру түрінде ірі жобаларға қаражат бағыттайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.06.2025, 14:16 48091
Қазақстандық кәсіпорын Қытайға күнбағыс майын экспорттайды
Қазақстандық кәсіпорын Қытайға күнбағыс майын экспорттайды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстандық Altyn Shyghys өңдеу зауыты қытайға тазартылмаған күнбағыс майының партиясын жеткізеді. Дайын өнімді сатып алушы ҚХР астық резервтерін қалыптастыруға жауапты Sinograin мемлекеттік компаниясының тапсырысы бойынша қытайлық CITIS Construction Co Ltd. корпорациясы болмақ. Уағдаластық қазақстандық кәсіпорын базасында күнбағыс тұқымын қайта өңдеуді және одан әрі Аспан асты еліне май жіберуді көздейді.
Жеткізу өткен жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлер мен өңдеушілерді мемлекеттік қолдау құралы ретінде іске қосқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық партияларын шоғырландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Оның мәні: оператор әр түрлі жеткізушілерден шағын көлемді өнімді толыққанды экспорттық партияларға біріктіреді және шетелдік тұтынушыларға жөнелтуді қамтамасыз етеді.
Бұл ретте корпорация тасымалдауды толық сүйемелдейді. 2024 жылы шоғырландыру жобасы бойынша Қытай мен Орталық Азияға жалпы құны 20 млн долларды құрайтын дәнді және майлы дақылдарды жеткізуге 6 экспорттық келісімшарт жасалды. Биылғы жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жұмысын жалғастырды, соның нәтижесінде ҚХР-на қазақстандық өндірістің 1,6 мың тонна жемдік ұн жөнелтілді.
Дайын қазақстандық өнімнің шетелдік нарықтарға шығуына салалық министрліктің, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының және халықаралық әріптестердің бірлескен күш-жігері ықпал етеді. CITIC Construction келісімшарты Астана мен Бейжіңде агробизнестің қатысуымен өткен екіжақты кездесулер нәтижелерінің бірі болды. Қытайлық инвесторлармен және бейінді компаниялармен белсенді диалогты Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ҚХР-дағы өкілдігі тұрақты негізде жүргізеді.
Бүгінде Қазақстанның аграрлық саясатының басты бағыты терең өңдеуге бет бұруда. Шоғырландыру бағдарламасы және үшжақты форвардтық сатып алу сияқты жобалардың көмегімен корпорация отандық өндірушілерге сыртқы нарықтарға шығуға көмектеседі, сондай-ақ өңірлерде қайта өңдеу қуаттарын жүктеуді ынталандырады. Бұл ел ішінде қосымша құн құруға және шағын және орта фермерлерге қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
CITIC Construction Co. Ltd - инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және аграрлық жобаларды жүзеге асыруға маманданған CITIC Group қытайлық мемлекеттік корпорациясының еншілес құрылымы. АӨК саласында компания Қазақстан аумағында астықты терең өңдеу зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.06.2025, 12:37 65321
Сыртқы сауда алаңдарынан алынатын тауарлар декларацияланады
Сыртқы сауда алаңдарынан алынатын тауарлар декларацияланады, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамасында кедендік декларацияның жаңа түрі - электронды сауда декларациясы енгізіледі.
Электронды сауда тауарларының бүкіл көлеміне, яғни, жеке тұлғалардың сыртқы сауда алаңдарынан сатып алатын барлық тауарына декларация жүргізіледі. Бүгінде жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу нормалары 200 еуродан немесе 31 келіден асқан кезде ғана декларацияланады.
Осы санаттағы тауарларға салық салу тәсілі де өзгереді. Кез келген сату көлемі үшін сатып алушы елінің ұлттық заңнамасына сәйкес сатушыдан қосылған құн салығы алынады. Егер бажсыз шек (200 еуро) асып кетсе, кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (сатып алушы төлейді) 5 пайыз деп белгіленеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, нормадан асқан жағдайда (200 еуро немесе 31 келі) сатып алушы тауар құнының 15 пайызын құрайтын жалпы кедендік баж салығын төлеуге міндетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
03.07.2025, 09:06Қайтарылған активтердің 45 млрд теңгеден астамы СҚО сумен жабдықтауды дамытуға жұмсалады 03.07.2025, 10:16 3241Қазақстан премьері мен қытай компаниясының басшысы қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты талқылады03.07.2025, 10:12 Вегетациялық кезеңнің басынан бері "Қазсушар" РМК Ақтөбе филиалы облыстағы шаруа қожалықтарына 9 млн текше метр су жеткізді1
26.06.2025, 19:36 115176Қырғыз авиакомпаниясы Алматы - Ыстықкөл рейстерін іске қосады27.06.2025, 17:56 106776Үйлер, пәтерлер, қымбат автокөліктер мен ақша: Қазақстанға 1,15 трлн теңгеден астам активтер қайтарылды27.06.2025, 18:05 106416Минскідегі ЖЕЭК отырысы: Мемлекет басшылары экономикалық интеграцияны дамыту перспективаларын талқылады27.06.2025, 11:50 96761Мария Мудряк Қытайда өнер көрсетеді27.06.2025, 11:48 96041Алматы әкімі Hyundai Trans Auto зауытының жұмысымен танысты
04.06.2025, 14:09 150796Құрбан айттағы ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесі белгілі болды05.06.2025, 17:53 136046Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті03.06.2025, 14:47 135826Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды05.06.2025, 17:14 134776Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты13.06.2025, 15:35 1264862025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды