04.11.2022, 14:15 25831

Қазақстанда ірімшік бір жылда 30%-дан астам қымбаттады

Қазан айында Қазақстанда қатты ірімшіктің орташа бағасы келісіне 4 378 тг құрады.
Қазақстанда ірімшік бір жылда 30%-дан астам қымбаттады
Сурет: Depositphotos
Астана. 4 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елдегі ірімшік бір жылда 31,4%-ға қымбаттады. Қазан айында Қазақстанда қатты ірімшіктің орташа бағасы келісіне 4 378 тг құрады.
 
Өңірлер арасында қатты ірімшік бағасы Қарағанды қаласында ең қымбат, мұнда ірімшіктің орташа бағасы 5 356 теңге деңгейінде. Астанада орташа баға 4 880 теңге болса, Алматыда ірімшіктің келісі үшін орта есеппен 4 700 теңге төлеу қажет, Таразда – 4 782 тг.
 
Ең арзан ірімшік келісі Қонаев қаласында – 3 153 тг.
 

Өнімді тұтыну көрсеткішіне тоқталсақ, орташа есеппен екінші тоқсанда бір адамға жарты келідей қатты ірімшіктен (айына 177 грамм) келген", - деп хабарлады ведомствода.

 
2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанда 24 409,9 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға аз.
 

Қазақстандық ірімшік (сүзбені қоса алғанда) негізінен ТМД елдеріне (РФ, Армения, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан), сондай-ақ Корея мен Моңғолияға экспортталды. Импорттың негізгі көлемі РФ, Беларусь, Украина, Латвия, Иран елдерінен келеді", - деп қосты баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін елде жұмыртқалардың күрт қымбаттағаны туралы хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны