14.09.2022, 15:43 20861
Қазақстанда кедейлік деңгейі өсті
Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 2022 жылғы II тоқсанда 5,1% құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары", - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Бюроның деректері бойынша, кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың ең үлкен үлесі Түркістан облысында (10,4%), кедейлік деңгейі бойынша екінші орында - Маңғыстау облысы (7,4%), үшінші орында - Жетісу облысы (6,4%).
Кедейліктің ең төменгі деңгейі Ұлытау облысында және Нұр-Сұлтанда - тиісінше 1,6% және 1,8%-да тіркелді.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда азық-түлік өнімдері бір жыл ішінде 20,8%-ға қымбаттады.
Ұлттық банк инфляция бойынша болжамды ұлғаю жағына қарай қайта қарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.07.2025, 16:26 646
Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ елімізде бизнес аша алады
Шетелдіктер бизнес ашу үшін елге келмей-ақ АХҚО-ның юрисдикциясында тіркеле алады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысы барысында Қазақстанға келген шетелдіктерге қолайлы жағдай туғызу үшін жасалып жатқан мобильді қосымшалар туралы айтып берді.
Соның ішінде министр QazETA қосымшасын мысалға келтірді.
Бұл Қазақстандағы шетелдіктерге арналған мобильді қосымша, ол оларға бірқатар сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Олардың ішінде:
- цифрлық мемлекеттік қызметтер бөлігінде - виза алу, болу орны бойынша тіркелу және өзге де көші-қон сервистері;
- туризм бөлігінде - көрікті жерлер, турлар, қонақүйлерді брондау, билеттерді сатып алу және т.б.;
- байланыс және көлік бөлігінде - SIM-карталарды сатып алу, авто, такси жалдау, қоғамдық көліктің кестесі мен төлемі;
- бизнес және инвестициялар бөлігінде - Astana Hub, Астана халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ B2B-қызметтер туралы ақпаратқа қол жеткізу;
- қауіпсіздік бөлігінде - шұғыл байланыстар, медициналық қызметтер туралы ақпараттар бар.
2025 жылғы 15 шілде күні пилоттық жоба аясында QazETA мобильді қосымшасы Playmarket-те орналастырылды. AppStore алаңында қосымшаны орналастыруды осы айдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарлануда. Бұдан басқа, биылғы қазан айында қосымша шеңберінде 2 жаңа процесс іске қосылады. Олар - ETA (Electronic Travel Authorization) - визасыз елдерге кіруге рұқсат беру; E-residency - шетелдіктер үшін жаңа мүмкіндік. Қазір бұл екеуі бойынша заңнамаға пысықтау жүргізіліп жатыр. Соңғысы (E-residency) Эстония мен Сейшелдің тәжірибесіне сай, бизнес ашу үшін елге келмей-ақ Астана халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында резиденттікті тіркеуге мүмкіндік береді",- дейді Жаслан мәдиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2025, 11:20 2756
2030 жылға қарай Қазақстанда мыс өндіруді екі есеге арттыру және болат өндірісін ұлғайту жоспарлануда
2030 жылға қарай Қазақстанда мыс өндіруді екі есеге арттыру және болат өндірісін ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Айдарлы, Көксай және Бенқала жаңа ірі кен орындарын іске қосу есебінен мыс кенін өндіру 2 есеге немесе 300 млн тоннаға дейін артады. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Үкімет отырысында хабарлағандай, бір мезгілде темір рудасын өндіру ұлғайтылатын болады.
Темір кенін өндіру ішкі сұраныстың өсуінен және жаңа жобалардың қосылу есебінен 40%-ға немесе 52 млн тоннаға дейін өседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2025, 18:41 6916
Теміржол арқылы жыл басынан бері көмір экспорты 14% өсті
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚТЖ желісі бойынша экспортқа 16 млн тоннадан астам тас көмір жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% немесе 2 млн тоннаға артық, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметінен.
Үндістан мен Түркияға жеткізілімдер айтарлықтай өсім көрсетті-бұл елдерге экспорт көлемі екі есеге артып, тиісінше 1,4 млн және 1,6 млн тоннаны құрады. Сондай-ақ Қырғызстанға жеткізілім 24%, яғни 280 мың тоннаға дейін, ал Ресейге жеткізілім 8%, яғни 11,8 млн тоннаға дейін өсті.
Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2025, 14:06 36506
Жартыжылдықта азық-түлік өндірісі 10%-ға өсті
2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша тамақ өнімін өндіру көлемі 1,8 трлн теңге
Тамақ пен сусын өндірісінің өңдеу өнеркәсібінің құрылымында алатын орны 17,2%. Бұл ретте тек металлургия мен машина жасау ғана алда тұр. Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында саланың қазіргі ахуалы мен өсу қарқынын жеделдету шарасы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша тамақ өнімін өндіру көлемі 1,8 трлн теңге. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10%-ға, белгіленген жоспардан 5,3 пайыздық тармаққа артық.
Өсім ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуге (ет, сүт, қызылша және т.б.), сары май мен ірімшік өндіру үшін шикізат сатып алуға, ҚҚС мөлшерлемесін 70%-ға төмендетуге, айналым қаражатын 5%-ға толықтыруға жеңілдікпен несие беруге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шарасы есебінен қамтамасыз етілді. Өткен жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім көрсеткендер:
• сары май - +10,4%,
• шұжық өнімдері - +10,8%,
• өсімдік майы - +20,3%,
• балық өнімдері - +34,4%.
Маусымдық себептерге байланысты жарма өндірісінің төмендеуі байқалады. Кейбір өңірде кондитерлік өнім, консерві, ірімшік пен сүзбе шығару көлемі қысқарған. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов түсіндіргендей, бұл негізінен шикізатты жеткізудегі үзіліс пен жеткізу нарығындағы шектеуге байланысты.
Жарты жыл ішіндегі сусын өндірісі 566,7 млрд теңге болды. Нақты көлем индексі 5%-ға өскен. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 3,7 пайыздық тармаққа жоғары. Алкогольсіз сусын өндірісінің 9,8%-ға өскеніне қарамастан оның өндірісінің төмендеуі тіркелді.
Үкіметтің өткен отырысында әрбір сала министрі өздеріне қарасты кәсіпорынының экономикасымен айналысуы тиіс екенін айтқан болатынмын. Саладағы барлық кәсіпорынды бүге-шігесіне дейін зерделеп, олардың өсіміне кедергі келтіретін жайттарды жедел жоюы керек. Сауда және интеграция министрлігіне өңірлердегі өткізу нарығындағы жағдайды талдап, қажет болса, жеткізу қызметін басқа өңірлер арасында қайта бөлуді тапсырамын. Ауыл шаруашылығы министрлігі әрбір ірі кәсіпорынның үлесін ескере отырып, азық-түлік өндіру жөніндегі жол картасын толықтырсын. Бәйтерек пен Аграрлық несие корпорациясы азық-түлік өндірісіне салынатын инвестицияға берілетін тапсырыс бойынша жұмысты жандандырсын", - деді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2025, 13:08 37141
Машина жасау саласы жарты жыл ішінде 11,1% өсім көрсетті
2025 жылғы алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның машина жасау саласы 11,1% экономикалық өсім көрсетті. 16 шілдеде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы сектордың қарқынын одан әрі жеделдетудің және қосымша әлеуетін ашудың мүмкіндігін егжей-тегжейлі талқылауға арналды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Машина жасау өңдеуші өнеркәсіптің негізгі секторының бірі ретінде оның жалпы көлемінің 19%-ын қамтамасыз етеді. Өсудің негізгі драйверлері: автомобиль (+12,1%), теміржол және басқа да көлік құралдары (+7,1%), ауыл шаруашылығы техникасы (+1,3%), электротехника (+21,5%), компьютер, электрондық және оптикалық жабдық (өсім 1,7 есе) өндірісі, сондай-ақ машина және жабдық жөндеу мен орнату (+12%).
Автомобиль жасау машина жасау көлемінің шамамен 41%-ын береді. Бүгінде елімізде JAC, Chevrolet, KIA, Lada, Jetour, Hongqi, Skoda, Hyundai және Genesis брендтерін шығаратын екі автозауыт жұмыс істейді.
Биыл Қазақстанда тағы екі жаңа кәсіпорын - Алматыдағы мультибренд зауыты мен Қостанайдағы KIA зауыты іске қосылады. Алматыда CHANGAN, Haval және CHERY сияқты брендтердің автомобильдерін шығару жоспарлануда.
Жаңа қуаттарды пайдалануға берудің арқасында елімізде шағын тораптық технология бойынша жиналатын автомобиль өндірісінің көлемі едәуір артады. Бұл модельдер қатарын көбейтуге және отандық автоөнеркәсіптің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді", - деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.
2025 жылы Қазақстанда 147 824 автомобиль шығару жоспарлануда. Алайда, вице-министр атап өткендей, салада бұл көрсеткіштен асып түсудің барлық алғышарты бар.
Оның айтуынша, отандық тауар өндірушілерге сертификат беруге байланысты процесті оңтайландыру кезінде қосымша өсу мүмкіндігі жоғары.
Вице-премьер Серік Жұманғарин сауда және интеграция министрлігіне қажетті рұқсат құжаттамасын жедел беру үшін шара қабылдауды тапсырды. Бұл жаңа модельдердің сериялық өндірісін уақтылы іске қосуға және қуаттардың жүктемесінің артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Теміржол секторы машина жасау құрылымында 13%-ды алады. 2024 жылы Қазақстанда жалпы сомасы 599,3 млрд теңгеге 125 локомотив және 2,7 мыңнан астам вагон өндірілді. Бүгінде осы сегментте Астана, Петропавл, Екібастұз және Атырауда орналасқан бес өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді.
биылдан бастап Астанада "Stadler Kazakhstan" зауыты жұмысын бастады. Оның іске қосылуы саланы трансформациялау мен оқшаулауды арттырудың маңызды кезеңін жол ашып отыр.
Жылжымалы құрамды жаңарту үшін Көлік министрлігі қызмет ету мерзімі ұзартылған вагондарды пайдалануға шектеу енгізуге бастамашы болды. Тиісті нормативтік құжат әзірленіп, келісу рәсімінен өтуде.
Вице-премьер Ұлттық экономика министрлігіне құжатты қысқа мерзімде қабылдау үшін рәсімдік мәселелерді шешуді жеделдетуді тапсырды.
Машина жасаудың жалпы көлемінің шамамен 9%-ы электротехникалық өнімге тиесілі. 2024 жылы Қазақстанда 270 мыңнан астам тұрмыстық техника өндірілді.
Осы жылдан бастап елімізде Samsung брендімен теледидар мен кір жуғыш машина өндірісі басталады. Бұл импортты алмастыру, оқшаулауды арттыру және Қазақстан аумағында шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту бағытындағы маңызды қадам болмақ.
Ауылшаруашылығы машинасын құрастыру сала құрылымының шамамен 6%-ын алады. Бүгінде Қазақстанда өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын 10 ірі кәсіпорын өндіреді. Қолданыстағы жеңілдетілген лизинг бағдарламасының арқасында отандық өндірушілер трактор мен комбайн бойынша ішкі нарық қажеттілігінің 90%-ын қамтамасыз етіп отыр.
Өткен жылы финдік SAMPO, қытайлық ZOOMLION және американдық John Deere Қазақстанға кіріп, қазір олардың қатысуы күшейтілуде.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда 4 мыңға жуық трактор (+39,3%) мен 441 астық жинайтын комбайн (+64,6%) өндірілді. Жылдық жоспар 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды көздейді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27%-ға жоғары.
Вице-премьер Серік Жұманғарин өңдеу өнеркәсібінің негізгі секторының бірі және елдің технологиялық дамуының маңызды драйвері ретінде машина жасаудың тұрақты өсу қарқынын сақтауға бағытталған барлық қажетті шаралар кешенін қамтамасыз етуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 13:51 51306
Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға теміржол көлігімен жөнелтілді
Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға теміржол көлігімен жөнелтілді, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.
15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Вьетнамға Қытай аумағы арқылы темір жол көлігімен экспортталды. Астық жүктері Хайфон портына (Вьетнам) Достық және Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жеткізілді.
Экспорт 2025 жылдың мамырынан шілдесіне дейін жүзеге асырылды. Ақмола облысының Азат, Ақкөл және Көкшетау станцияларынан барлығы сегіз құрам құрылып, жөнелтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 13:35 51701
Қазақстан мен Қытай Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауытты іске қосады
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қытайдың CNPC корпорациясы, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ және Ақтөбе облысының әкімдігі арасында карбамид зауытының құрылысын көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде негіздемелік келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған жоба мұнай-газ химиясы саласындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы ең ірі бірлескен кәсіпорындардың бірі болмақ. Бұл стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі ретінде ел экономикасын әртараптандыруға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
Құжатқа қол қою - жобаны іске асыруға қатысты негізгі мәселелер бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың заңды жалғасы: шикізатпен қамтамасыз ету, жобалық алдындағы кезеңді аяқтау, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді бастау және "Ақтөбе" АЭА аясында жер телімін бөлу.
Зауыт Ақтөбе облысында, Жаңажол газ өңдеу зауытының (ЖГӨЗ) маңында салынады. Шикізатпен қамту осы ЖГӨЗ базасында жүргізіледі және жылына 600 млн м³ дейін тауарлық газ жеткізіледі деп жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты - жылына 800 мың тоннаға дейін карбамид өндіру. Жалпы инвестиция көлемі - 1,25 млрд АҚШ доллары. Жобаны іске асыру мерзімі - 2024-2029 жылдар.
Құрылыс кезеңінде 3 000-ға дейін, ал пайдалану кезеңінде 400-ге жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Жоба "Ақтөбе" АЭА құрамына енгізілген. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп тыңайтқыштың агротексерістері еліміздің төрт өңірінде жүргізілді.
Карбамид" жобасын іске асыру - отандық газ химиясын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге елеулі үлес болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 13:26 52031
Қазақстан астық экспортын 58 пайызға арттырды
Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы 10 шілдеге дейін Қазақстаннан жаңа өнім астығының экспорты 9,3 млн тоннаны құрады. Бұл 2023-2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 58,4%-ға артық, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Экспорт көлемінің өсуі қазақстандық астықтың сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Экспорттың негізгі бағыттары: Өзбекстан - 3,4 млн тонна (+32,8%), Тәжікстан - 1,3 млн тонна (+45,8%), Ауғанстан - 309 мың тонна (+49,2%), Қырғызстан - 238 мың тонна (+96%), Иран - 974 мың тонна (17,5 есеге өскен), Әзербайжан - 713 мың тонна (118,8 есеге өскен).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.07.2025, 10:19Тараз қаласы прокуратурасының шараларымен кәсіпкердің құқығы қорғалды 22.07.2025, 10:26 133212025 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен 5 млн астам қазақстандық қамтылған22.07.2025, 11:31 12241Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктері ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын айқындады22.07.2025, 09:44 11921ШҚО диқандары суару маусымының басынан бері 24 млн текше метрден астам су алды22.07.2025, 11:47 11426ҰҒОО Тяньцзинь онкологиялық институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
18.07.2025, 13:19 86976Қазақстанда жасанды интеллект құралдары мемлекеттік органдардың қызметіне енгізілуде18.07.2025, 14:12 86541Қазақстандық су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды15.07.2025, 19:56 83911Қазақстанда аграрлық азық-түлік маркетплейсі пайда болуы мүмкін18.07.2025, 18:47 822512025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар шамамен 304 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды18.07.2025, 18:44 81931Қазақстанда суды тазартуға арналған мембраналардың отандық өндірісі құрылды
04.07.2025, 19:14 139846Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 139681Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 137031"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 130566Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 128966Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді