14.05.2023, 19:30 14936

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдерге жалпы баға индексі өсті

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдерге жалпы баға индексі өсті
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының жалпы индексі 0,2% - ға өсті. Негізгі маусымдық өсім тауарлардың көкөніс тобына келді: қырыққабат (9,7%), пияз (3,0%), картоп (2,4%), сәбіз (2,2%).

Үшінші ай қатарынан қарақұмық жармасы бағасының төмендеу үрдісі жалғасуда - апта ішіндегі көрсетуіш 2,1% (2023ж. 4 айында -20,6%). Өткен аптада ұн бағасының жалпы индексі - 1,5%, жұмыртқа - 0,7%, күнбағыс майы -0,2% (2023 ж. айда -4,7%) төмендеді, сүт және рожки -0,2%, тауық еті мен тұз - 0,3%, күріш пен қант - 0,1%.

2023 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша еліміздің 10 өңірі Тәжікстаннан жалпы көлемі 260 тонна ерте пиязды алғашқы жеткізуге келісім-шарт жасасты. Бұл Ұлытау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Абай, Жетісу, Жамбыл облыстары. Келісім шарт жасасу сатысында - Атырау, Қарағанды, СҚО және Алматы қаласы. Ал Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстары ерте тәжік пиязын сатып алудан бас тартты. Алғашқы жеткізілімдер ағымдағы жылдың 18-19 мамырында 180 тонна көлемінде күтіледі.

11 өңір жалпы көлемі 2 198 тонна қазақстандық егістіктерден ерте қырыққабат жеткізуге шарт жасасты, ниет шарттарын үш өңір жасады. Астана, Абай, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстарын қырыққабат жеткізуге шарт жасасқан жоқ.

Өткен жылғы егіннің қалыптасқан көкөніс қорларын шығару бойынша жұмыс жалғасуда. 10 мамырдағы жағдай бойынша сатудың жалпы көлемі 73 504 тоннаны құрады, оның ішінде картоп - 35 745 тонна, сәбіз - 13 503 тонна, пияз - 13 737 тонна, қырыққабат - 10 519 тонна. Қорлардың жалпы көлемі 139 466,7 тоннаны құрайды.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің құрылымында азық - түлік тауарлары 41,8 пайызды, азық - түлік емес тауарлар 29,6 пайызды, ақылы қызметтер 28,6 пайызды құрайды. Азық-түлік тауарларының құрамында ӘМАТ үлесі 11,7% - ға тең.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны