01.07.2022, 16:33 14991

Қазақстанда маусым айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 14,5% құрады

2022 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 19,2%-ға өсті.
НҰР-СҰЛТАН. 1 ШІЛДЕ - Қазақстанда 2022 жылғы маусымда инфляция жылдық есептеуде – 14,5%, бір айда 1,6% құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 19,2%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарларға 13,2%-ға, ақылы қызметтерге 9,2%-ға көтерілді", - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

 
Бюроның деректері бойынша, азық-түлік нарығында баға жылдық мәнде құмшекерге – 78,7%, қырыққабатқа – 72,4%, басты пиязға 69,3% өсті. Картоп бағасы 9,8% төмендеді.
 
2022 жылғы маусымда (2021 жылғы маусымға) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі 13,2% құрады.
 

Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға – 23%, жуу және тазалау заттарына – 20,8%, тұрмыс құралдарына – 19,7%, құрылыс материалдарына – 18,6%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 18,2%, автомобильдерге – 15,1%, ыдыс-аяққа – 13,9%, тоқыма бұйымдарына – 10,8%, фармацевтикалық өнімдерге 9% өсті", - деп хабарлады ведомствода.

 
Бұдан басқа, бір жылда (былтырғы және биылғы маусымға) ақылы қызметтер бағасы 9,2% өсті.
 

Баға деңгейі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 15,9%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 14,7%, санаторий қызметтеріне – 13,7%, кешенді демалу ұйымдарына – 13,2%, шаштараздар бен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12%, қонақ үй қызметтеріне 5,7% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 4% қымбаттады", - деп мәлімдеді сарапшылар.

 
Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр қуатына – 7,5%, қоқыс шығаруға – 2%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 1,4% жоғарылады, ал орталықтан жылытуға – 2,3% және ыстық суға 0,9% төмендеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны