17.05.2023, 16:27 22526

Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 103,5% құрады

Тау-кен өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің артуы байқалады
Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 103,5% құрады
Сурет: Depositphotos
2023 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,5% құрады. Аталған уақыт аралығында 15 124,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында - 7 078,1 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,8%), өңдеуде - 6 931,5 млрд. теңгеге (45,8%).

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 2%, өңдеу өнеркәсібінде - 5,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда - 5,9%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 7,4% байқалады.

Өңірлер арасында айтарлықтай өсім Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Абай, Жетісу, Алматы облыстарында және Алматы қаласында белгіленді.

Шикі мұнайды (103,2%), табиғи газды (104,4%), темірді қоспағанда, кендерді (103,2%), өзге де пайдалы қазбаларды (120,6%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-сәуірде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 102% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 105,1%-ды құрады. Өсім тамақ өнімдерінде - 7,7%, сусындар - 6,9%, мұнайдың өңделген өнімдері - 3,7%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарды өндіру - 3,6%, резеңке және пластмасс бұйымдары - 8,1%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіруде - 15,8%, машина жасауда 35,9% белгіленді.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстарында және Астана мен Шымкент қалаларында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны