11.07.2022, 15:33 10991

Қазақстанда тұрғын үй бағасы көтерілді

Бір жылда қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5% өсті.
Қазақстанда тұрғын үй бағасы көтерілді
НҰР-СҰЛТАН. 11 ШІЛДЕ - Қазақстанда бір жылда (2022 жылғы маусым мен 2021 жылғы маусымға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5% өсті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы маусымда 21% артты.
 
Жаңа тұрғын үйді сату бағасы орта есеппен 1 шаршы метрге 423 705 теңгені, қолданыстағы тұрғын үйді қайта сату - 1 шаршы метрге 465 515 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу - 1 шаршы метрге 3567 теңгені құрады.
 
Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында едәуір өсті –27,9%-ға. Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсімі – Қызылорда қаласында (46,7%), тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Алматы қаласы (48,3%).
 
Бір айдың ішінде (2022 жылғы маусым 2022 жылғы мамырға) жаңа тұрғын үйді сату бағалары – 1,1%, пәтерлерді қайта сату 0,4% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда маусымда 1,1% төмендеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны