19.05.2023, 15:12 24846

Қазақстанда өткен аптада кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өсті

Қазақстанда өткен аптада кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өсті
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өткен аптада 0,2%-ға, ал жылдық мәнде 10,7%-ға өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросынан.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 16 мамыр/:

Сүт 2,5% - 370 тг/л

Тауық еті - 1223 тг/кг

Сәбіз- 162 тг/кг
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны