04.10.2022, 15:21 10366

Қазақстандағы юаньмен операциялар бойынша клирингтік банк анықталды

"Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп Банкі" АҚ Қазақстандағы юаньмен операциялар бойынша клирингтік банк болып белгіленді.
Қазақстандағы юаньмен операциялар бойынша клирингтік банк анықталды
Сурет: Depositphotos
АСТАНА. 4 ҚАЗАН - "Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп Банкі" АҚ Қазақстандағы юаньмен операциялар бойынша клирингтік банк болып белгіленді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы 30 қыркүйекте Қытай Халық банкі "Алматы қаласындағы Қытайдың сауда-өнеркәсіп Банкі" АҚ Қазақстан Республикасының аумағында юаньмен операциялар бойынша клирингтік банк ретінде анықтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде қол қойылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қытай Халық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында қабылданды", - деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкі.

 
Юаньмен операциялар бойынша клирингтік инфрақұрылымды дамыту Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды кезең болып табылады. Клирингтік банктің қызметі ұлттық валютадағы есеп айырысуларға жаңа серпін береді, және де өзара сауда және инвестициялық қызметтің дамуына ықпал етеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны