12.06.2023, 10:04 21856

Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды  

Абай ауданындағы өрт салдарынан 14 адам қаза тапты
Абай ауданындағы орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты 2023 жылдың 12 маусымы Қазақстан Республикасында Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір күн бұрын, 11 маусымда қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 2023 жылғы 12 маусымды Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы өкімге қол қойды", - деп көрсетілген құжатта.


Еске сала кетсек, Абай ауданындағы өрт салдарынан "Семей орманы" қорығының Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қаза тапқан болатын. Мемлекет басшысы қайтыс болғандарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлықта Абай облысында орын алған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

 "Құрмет" орденімен:

Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалының инженері

Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының басшысы

Губаев Алексей Григорьевич (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман шебері - мемлекеттік инспекторы

Начинёнов Константин Сергеевич (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы - мемлекеттік инспекторы

Нұржігітов Саят Нұржанұлы (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы - мемлекеттік инспекторы

Сидорин Виктор Александрович (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы - мемлекеттік инспекторы

Сидорин Александр Викторович (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы - мемлекеттік инспекторы

Фоминых Максим Владимирович (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы - мемлекеттік инспекторы

Гражданкин Петр Александрович (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі

Пузырев Сергей Николаевич (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы орталық орманшылығының орман өрт сөндірушісі

Дарибаев Александр Викторович (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы Жерновка орманшылығының тракторшысы - машинисі

Ганьшин Даниил Евгеньевич (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы орталық орманшылығының көлік жүргізушісі

Пузырев Николай Иванович (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалы орталық орманшылығының көлік жүргізушісі

Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы (марқұм) - "Семей орманы" МОТР" РММ Новошульба филиалының көлік жүргізушісі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, деп көрсетілген Жарлықта.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны