19.05.2023, 15:31 25091

Қазақстандық әуе компаниялары Астанадан жаңа әуе рейстерін ашпақ

Қазақстандық әуе компаниялары Астанадан жаңа әуе рейстерін ашпақ
Сурет: Depositphotos
Fly Arystan Қазақстан мен Түркия астаналары арасында рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитеті.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.

Мәселен, 2023 жылғы 23 мамырдан бастап "Fly Arystan" авиатасымалдаушысы Airbus - 320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана - Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны