31.05.2023, 11:08 22716

Қазақстанның Энергетика министрлігі автомобиль көлігімен бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр

Бұйрық жобасы 2023 жылғы 13 маусымға дейін қоғамдық талқылауға түседі
Қазақстанның Энергетика министрлігі автомобиль көлігімен бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр
ҚР Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрықтың жобасын әзірледі. Құжат Open NLA порталында жарияланды.

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімі және жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) және көлемдерінің қажетті саны көрсетілген хат болған жағдайда, авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді қоспағанда, автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуді, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", деп айтылған құжатта.


Бұйрық жобасы 2023 жылғы 13 маусымға дейін қоғамдық талқылауда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны