30.07.2021, 20:33 13589

Қазақстанның халықаралық резервтері маусым айының соңында $92,5 млрд құрады

Ақша базасы 2021 жылғы маусымда 0,5%-ға тарылып (жылдың басынан бастап 5,0%-ға кеңейді), 10 270,1 млрд теңге болды.
АЛМАТЫ. 30 ШІЛДЕ - Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (57,3 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылы маусымның соңында 92,4 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері биылғы маусым айында 3,9%-ға (жылдың басынан бастап 1,7%-ға) төмендеп, 35,0 млрд АҚШ долларын құрады.
 

Резервтердің төмендеуі, көбіне, АҚШ долларының нығаюына байланысты алтын бағасының түсуінен болды. Алтын портфелінің бір бөлігін бағаның күрт төмендеуінен хеджирлеу үшін Ұлттық Банк бұрын жасаған опциондарды орындау аясында алтынды қолайлы баға – 1,5 млрд АҚШ долларына сатты. Опциондық стратегиялар аясында аллокирленбеген алтынды сату есебінен еркін конвертацияланатын валютадағы активтер өсті", - деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінде.

 
Ақша базасы 2021 жылғы маусымда 0,5%-ға тарылып (жылдың басынан бастап 5,0%-ға кеңейді), 10 270,1 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 6 297,0 млрд теңгеге дейін 4,3%-ға (жылдың басынан бастап 23,8%-ға) кеңейді.
 
2021 жылғы маусымда ақша массасы 2,6%-ға ұлғайып, 28 161,7 млрд теңге болды (жылдың басынан бастап 13,0%-ға өсті), айналыстағы қолма-қол ақша 3 027,2 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға (жылдың басынан бастап 7,0%-ға) ұлғайды.
 
$1 = 424,5 теңге. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны