31.08.2022, 20:14 17741

БҚДА АЖҚС-та дизель отынын сатуды шектеу жағдайына қатысты түсінік берді

БҚДА АЖҚС-та дизель отынын сатуды шектеу жағдайына қатысты түсінік берді
НҰР-СҰЛТАН. 31 ТАМЫЗ - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағар май станцияларындағы дизель отынының бағасына тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отырады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР БҚДА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Атап айтқанда, өткен аптада Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында дизель отынына шекті бағаның өсу фактілері анықталды. 
 
БҚДА аумақтық бөлімшелері жүргізген баға мониторингінің қорытындысы бойынша әкімшілік хаттамаларды жасау үшін материалдар Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне жіберілді.
 
Дизель отынының бағасын тұрақтандыру үшін БҚДА жанындағы биржалық комитет биржалық сауда-саттықты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
 
АЖҚС тарапынан дизель отынын таңдап сату тәсілі бойынша, яғни Қазақстан Республикасының азаматтарына дизель отынын сатпай, есесіне, шетел өткізілген жағдайда, БҚДА тарапынан шаралары қабылданатын болады. Бастапқы және қайталама қайталама сауда нарықтарына қатысушылардың бағаны көтеруінің негізділігі де монополияға қарсы тексерулерге себеп болып саналады.
 
Естеріңізге сала кетейік, дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнайы құрылған комиссия еліміз үшін маңызды жанармайдың жетіспеушілігіне әсер еткен факторларды анықтады. Үкімет тиісті шаралар қабылдап, жауапты адамдарды жазалады. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны