10.09.2021, 18:25 14457

Бас прокуратурада экономикалық контрабандаға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Іс-шара қорытындысымен Үйлестіру кеңесінің мүшелері шекарадағы заңсыз сауда айналымына қарсы күрес бойынша ұсынымдар берді.
НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚЫРКҮЙЕК - Бас прокуратурада экономикалық контрабандаға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Экономикалық контрабанда мемлекетке елеулі залал келтіреді, отандық бизнес үшін тең емес бәсеке тудырады. 5 жыл ішінде Республика бойынша кеден саласында 700-ден аса қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген", - деді Үйлестіру кеңесінің отырысында Республиканың Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов.

 
Сондай-ақ, ол Қазақстанда көліктің шекарада орынсыз тұрып қалу фактілері орын алмауға тиіс екенін атап өтті.
 

Қабылданып отырған шаралар адал бизнес үшін кедергі келтірмеуі керек", - деді Бас прокурор.

 
Кеңесте Қаржы мониторингі агенттігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің қабылдап отырған шаралары туралы баяндамалар тыңдалды. Шетелдік мемлекеттермен ақпарат алмасу, ішкі нарықты заңсыз импорттан қорғау және кедендік бекеттерді техникалық жарақтандыру мәселелері талқыланды. Іс-шара қорытындысымен Үйлестіру кеңесінің мүшелері шекарадағы заңсыз сауда айналымына қарсы күрес бойынша ұсынымдар берді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны