03.03.2023, 10:04 81676

Дизель отынының бағасы бір жылда 16%-ға өсті

Дизель бағасының өсуі әсіресе Атырау облысының тұрғындарына әсер етті
Дизель отынының бағасы бір жылда 16%-ға өсті
Алматы. 3 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Биыл қаңтарда елімізде бензин шамалы арзандады (0,1%-ға), ал дизель отыны айтарлықтай қымбаттады (бір жылда бірден 15,7%-ға).

Дизель бағасының өсуі әсіресе Атырау облысының тұрғындарына әсер етті. Аталған өңірде жыл ішінде бірден 44,8%-ға қымбаттаған. СҚО (39,1%) және ШҚО-да (37%) баға айтарлықтай өсті. Маңғыстау, Қызылорда облысы және Алматыда дизель бағасы өткен жылғы деңгейде қалды. Ал Ұлытау облысында дизель отыны 2,8%-ға арзандады, деп хабарлайды Energyprom.kz.

Биыл елімізде 494,1 мың тонна бензин өндірілді. Бұл өткен жылға қарағанда 20,6%-ға артық.

Өңірлер бойынша ең көп бензин Шымкентте өндірілді. Аталған қалада 196,7 мың тонна, жыл ішінде 14,6%. Екінші орынға 155,1 мың тонна бензинмен Павлодар облысы жайғасса, үшін орынға 141,7 мың тонна бензин өндірісімен Атырау облысы орналасқан.

Дизель өндіру бойынша Павлодар облысы көш бастап тұр. Аталған өңірде 149,1 мың тонна дизель өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,1%-ға артық. Сонымен қатар Шымкентте 148 мың тонна және Атырау облысында 109,4 мың тонна дизель өндірілді.

Жалпы өткен жылы елімізде 5 млн тонна бензин және 5,4 млн тонна дизель отыны өндірілді. Өндірістің өсуі 3,1% және 8,3% құрады.

Өткен жылы жергілікті компаниялар бензинмен ішкі нарықты (сонымен қоса экспорт) толық қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын 99,97%-ға қамтылса, оның алдыңғы жылы 99,1%.

Былтыр елімізге 43,3 мың тонна бензин әкелінді. Аталған сектордағы заңнамалық шектеулерді ескере отырып, экспорт 0,5%-ы құрады немесе 24,2 мың тонна бензин экспортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 76%-ға аз.

Ішкі нарықта бензинді сату 5 млн тоннаны жетті, бұны 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айымен салыстырғанда 5,7%-ға артық.

Жергілікті компаниялар дизельмен ішкі нарықты 96,8%-ға қамтамасыз етті. Импорт керісінше 3,2%-ға дейін қысқарды. Елге 177,7 мың тонна дизель отыны әкелінді, бұл 2021 жылға қарағанда 47,2%-ға аз. Ішкі нарықта дизельді сату жыл ішінде 7% немесе 5,5 мың тоннаға дейін өсті.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан бензин мен дизель отынын елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны