02.02.2022, 17:12 11001

ҚДКБҚ наурыз айына теңгедегі депозиттерге тиесілі максималды мөлшерлемелерді жариялады

Мерзімдік депозиттерге тиесілі 12 (он екі) айлық максималды мөлшерлеме 0,3 пайыздық пунктке ұлғайды.
ҚДКБҚ наурыз айына теңгедегі депозиттерге тиесілі максималды мөлшерлемелерді жариялады
Сурет: ҚДКБҚ
НҰР-СҰЛТАН. 2 АҚПАН - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2022 жылдың наурыз айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерді бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚДКБҚ деректері бойынша, мерзімдік депозиттерге тиесілі 12 (он екі) айлық максималды мөлшерлеме 0,3 пайыздық пунктке ұлғайды.
 

Жекелеген банк салымдарының айрықша шоғырлануына байланысты 3, 6 және 24 айлық мерзімдік депозиттер мен 24 айлық жинақтық депозиттерге тиесілі максималды сыйақы мөлшерлемелері ақпан айындағы мәндік деңгейінде бекітілді", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Осыдан бұрын, 2022 жылдың 24 қаңтарында базалық мөлшерлеме өзгеруіне байланысты ауысқан мерзімсіз депозиттердің максималды мөлшерлемесі өз деңгейінде қалды.
 

Осыдан бұрын, елдегі қаржы тұрақтылығын қамту мақсатында 2020 жылың 11 қаңтарында 3, 6 және 12 айлық жинақтық салымдар мөлшерлемесі айрықша ұлғайды. Жағдайдың тұрақталуы мен депозиттердің осы түрлері бойынша нарықта қалыптасқан орташа мөлшерлемелерді ескере отырып, 2022 жылдың наурызынан бастап 3, 6 және 12 айға жинақ салымдары бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесін бірте-бірте төмендету туралы шешім қабылданды", - деп түсіндірді қорда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны