24.08.2023, 15:26 33996

ЕАДБ қолдауымен құрылған жаңа электрондық алаңда Қазақстан билігі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасының конкурсын алғаш рет жариялады

Процесті цифрландыруға Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) Техникалық көмек қорының (ТЖҚ) қаражатынан арнайы алаң құру үшін грант ұсынды
ЕАДБ қолдауымен құрылған жаңа электрондық алаңда Қазақстан билігі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасының конкурсын алғаш рет жариялады
Сурет: Depositphotos
Электрондық алаң құру жөніндегі жұмысты 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (ҚР ҰЭМ) және "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ (МЖӘ ҚазОрталығы) Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) жобаларын жоспарлау және іске асыру процесінің ашықтығын көздейтін портал құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында бастады. МЖӘ туралы Заңға өзгерістер енгізу арқылы әдіснамалық негіз дайындалды (ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты енгізілді). "Электрондық қаржы орталығы" АҚ-мен бірлесіп конкурстық рәсімдерді өткізу және МЖӘ шарттарын жасасу үшін 3 модуль әзірленді.

Процесті цифрландыруға Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) Техникалық көмек қорының (ТЖҚ) қаражатынан арнайы алаң құру үшін грант ұсынды.

Әзірленген жүйе кең функционалдық мүмкіндіктерге ие және бір терезе режимінде МЖӘ жобалары бойынша барлық конкурстық рәсімдер мен ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Оны Қазақстан Республикасының басқа ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарлануда.

ЕАДБ-ға қатысушы елдерде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын дамытуға ерекше мән береміз, өйткені олар көлік, білім беру, коммуналдық инфрақұрылым және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, логистикалық маршруттарды кеңейтуге және экономиканың басқа да секторларына тікелей әсер ететін маңызды салаларда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға ықпал етеді. Қазақстандағы жаңа электрондық сервис - бұл инновациялық шешім ғана емес, сонымен қатар жобалар туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Бұл шешім инвестицияларды тартуда және өңірде стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды құруда шешуші рөл атқаратынына сенімдіміз", - деп атап өтті ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары Ярослав Мандрон.


МЖӘ конкурстық рәсімдерін өткізу порталы бәсекелестікке жол ашады, жеке әріптесті іріктеу процесінің ашықтығы есебінен инвесторлардың МЖӘ жобаларына қызығушылығы артады", - деп толықтырды Қазақстандық МЖӘ орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Нұртас Қайыров.


Порталдың функционалы электрондық мемлекеттік сатып алуларға ұқсас, бұл жергілікті және орталық атқарушы органдардың қағаздан цифрлық форматқа көшуін жеңілдетеді. МЖӘ ерекшелігін ескере отырып, портал МЖӘ конкурстық рәсімдері процесінде тәртіпті арттыруға мүмкіндік беред", - деп атап өтті Қазақстандық МЖӘ орталығының ақпараттық-цифрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры Марат Аталин.


Қазақстанның жаңа электрондық алаңында (ppp.ecc.kz) МЖӘ жобасы бойынша жеке инвесторды айқындаудың конкурстық рәсімі алғаш рет өткізіледі. Қазіргі уақытта хабарлау рәсімі іске қосылды, оның шеңберінде әлеуетті жекеше әріптестер жобаны іске асыру үшін өз ұсыныстарын енгізе алады.

Анықтама үшін:

Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) - еуразиялық кеңістікте инвестициялық қызметті жүзеге асыратын халықаралық қаржы ұйымы. 17 жылдан астам уақыт бойы ЕАДБ экономикалық байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге және қатысушы елдердің жан-жақты дамуына жәрдемдесіп келеді. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. ЕАДБ портфеліндегі негізгі үлесті көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау салаларындағы интеграциялық әсері бар жобалар алады. Банк өз қызметінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын және ESG қағидаттарын басшылыққа алады.

ЕАДБ техникалық жәрдемдесу қорының (ТЖҚ) қаражаты инвестициялық жобаларды іске асыру және қатысушы елдерде дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. ЕАДБ ТЖҚ қаражатынан ЕАДБ миссиясының мақсаттарына жауап беретін инвестициялық жобаларды кредиттеу бойынша Банктің мүмкіндіктерін кеңейту іс-шаралары қаржыландырылады, болашақ жобаларды дайындау сатысында әлеуетті қарыз алушыларға да, жобалары институционалдық ортаны дамытуға және экономикалық даму мен өсуге жәрдемдесуге бағытталған ұлттық үкіметтерге немесе ұйымдарға да қаржылық қолдау көрсетіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны