14.10.2025, 19:51 133851

Экономиканың базалық секторларын дамыту Қазақстанда жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік берді

Экономиканың базалық секторларын дамыту Қазақстанда жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік берді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 9 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Жиында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Ұлттық банкі төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев, қаржы министрі Мәди Такиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндама жасады. Сондай-ақ Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының әкімдері тыңдалды.

Оның айтуынша, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша көлік және қоймалау саласындағы нақты көлем индексі 121,2%-ды құрады. Саланың өсу динамикасына жүк тасымалының жалпы көлемінің артуы әсер етті. Бұл көрсеткіш 853,5 млн тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,1 %-ға жоғарлады. Оның ішінде автомобиль көлігімен жүк тасымалы 1,3 %-ға, құбыр арқылы тасымалдар 15,9 %-ға және теміржол көлігімен жүк тасымалы 10,5 %-ға өсті. Барлық көлік түрлері бойынша жолаушылар тасымалы 11,4 %-ға өсіп, 1 млрд 411 млн жолаушыны құрады.

Тасымал көлемі экономиканың жай-күйін көрсетеді және көрсеткіштердің басым бөлігі бойынша өсім бар. Жүк тасымалы көлемінің өсуі экономиканың базалық секторының дамуы есебінен қамтамасыз етілді, атап айтқанда тау-кен металлургиясы, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларының есебінен. Аталған салалар - көлік қызметтерінің негізгі пайдаланушылары. Есепті кезеңде олардың өсуі оң динамиканы көрсетті. Өңірлер бөлінісінде де барлық түрлер бойынша өсім байқалады. Айтарлықтай өсу Астана қаласында байқалды, онда қоймалау және қосалқы қызметтердің көлемі жәнне теміржол көлігімен жүк тасымалдау артты. Қостанай облысында теміржол көлігімен жолаушылар және автомобиль көлігімен жүк тасымалы өскен. Ал Солтүстік Қазақстан облысында және Шымкент қаласында құбыр арқылы тасымалдың, пошта мен курьерлік қызметтерінің төмендеу есебінен көрсеткіштері де шамалы төмендеді", - деді ол.


Оның айтуынша, көлік саласындағы өсу серпіні жыл соңына дейін сақтау инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі. Олардың ішінде Алматы станциясының айналма теміржолы желісінің құрылысын аяқтау, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, көлік паркiн жаңарту жобалары бар. Биыл жалпы ұзындығы 7 мың шақырым автожолда жұмыстарды аяқтау жоспарланған, оның 4 мыңы республикалық маңызы бар және 3 мыңы жергілікті маңызы бар жолдар.

Түркі мемлекеттер ұйымының қатысушы елдерімен шетелдік рұқсат бланкілерін электрондық форматқа көшіру, бұл аталған елдермен жүк рейстерінің санын арттырып, әкімшілік шығындарды азайтады. Сондай-ақ, "Достық-Мойынты" учаскесінде екінші жолдардың құрылысын аяқтау есебінен Қытай бағытындағы экспорттық және транзиттік тасымалдарды ұлғайту жоспарлануда. Жалпы, аталған шаралар саланың тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, ел экономикасына қосылатын үлесті арттыруға мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны