29.06.2023, 17:10 41556

Еліміздің экономикасы 3,3%-ға өсті

Қабылданып жатқан шаралар биыл тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мол мүмкіндік берді
Ел экономикасы өткен жылдың қорытындысы бойынша 3,3%-ға өскен. Бұл туралы "AMANAT" партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде ел экономикасы сыртқы келеңсіздіктерге бейімделіп, тұрақты даму жолына түсті. Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 27%-ке көбейді.

Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны 4,1 млн-ға жетті. Қабылданып жатқан шаралар биыл тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мол мүмкіндік берді.

Соңғы 5 айда жалпы ішкі өнім 4,5%-ке өскен. Мамырда жылдық инфляция 21%-тен 15,9%-ке дейін баяулады. Енді Үкімет жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендетуді көздеп отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны