10.04.2023, 09:44 22446
Елорда тұрғындарынан электр қуаты үшін артық төлемдер алынды: прокуратура тексеруді бастады
"Астана-АЭК" АҚ электр энергиясының көлемін қайта бөлді
Астана. 10 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Ағымдағы жылы әлеуметтік желілерде елорда тұрғындарынан электр энергиясы үшін артық төлемдерді алу туралы жарияланымдар жиілеп кетті. Бұл мәселе қала прокуратурасында уәкілетті органдардың, әкімдіктің және қызмет көрсетушілердің ("Астана-АЭК" АҚ және "Астанаэнергосбыт" ЖШС) қатысуымен талқыланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымнан деректерді қабылдап-жинақтаудың тиісінше ұйымдастырылмауына байланысты тұтынылған электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмегені анықталды. Көптеген астаналықтарға орташа тәуліктік көлемді есептеген. Осылайша есептеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес абонент нақты қабылдаған энергия мөлшері үшін энергия төлемін жүргізу туралы Азаматтық кодекстің 488-бабының талаптары бұзылған. Нәтижесінде қала тұрғындарына үлкен мөлшерде есепшоттар келген. Мән-жайды анықтау үшін азаматтар "Астана-АЭК" АҚ мен "Астанаэнергосбыт" ЖШС-нің "табалдырықтарын тоздыруға" мәжбүр болған. Шектелмеген адамдар тобы құқықтарының бұзылуын ескере отырып, қала прокуратурасы Бас прокуратура арқылы Табиғи монополияларды реттеу комитетіне қадағалау актісін енгізді", - деп хабарлады прокуратура.
Уәкілетті орган электр энергиясы үшін негізсіз есептеуге жол берген субъектілерге тексеру жүргізу туралы мәселені қарауы қажет. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Заңда көзделген ден қою шараларын қабылдайды.
Қазіргі уақытта "Астана-АЭК" АҚ бірнеше он мыңдаған абоненттерге электр энергиясының көлемін қайта бөлді. Есептеулерді түзету жұмыстары жалғасуда және ол прокуратураның бақылауында", - деп атап өтті ведомствода.
Сондай-ақ электр энергиясы үшін артық төлемдер бөлігінде тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар мен ұйымдар Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі қалалық департаментке өздігінен жүгіне алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
16.05.2025, 20:34 941
Сәуір айында Қазақстанда жылдық инфляция қарқын алды
Сәуірде елде жылдық инфляция жеделдеп, 10,7% (наурызда - 10,0%) болды. Жылдық инфляцияның қарқыны 18 өңірде байқалды. 1 өңірде баяулап, тағы 1 өңірде бұрынғы деңгейде сақталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Жылдық инфляцияның 13,8%-дық ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.
Сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 8,5%-ға (наурызда - 7,6%) дейін жеделдеді. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ақмола облысында (11,2%) айтарлықтай жоғары өсім көрсетті. Ал Қызылорда облысы мен Алматы қаласында(6,8%-дан) төмен өсім байқалды.
Сәуірде азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,9%-ға (наурызда - 9,1%) дейін баяулады. Ең жоғары мән Түркістан облысында (14,8%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,9%) тіркелді.
Сәуірде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 15,7%-ға (наурызда - 14,3%) дейін жеделдеді. Сонымен қатар, Алматы қаласында (20,0%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Павлодар облысында (8,6%) айтарлықтай төмен өсім көрсетті.
Сәуірде айлық инфляция ел бойынша 1,2% болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2025, 18:32 1201
Қазақстан-Қытай I Көлік форумында стратегиялық құжаттарға қол қойылды
Қазақстан-Қытай I Көлік форумында стратегиялық құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Астанада Қазақстан - Қытай I Көлік форумы өтті, оның аясында "ҚТЖ" ҰК" АҚ белсенді қатысты.
Іс-шара барысында "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев екі ел арасындағы теміржол көлігімен тасымалдау динамикасы тұрақты оң өсімді көрсетіп отырғанын атап өтті.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен ҚХР арасындағы тасымалдау көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13% - ға өсіп, 32 млн тоннаны құрады, бұл тарихи ең жоғары деңгейге айналды. 10 жыл ішінде қытайлық темір жолдарымен белсенді өзара әрекеттесудің арқасында жүк тасымалы 4,5 есе өсті.
Қазіргі уақытта мынадай ірі: Достық - Мойынты темір жол учаскесінде екінші жолдарды, Алматы аумағын айналып өтетін темір жол тармағын, Дарбаза - Мақтаарал темір жол желілерін, Бақты - Аягөз - жиынтығында 1300 км жаңа темір жол жолдарын салу жобалары іске асырылуда.
ҚР және ҚХР экономикалары үшін стратегиялық маңызы бар Транскаспий көлік бағдары дамуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан 358 контейнерлік пойыз жүрді, бұл 2023 жылға қарай 33 есе өскенін көрсетті.
ҚТЖ ҚХР-дағы әріптестерімен бірлесіп ҚР - ның негізгі өңірлерінде және шетелде жаңа терминалдар салып, қолданыстағы терминалдарды дамытуда-Ляньюньган портындағы (ҚХР) қазақстан-қытай терминалы; Орталық Азиядағы ең ірі Құрғақ порт KTZE-Khorgos Gateway; Мемлекет басшысының қатысуымен салтанатты түрде ашылған Сиандағы (ҚХР) терминалы атап өтілді.
Сондай-ақ, Алят портында (Әзірбайжан) интермодальды терминал салу жоспарлануда. Алматы қаласында логистикалық орталықты (ГТС-2) пайдалануға беруге дайындалуда . Сонымен қатар, қытайлық серіктестермен бірге Селятинода (РФ) және Свислочь станциясында (Беларусь) жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, форумда "Порт Құрық" ЖШС ("ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) және Qingdao Port International (ҚХР) компаниясының басшылары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Ал KTZ Express өкілдері Ляньюньган порты, COSCO Shipping Group және China Communications Construction Company (CCCC) сияқты логистика және инфрақұрылым саласындағы жетекші қытайлық компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Бұл бастамалар Қазақстанның Еуразияның стратегиялық транзиттік торабы ретіндегі ұстанымын нығайтуға және халықаралық сауда талаптарына жауап беретін заманауи, тұрақты логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2025, 12:53 1941
БАӘ инвесторы Астана әуежайын дамытуға 500 млрд теңгеден астам қаржы салады
Terminals Holding (БАӘ) Астана әуежайын, Арнайы экономикалық аймақты және оған іргелес аумақтарды дамытуға БАӘ инвесторы Астана әуежайын дамытуға 500 млрд теңгеден астам қаржы салады, деп хабарланды әуежай сайтында.
Terminals Holding өзінің еншілес кәсіпорны Terminals Astana Airport Limited компаниясымен Астана қаласында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын сенімгерлік басқару туралы 25 жылдық инвестициялық келісім-шарт жасасқанын қуана хабарлайды. Бұл маңызды оқиға Қазақстанның негізгі көлік торабы дамуына жаңа дем беріп, оның маңызды әлеуетіне деген сенімімізді растайды.
Жолаушылар ағыны 2023 жылы жылына 7,5 миллион жолаушыдан 2024 жылы 8,3 миллион жолаушыға дейін өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2025, 12:18 1601
Павлодар мұнай-химия зауыты алғаш рет қысқы дизель отынын шығарады
Павлодар мұнай-химия зауыты алғаш рет қысқы дизель отынын шығарады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Биыл жыл соңында Павлодар мұнай-химия зауытында дизель отынын гидротазартатын қондырғыны жаңарту жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр.
Бұл қондырғының ағымдағы қуаттылығын 2,3 млн тонна деңгейінде сақтай отырып, жазғы дизельмен қатар, қысқы дизель отынын да өндіруге мүмкіндік береді.
Инвестициялық жобаны "Самұрық-Қазынаның" еншілес компаниясы - "ҚазМұнайГаз" жүзеге асыруда.
Қысқы дизель отынын өндіру Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін -28℃ дейінгі аязға төзімді сапалы жанармаймен қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2025, 16:41 17021
Орталық - Батыс автожолы Астананы Транскаспий халықаралық көлік маршрутымен байланыстырады
Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Президенттің Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында айтылған автожол желісін дамыту, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру, энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Арқалық қаласында Премьер-министр өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталған "Орталық - Батыс" күре жолын салу жөніндегі жобаның жағдайымен танысты. Жаңа автомагистрал Астананы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстырады. Жоба халықаралық стандарттарға сай заманауи жол салуды көздейді. Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев үш жол айрығын, 20 көпірді, теміржол арқылы өтетін бір жол өткелін, елді мекендерге кірме жолдар салу жоспарланып отырғанын баяндады. Нәтижесінде, Астанадан батыс облыстарға қатынайтын бағыт 560 шақырымға қысқарып, 5 сағатқа жылдам жетуге мүмкіндік береді.
Көлік министрлігінің мәліметінше, трассаның техникалық санаты III деңгейден II деңгейге көтеріледі. Жаңа бағыт 70 мың тұрғыны бар 13 елді мекенді қамтиды. Өткізу қабілеті тәулігіне 3 мың автокөлікке жетеді. Жалпы, жобаны іске асыру қаланы еліміздің солтүстігі мен оңтүстігі, сондай-ақ Орталық Азия мен Ресей арасындағы негізгі логистикалық торапқа айналдырады. Бұл сенімді көлік қатынасын қамтамасыз етіп, өңірдің бизнесі мен экономикасын дамытуға серпін береді.
Премьер-министр автожол құрылысын бір ай ішінде бастауды тапсырды.
Бұл - тікелей Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба. Бүкіл еліміз үшін, Торғай өңірі үшін маңызды жол. Сондықтан бұл іске аса жауапкершілікпен қарау маңызды.
Бір ай ішінде жоба бойынша жұмысты бастап, оны жылдам әрі сапалы жүргізу керек. Жаңа жол бойында бизнеске мүмкіндіктер ашылады. Бұл - өңірге жаңаша серпін беретін жоба. Сондықтан министрлікпен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізу қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-министрге "Жезқазған - Петропавл" республикалық автожолындағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндалды. Жобада жолдың 71 шақырымында жол жабынын жаңарту, 54 су өткізу құбырын орнату көзделген. Жұмыстар Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейінгі жалпы ұзындығы 87 шақырымды құрайтын учаскені қамтиды. Жобаны жүзеге асыру оңтүстік өңірлерден елордаға дейінгі қашықтықты 600 шақырымға, Қостанай мен Петропавлға дейінгі қашықтықты 450 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. Жолдың өткізу мүмкіндігі тәулігіне 2,5 мың автокөлікке дейін артады.
Сонымен қатар Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары да тексерілді. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов нысанның ұзындығы 2,5 мың метр және ені 50 метр ұшу-қону жолағы, сондай-ақ өлшемі 200X300 м перрон бар екенін баяндады, бұл АН-24, Q400, CRJ 200 сияқты әуе кемелері түрлерін қабылдауға мүмкіндік береді. Жоба аясында жаңа терминал салу, сондай-ақ ұшу-қону жолағын, такси жолын және перронды қайта жаңарту жоспарланып отыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін өткізу мүмкіндігі сағатына 70 жолаушыны құрайды.
Олжас Бектенов әуежайды қалпына келтіру жұмыстарын биыл аяқтауды тапсырды. Іске асырылып жатқан жобалардың стратегиялық маңызы, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың қатынауын едәуір жеңілдетудіің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстанның көлік саласындағы әлеуеті зор және өңірдегі негізгі транзиттік хабқа айналуы тиіс. Біз тиісті инфрақұрылымды түбегейлі дамытып жатырмыз - бұл стратегиялық міндет. Бізде барлық қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер бар. Жобаларды қысқа мерзімде, сапасын жоғалтпай жүзеге асыру маңызды. Бұл өңірлердің дамуына айтарлықтай серпін береді және экономиканы әртараптандырудың маңызды құралына айналады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.05.2025, 17:20 31646
Армения Қазақстанмен сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Армения Парламенті Спикерінің сапары екіжақты ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан маңызға ие екенін айтты. Президент өзара ықпалдастықты ілгерілетуге заң шығарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуі қажет деп санайды.
Мемлекет басшысы Арменияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі ретінде атады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінде қазақ-армян қарым-қатынасы көптеген бағыт бойынша жоспарға сай дамып келеді. Бұған тұрақты саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар ықпал етіп отыр.
Ален Симонян қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына шынайы ықыласын жеткізді. Ол екіжақты диалогтың басты тетіктерінің бірі ретінде парламентаралық ықпалдастықты нығайту мен сенімді саяси серіктестік орнатудың мәні зор екеніне тоқталды.
Сондай-ақ Ұлттық жиналыс төрағасы Армения Республикасының Қазақстанмен экономикалық байланыстарды жандандыруға мүдделі екенін атап өтті. Оның пікірінше, өзара сауда-саттық көлемін арттыруға ықпал ететін нақты шараларды қолға алу керек.
✔️Армян тарапы орайлы сәтті пайдалана отырып, Қазақстанның Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнатуға күш салғаны үшін алғыс айтты.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ален Симонян екі елдің әл-ауқаты мен өрлеуі жолында қазақ-армян қарым-қатынасын жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.05.2025, 17:16 31891
"Самұрық-Қазына" тобының таза пайдасының өсімі 40 пайызға жетіп жығылды
Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" тобының 2024 жылы таза табысы 39 пайызға, операциялық табысы 9 пайызға өскені туралы мәлімет берілді.
Президентке ұсынылған ақпаратқа сәйкес, былтыр 4 ірі инфрақұрылымдық жоба аяқталған. Атап айтқанда, Екібастұздағы бірінші Мемлекеттік аймақтық электр стансасының №1 энергоблогы қалпына келтірілді, Сиань қаласында көлік-логистика терминалы жұмыс істей бастады, Алматының энергетика кешеніне қажетті газ инфрақұрылымының құрылысы аяқталды, Қарашығанақ кен орнында газды кері айдауға арналған бесінші компрессор пайдалануға берілді.
Нұрлан Жақыпов биыл мамыр айында битум өндірісін кеңейту жобасы басталғанын жеткізді. Жыл соңына дейін тағы 7 ірі инвестициялық жоба, соның ішінде, Кендірлі кентінде су тұшыту зауыты, Алматы қаласын айналып өтетін теміржол желісі, Ақтау портында контейнерлік хаб, Талдықорған - Үшарал магистральді газ құбыры, Жамбыл облысында жел қондырғылары бөлшектерін шығаратын зауыт құрылыстары іске асырылады. Ал Достық - Мойынты учаскесіндегі екінші теміржолды мерзімінен бір жыл бұрын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Qazaq Air АҚ әуе компаниясы мен "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Теле2) ұялы байланыс операторын стратегиялық инвесторларға сату жөнінде мәмілелер жасалды. Бұл нарықтағы бәсекелестікті арттыруға және Қазақстан экономикасының негізгі секторларына инвестиция тартуға ықпал етеді.
Мемлекет басшысына "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының орындалуы туралы мәлімет берілді. Қазіргі кезде 106 мектептің құрылысы бітуге жақын, жыл соңына дейін тағы 102 оқу ошағын салу жоспарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеп, компания активтерінің тиімділігін жоғарылату, құнын арттыру, сондай-ақ инвестициялық жобаларды уақтылы және сапалы жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.05.2025, 12:58 36651
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты
Өңдеу көлемінің артуы ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие негізгі мұнай өнімдерінің өндірісінің ұлғаюына басты фактор болды
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2025 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қорытындыларын шығарды.
Елдің ірі мұнай өңдеу зауыттарында 2025 жылдың алғашқы төрт айында 6,092 млн тонна мұнай өңделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға жоғары.
Өңдеу көлемінің артуы ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие негізгі мұнай өнімдерінің өндірісінің ұлғаюына басты фактор болды.
Атап айтқанда: автомобиль бензині өндірісі 25,4%-ға артып, 2,082 млн тоннаны құрады; дизель отынының өндірісі 18,9%-ға өсіп, 1,921 млн тоннаға жетті; авиациялық керосин өндірісі 5,3%-ға артып, 0,255 млн тоннаны құрады.
Энергетика министрлігі мұнай өңдеу саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен сенімді жабдықтау, сондай-ақ кәсіпорындардың тиімділігі мен технологиялық даму деңгейін арттыруға бағытталған стратегиялық шараларды іске асыруды жалғастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
16.05.2025, 15:41Қазақстанда жыл басынан бері есірткі жеткізілімінің 62 арнасы жойылды 16.05.2025, 12:53 1931БАӘ инвесторы Астана әуежайын дамытуға 500 млрд теңгеден астам қаржы салады16.05.2025, 12:18 1591Павлодар мұнай-химия зауыты алғаш рет қысқы дизель отынын шығарады16.05.2025, 16:22 1561Алматыдағы шағын аудандардың бірінде су жинағыш құрылғысы салынады16.05.2025, 12:03 1241Ақмола облысында екі жүз килограмм жарылғыш заттар тәркіленді
14.05.2025, 17:26 55556Скляр мен Қытай компаниясының басшысы елімізде жүгеріні терең өңдеуге арналға өнеркәсіптік парк салу бойынша инвестициялық жобаны талқылады14.05.2025, 15:26 55386Қызылордада мемлекет пайдасына 900 млн теңге құрайтын мүлік қайтарылды12.05.2025, 11:06 52181Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді13.05.2025, 17:33 51086Елорда әуежайын одан әрі дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция тартылады13.05.2025, 16:37 50646Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін тыңдады
18.04.2025, 07:08 1816312025 жылдың сәуір айының 15-ші жұлдызында "Almaty Theatre" концерт залында "Көкіл" мектебінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті18.04.2025, 12:56 179231Алматыда "Ялян", "Алатау", "Сәлем" және "Байсат" базарларында 100-ден астам стихиялық сауда нүктелері жойылды17.04.2025, 13:37 157276Алматыда жасыл желектерге биологиялық өңдеу жүргізіледі08.05.2025, 14:24 146936Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті08.05.2025, 18:58 145411"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті