04.11.2022, 16:18 25981

Энергия өндірушілер генерациялайтын қондырғылардың құрылысына аукциондық сауда-саттыққа қатыса алады

Энергия өндірушілер генерациялайтын қондырғылардың құрылысына аукциондық сауда-саттыққа қатыса алады
Астана. 4 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Энергетика министрлігі 2022 жылғы 14 желтоқсанда генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты қайта өткізілетіні туралы хабарлайды.
 

Осы аукциондық сауда-саттық шеңберінде электр энергиясын өндіру үшін судың гидродинамикалық энергиясын және (немесе) газды пайдаланатын жобаларды іске асыруға тиіс, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың алаңдарында генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылар салуды көздейтін жобаларды іріктеу көзделеді. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша іріктеуге жоспарланған көрсетілетін қызмет көлемі 550 МВт құрайды", - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы заңнамада белгіленген мерзімде (газ электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде) генерациялайтын қондырғының құрылысын аяқтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы заңнамада көзделген талаптарды орындауға міндетті.
 

Өз кезегінде, инвестор үшін электр қуаты нарығы шеңберінде 15 жыл ішінде "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" ЖШС тарапынан енгізілген электр қуаты көлеміне салынған инвестициялардың кепілдендірілген қайтарымы қамтамасыз етілетін болады", - деп нақтылады ведомствода.

 
Энергетика министрлігі аукциондық сауда-саттық тетігі Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі реттеу қуатының тапшылығын жабу мақсатында, сондай-ақ халықты және кәсіпкерлік субъектілерін сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін енгізілгенін еске салды.
 

Сонымен қатар, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының 86 тармағына сәйкес сауда-саттықта өтінім берушілердің саны екіден кем болуына байланысты, 2022 жылғы 30 қыркүйектегі аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылғанын атап өтеміз", - деп түсіндірді министрлік.

 
Аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесімен және аукциондық құжаттамамен ҚР Энергетика министрлігінің сайтында танысуға болады.
 
Бұған дейін Қазақстанның кейбір қалаларында электр желілерінің тозу деңгейі 80%-ға жеткені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны