11.04.2025, 11:42 94646

FlyArystan Алматыдан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа рейс ашуда

FlyArystan Алматыдан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа рейс ашуда
FlyArystan Алматыдан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа рейс ашуда, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

Қазақстандық FlyArystan лоукостері Қытайға Алматы - Инин (Құлжа) - Алматы жаңа маусымдық бағыты бойынша билеттерді сатылымының басталғанын хабарлайды.

Алғашқы рейс 2025 жылдың 18 мамырына жоспарланған. Рейстер аптасына екі рет - бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.

FlyArystan бұл бағытта қызмет көрсететін алғашқы қазақстандық әуекомпания болмақ. Инин, сондай-ақ Құлжа атауымен белгілі қала, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында орналасқан және Іле-Қазақ автономиялық аймағының әкімшілік орталығы қызметін атқарады. Қазақ диаспорасының басым көпшілігі осы қалада тұрады. Инин Қазақстан мен Қытай шекарасындағы негізгі көлік торабы Хоргос маңына жақын орналасқан. Алматыдан Ининге дейінгі жол құрлықпен орта есеппен 10 сағатты алса, рейспен шамамен бір сағат уақытты алады.

Сонымен қатар, FlyArystan бұған дейін Астанадан Үрімшіге 2025 жылдың 13 сәуірінен бастап аптасына екі рет орындалатын рейстердің қайта басталатынын жариялаған болатын. Астанадан ұшу бейсенбі және жексенбі күндері жоспарланған, ал Үрімшіден кері рейстер дүйсенбі және жұма күндері орындалады.

Айта кетейік, 2025 жыл ресми түрде Қытайдың Қазақстандағы Туризм жылы болып жарияланды. 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап екі ел арасында визасыз режим енгізілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны