16.03.2023, 18:24 60621

ГЭС құрылысын Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан энергетика министрлері талқылады

Жобаны іске асыруға дайындаудың негізгі кезеңдері келісілді
ГЭС құрылысын Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан энергетика министрлері талқылады
Сурет: gov.kz
Астана. 16 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан энергетика ведомстволарының басшылары "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасы бойынша кезекті үшжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу аясында жобаны іске асыру бойынша "Жол картасын" іске асыру барысы талқыланды, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары бойынша құжаттың жобасы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша жобаны іске асыруға дайындаудың негізгі кезеңдері келісілді, сонымен қатар келесі кездесуді осы жылдың наурыз айының соңына дейін өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуі барысында Қазақстан трансшекаралық өзендердің су ресурстарын өзара тиімді пайдалану мақсатында бірлескен гидроэнергетикалық жобаларды іске асыруға ерекше мән беретінін мәлімдеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны