06.09.2022, 15:35 8516
ИИДМ ағымдағы жылы көмір бағасы туралы айтты
Министрдің айтуынша, биыл разрездер бағаны былтырғы деңгейде ұстап тұр.
Мысалы Шұбаркөл разрезі былтырғы бағаны төмендетті. Былтыр 6 264 теңге болса, биыл 6 160 теңгеден сатып жатыр. Қалғандары тұрақты былтырғы бағамен ұстап тұр. Қазақстан темір жолымен де келістік. Олар да тарифті өсірмейтін болды. Ең төмен баға Солтүстік Қазақстан облысында бір тоннасына 14,5 мың теңге болса, Батыс Қазақстанда 21 600 теңгеге дейін жеткен. Ақмола облысында Атбасарда "Қаражыра" көмірі 14,5 мың теңге, "Шұбаркөл" көмірі 15 мың теңге, Степногорскте "Шұбаркөл" көмірі 22 мың теңге, ал ең шалғай ауылда 25 мың теңгеге дейін барады", - деді Өскенбаев Үкімет отырысында.
Айтуынша, қазір ауылдарға көмірді қолжетімді бағамен жеткізу үшін әкімдіктермен және жүк тасу компанияларымен жұмыс жүргізіліп жатыр. 2022-2023 жылдарға коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік пен халық үшін көмірдің қажеттілік жоспары әзірленді.
Осы жоспарға сәйкес тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,6 млн тонна, тұрғындарға – 7 млн тонна. 3 қыркүйектегі жағдай бойынша, қажеттіліктің жылдық жоспарына қатысты (2022 жылғы 1 мамырдан 2023 жылғы сәуірге дейін) коммуналдық-тұрмыстық сектор – 49,9%, тұрғындар – 30,9% көмір қорымен қамтамасыз етілді.
Разрездерде көмір толық мөлшерде бар, көмірді өндіру жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр, разрездердегі көмірдің бағасы өткен жылғы деңгейде қалуда", - деді Өскенбаев.
Бұған дейін Смайылов көмірмен дүрлікпе жағдайына жол бермеуді тапсырған болатын.
Ақпарат көзі: sputnik.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.06.2025, 18:14 19161
Алматыда халықаралық логистикалық хаб ашылды
Алматыда ZHETYSU заманауи контейнерлік терминалы ашылды. Ауқымды инфрақұрылымдық жоба "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес компаниясы - "Кедентранссервис" АҚ мен Xi’an Free Trade Port Construction and Operation қытайлық компаниясы арасындағы халықаралық әріптестік нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Негізгі көлік магистральдарының қиылысу нүктесінде бола отырып, жобалық қуаты жылына 115 000 ЖФБ болатын терминал жүк ағындарын шоғырландырудың стратегиялық орталығына және Қазақстанның ең ірі импорттық хабына айналады. Терминал көлік байланысын күшейтеді және логистикалық шығындарды азайтады.
Ашылу күні терминалға Сиандағы (ҚХР) Қазақстан-Қытай жүк терминалынан жөнелтілген алғашқы контейнерлік пойыз келді.
Іс-шараға "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Шэньси провинциясы (ҚХР) партия комитеті хатшысының орынбасары, Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган және басқалар қатысты.
Қазақстан Орталық Азия мен Каспий өңірінің толыққанды көліктік-логистикалық хабына айналуға ұмтылуда. Біз Қорғас пен Сиандағы Құрғақ порттар, Ляньюнгандағы халықаралық логистикалық хаб, Құрық және Ақтау теңіз порттары сияқты ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра, осы бағытта сенімді түрде жүре отырып, халықаралық дәліздер бойында логистиканы дамытып жатырмыз. Алматыда жаңа терминалдың ашылуы - стратегияның бір бөлігі", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов.
Бұл терминалдың ашылуы - екі елдің "Бір белдеу және бір жол" аясындағы ынтымақтастығының символдық жобасы ғана емес, сонымен қатар экономикалық интеграцияның негізгі драйвері. Бұл Қытай, Қазақстан және Еуразия арасындағы экономикалық өзара іс - қимылдың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін халықаралық логистикалық хаб", - деп атап өтті Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co., Ltd. бас директоры Юань Сяоцзюнь.
Терминал аумағында салтанатты ашылу аясында стратегиялық ынтымақтастық пен экологиялық жауапкершілікті нығайтудың белгісі ретінде екі ел өкілдері ағаш отырғызды.
Анықтама: Терминалдың жалпы ауданы 9,8 га. Контейнер алаңы 9200 м2 құрайды және 1 101 TEU дейін бір реттік сақтауға арналған. Қойма үй - жайларының ауданы 23 400 м2-ге жетеді, коммерциялық автокөліктерге арналған тұрақ аймағы-8 900 м2.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2025, 14:58 35726
Болгария екі теңіз портын Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне қосылуға ниетті
Болгария екі теңіз портын Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне қосылуға ниетті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөз мазмұнды болғанына, нақты уағдаластықтарға қол жеткізілгеніне мән берді.
Атап айтқанда, сауда-экономика және инвестиция саласындағы байланыстың ауқымын кеңейтуге баса назар аудардық. Екі ел арасындағы алыс-беріс өсіп жатыр, бұл - жақсы үдеріс. Елімізде 60-қа жуық болгар компаниясы бар. Олар түрлі салада табысты жұмыс істеп жатыр. Дегенмен елдеріміздің экономикалық әлеуеті бұдан әлдеқайда жоғары. Сондықтан бұл көрсеткішті ұлғайта түсуге мол мүмкіндік бар. Біз өзара сауда-саттық көлемін арттыра түсуге келістік. Қос мемлекеттің мүддесіне сай келетін жаңа инвестициялық жобаларды пысықтауға уағдаластық. Әсіресе, мұнай-газ, жаңартылатын энергия, "жасыл" энергетика, атом өнеркәсібі, цифрландыру, инновация, жасанды интеллект, ғарыш саласы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдени-гуманитарлық байланыстар және туризм сияқты салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды екенін атап өттік", - деді Президент.
Сондай-ақ көлік-логистика секторындағы байланысты дамыту мәселесіне назар аударылды.
Тараптар бүгінде стратегиялық сауда жолының біріне айналған Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына Болгарияның "Бургас" және "Варна" теңіз порттарын қосу мәселесін қарастыруға келісті.
Мемлекет басшысы бұл жұмысқа екі елдің Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы баса мән беру қажет деп санайды. Президент Комиссия аясында Көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынды.
Бұдан бөлек, Болгарияның ғарыштық зерттеулер мен технологиялар, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы озық тәжірибесін зерделеп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенімізді жеткіздім. Елімізге Президент Румен Радевпен бірге Болгарияның ірі кәсіпкерлері келді. Бүгін бизнес форум өтеді, бірқатар коммерциялық құжатқа қол қойылады. Бизнес-форумға біз, екі ел басшылары да қатысатын болдық. Бұл екіжақты ынтымақтастыққа айрықша мән берілетінін аңғартады. Біз елімізде жұмыс істегісі келетін Болгария компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Мен іскер топтардың ықпалдастығын нығайту үшін "Қазақстан - Болгария" іскерлік кеңесін құруды ұсындым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2025, 14:52 36021
Қазақстанда "жасыл" алюминий өндіретін кәсіпорын құрылады
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов East Hope Group қытай корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсинмен кездесу өткізді. Онда елімізде циркулярлы экономика қағидаты негізінде түсті металдар өндірісі бойынша интеграцияланған өнеркәсіптік парк құру жөніндегі жобаны іске асыру перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жоба алюминийден "жасыл" өнім шығару бойынша толық өндірістік циклды қалыптастыруға бағытталған және бірнеше басым бағыттарды - шикізат өндіруді, алюминий негізіндегі өнімді қайта өңдеуді және қосылған құны жоғары материалдарды терең өңдеуді қамтиды. Бірінші кезеңде қуаттылығы жылына 2 млн тонна глиноземді қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын және қуаттылығы жылына 1 млн тонна алюминий өндіретін электролиз зауытын салу көзделген. Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерінің көмегімен электр энергиясын өндіру қарастырылған. Іске асыру ең заманауи экологиялық таза технологияларды енгізумен үш кезеңде жүзеге асырылатын болады. Компанияның есептеуі бойынша, жобаны іске асыру барысында 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев неғұрлым әртараптандырылған және болашаққа бағдарланған экономика құру міндетін қойды. Біз шикізат секторына тәуелділікті кезең-кезеңімен төмендетеміз және қосылған құны жоғары өндірісті дамытамыз. Қазақстанда алюминийдің тігінен интеграцияланған өндірісін құру - бұл отандық өнеркәсіп құрылымындағы бағыттың кешенді дамуын қамтамасыз ететін бірегей жоба. Қазақстан Үкіметі ұзақмерзімді ынтымақтастыққа дайын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Лю Юнсин Қазақстан Еуразияның логистикалық орталығы ретінде маңызды рөл атқаратынын, "Белдеу мен жолдың" бірлескен құрылысы аясында бірегей географиялық артықшылық пен даму әлеуетін көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, әсіресе бай минералды ресурстар мен өнеркәсіптік жаңғыртудың үздіксіз іске асырылып жатқан стратегиясы компанияның "жасыл" алюминий, заманауи аграрлық индустрия және жаңартылатын энергетика салаларындағы жаһандық басымдықтарына толық сәйкес келеді.
Кездесу қорытындысы бойынша жауапты министрліктерге жобаны іске асыруда қажетті қолдау көрсету тапсырылды. Бұл ретте компания жергілікті кадрларды оқытуды және қазақстандық мамандардың үлесін кезең-кезеңімен ұлғайтуды қоса алғанда, белгілі бір міндеттемелерді өзіне алатыны атап өтілді.
East Hope Group алюминий өнеркәсібі саласындағы әлемдік көшбасшылардың ондығына кіреді, сондай-ақ полисиликон, "жасыл" энергетика, агроөнеркәсіптік кешен және жоғары технологиялар саласындағы жобаларды белсенді дамытуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2025, 14:36 36716
Қазақстан мен Қытай дәнді және майлы дақылдарды жеткізу көлемін 200 мың тоннаға дейін ұлғайтпақ
Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласындағы сауда-логистикалық ынтымақтастықты нығайтуда, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен Қытайдың "Сиань Ай Цзюй" өнеркәсіптік тобы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығына өңдеу және экспорттау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде меморандумға қол қойды. Сәуір айында Ұлттық оператор Қытай тобына тиесілі Солтүстік Қазақстан облысындағы зауытқа 10 мың тонна көлемінде сынақ партиясын жөнелтті. Ендігі жерде тараптар ұзақмерзімді серіктестікті дамытып, дәнді және майлы дақылдар жеткізу көлемін 200 мың тоннаға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.
Келісім аясында Солтүстік Қазақстан облысында Қытай нарығына бағытталған қазақстандық астықтан тағамдық және мал азығына арналған ұн, өсімдік майы және басқа да өнімдерді өндіру көзделген. Қазақстандық азық-түлік өнімдері бүгінде Сиань қаласының супермаркеттерінде кеңінен ұсынылып, жергілікті тұрғындар арасында сұранысқа ие.
Астық өңдеу кәсіпорындарына тұрақты жеткізілімді қамтамасыз ету үшін ұлттық астық операторы бұл жобаға қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Бұған қоса, Сиань қаласында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен халықаралық Чаньба құрғақ портының операторы арасында тағы бір меморандумға қол қойылды. Бұл логистикалық хаб Азия мен Еуропаның 45 еліне теміржол арқылы жеткізуді қамтамасыз етеді. Қытай тарапы қазақстандық компаниялардың қатысуымен контейнерлік және мультимодальды тасымалдарды кеңейтуге қызығушылық танытты.
Жеткен келісімдер қазақстандық өнімдерді шетел нарықтарына, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азияға ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмалары мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өңдеуді дамыту, экспорт географиясын кеңейту және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің қосылған құнын арттыру жөніндегі басымдықтарына сәйкес келеді.
Экспорттық жеткізілімдердің икемділігін қамтамасыз ету мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы балама бағыттарды да пысықтап жатыр. Жақында өткен "Қытай - Еуропа" теміржол тасымалдары жөніндегі халықаралық конференция аясында қазақстандық астықты Баку порты арқылы Қара теңіз бен Түркия бағытында транзиттеу перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, өнімді ауыстырып тиеу үшін Бакиндегі астық терминалы инфрақұрылымын пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2025, 17:53 90596
Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37,3 млрд АҚШ долларына жетті
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Душанбе қаласында (Тәжікстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Шағын және кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, ауыр және жеңіл өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимыл, авиациялық қатынас, атап айтқанда, мүше мемлекеттердің әуе қозғалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Отырысқа Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Асадов, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Тәжікстан Премьер-министрі - ТМД ұйымына мүше елдер үкіметтері басшылары кеңесінің төрағасы Кохир Расулзода, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамурад Гельдымурадов, сондай-ақ ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев қатысты.
Кеңес жұмысы аясында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ТМД ұйымына мүше елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуі өтті.
ҮБК отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның ұйымды одан әрі дамытуға әрі оның әлеуетін нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екенін атап өтті.
Ынтымақтастықтың қалыптасқан тетіктерінің, елдер көшбасшыларының саяси ерік-жігері мен үкіметтерінің күш-жігері нәтижесінде ТМД кеңістігінде орнықты даму мен дәйекті экономикалық өсу қамтамасыз етілуде. Бұған өткен жылдың қорытындысы бойынша ТМД елдерінің жалпы ЖІӨ көлемінің 4,5%-ға артуы дәлел. Өзара сауда-саттық тұрақтыі өсуде. Өткен жылы Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 1,2%-ға өсіп, $37,3 млрд-қа жетті. Бұл көрсеткіштер экономикалық байланыстардың тұрақтылығын ғана емес, сонымен қатар біздің экономикаларымыз арасындағы өзара толықтырудың жоғары деңгейін көрсетеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов. Ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан Премьер-министрі экономиканың келешегі зор салаларында бірқатар бастама көтерді.
Жиында электронды сауда саласындағы өзара іс-қимылға назар аударылды. Қазақстанда өткен жылы e-commerce көлемі $6,2 млрд-ты құрады. ТМД-да электронды сауда әлеуетін толыққанды іске асыру үшін инфрақұрылымдық базаны дамыту, бизнесті қолдау, тұтыну құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және тағы басқа бойынша шаралар түріндегі кешенді тәсілдің қажеттігі атап өтілді. Бұл шетелдік серіктестермен экономикалық ынтымақтастықты нығайтады және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Көлік-транзиттік инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан аумағында іске асырылатын аса маңызды жобалар атап өтілді. Бұл 2027 жылға қарай дәліздің өткізу қабілетін екі есеге арттыруға, Транскаспий халықаралық көлік бағыты негізгі буыны ретінде Трансқазақстандық теміржол дәлізін кеңейтуге, Астананы еліміздің батыс өңірлерімен және халықаралық бағыттармен байланыстыратын "Орталық - Батыс" күре жолын салуға бағытталған "Солтүстік - Оңтүстік" шығыс бағытын дамыту жөніндегі кешенді жол картасы. Аталған жобалар Қазақстан Президентінің ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін күре жолдарды өзара ұштастыру тұжырымдамасын қалыптастыру жөніндегі бастамасын іске асыруда маңызды элементтер саналады.
Елдердің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын стратегиялық сала - ауыр машина жасау. Қазақстанның ТМД елдерінің серіктестерімен ынтымақтастығын дамыту келешегі атап өтілді. Жеңіл өнеркәсіп саласында кооперацияны тереңдету, бірлескен өндірістік жобалар мен кластерлерді қолдау маңызды.
Цифрлық саладағы озық шешімдермен тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударылуда. Қазақстанда құрылып жатқан Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығы денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік басқару, өнеркәсіп және тағы басқа салаларға ЖИ енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттердің уәкілетті құрылымдарының киберқауіпсіздік және трансұлттық сипаттағы алаяқтық әрекеттермен күрес саласындағы өзара іс-қимылын жандандыру қажеттігі атап өтілді.
Отырыста ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Тәжікстанның өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабир, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасы Олег Сторчева, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузов баяндама жасады.
Отырыс соңында ТМД мемлекеттері арасындағы ауыр машина жасау салаларын дамытудағы ынтымақтастық туралы келісім; Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту тұжырымдамасы; ТМД елдерінің әуе қозғалысын ұйымдастырудың ұлттық жүйелерін үйлестіру тұжырымдамасы, Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасы сияқты және басқа да бірқатар құжатқа қол қойылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшылары кеңесінің келесі отырысы 2025 жылдың қыркүйек айында Минскіде өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2025, 17:14 91191
Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты
Бахрейнге әуе қатынасы ашылуда, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көлік министрлігі ұшулар географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшулар санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
Биылғы жылдың 5 маусымынан бастап "Fly Arystan" әуе компаниясы Алматы - Манама (Бахрейн) бағыты бойынша маусымдық рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына бір рет орындалады.
Бахрейнге әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туризм, мәдени және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2025, 14:25 90926
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Шешім қабылданғанда нақты деректер, жаңартылған болжамдарды талдау мен инфляция тәуекелдерінің балансын бағалау көрсеткіштері ескерілді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 11,3%-ға жетті. Соңғы айларда бағаның өсуінне түрткі болған негізгі қозғаушы фактор - реттелетін тарифтер мен нарықтық қызметтердің айтарлықтай қымбаттауына байланысты сервистік инфляция болып отыр. Бағаның өсу қарқыны азық-түлік тауарлары бойынша да жеделдегені байқалды. Мамырда айлық инфляция тарихи динамикадан айтарлықтай асып, 0,9% болды. Базалық және маусымдық әсерлерден тазартылған инфляция көрсеткіштері бір жылға есептегенде тиісінше 10,1%-ды және 11,4%-ды құрады. Осының барлығы тұтынушылық сұраныстың қайта артуынан, өндіріс шығындарының өсуінен, сондай-ақ фискалдық ынталандырудың жалғасуынан бағаға қысым сақталып отырғанын көрсетеді. Мамырда халықтың инфляциялық күтулері сәуірдегі 12,2%-ға қарағанда 14,1%-ға дейін өсті. Бұл келешек инфляцияға қатысты құбылмалылық пен белгісіздік сақталып қалғанын көрсетеді.
Сыртқы сектор тарапынан да бағаға қысым күшейе түсті. Бұл Ресейдегі жоғары инфляцияның сақталуына, жоғары сұраныс пен валюталық ауытқулар аясында әлемдік азық-түлік бағасының өсе түсуіне, сондай-ақ сауда қақтығыстарының күшеюінен және шикізат тауарлары бағасының құбылмалылығынан туындаған жоғары белгісіздікке байланысты. Жаһандық баға орнықты түрде өсу үрдісінде қалды. Сауда-саттықтағы шиеленіс инфляциялық тәуекелдерді күшейтіп, өнеркәсіп пен қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділікті тежей түсті. Осы жағдайларда нарық тарапынан саясатты одан әрі жұмсартуға қатысты күтулер болғанымен, орталық банктердің риторикасы әлі де ұстамды қалпын сақтап отыр.
Базалық сценарий аясында Brent маркалы мұнайдың бағасы болжамды кезеңнің соңына дейін орта есеппен барреліне 60 АҚШ долларына дейін төмендеу жағына қайта қаралды. Сценарий шарттары бағаның нақты динамикасын және мұнай нарығындағы ұсыныстың сұраныстан асып кету ықтималын ескере отырып түзетілді.
2025 және 2026 жылдарға арналған инфляцияға қатысты болжам қайта қаралды. 2025 жылы инфляция - 10,5-12,5%, 2026 жылы - 9,5-11,5% шегінде болады деп күтіледі. 2027 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 5,5-7,5%-ға дейін төмендейді. Бұл тежеуші сипаттағы ақша-кредит саясаты мен алдағы салық-бюджет консолидациясы аясында бюджеттік қолдау шараларының біртіндеп қысқаруы нәтижесі болмақ.
2025-2026 жылдар аралығында инфляция болжамын көтеру жағына қайта қарау азық-түлік бағасының өсуіне, сұраныс салдарынан жоғары инфляциялық қысымның орын алуына және мұнай бағасының төмендеуіне негізделеді. Ішкі сұраныстың күшеюі, сыртқы инфляцияның жеделдеуі және инфляциялық күтулердің тұрақсыздығы болжамның негізгі тәуекелдері болып қалуда.
Ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты мен фискалдық қатаңдатудың жоспарлы шаралары инфляцияны тежеуге ықпал етеді. Бұл ретте ЖЖМ бағасының нақты өсу қарқынына, фискалдық тәртіптің күшеюіне (Ұлттық қордан қаражат алуды төмендету жөніндегі жоспарларды іске асыруды қоса алғанда), сондай-ақ реттелетін бағалар мен ҚҚС мөлшерлемелерінің көтерілуінен болатын жанама әсерге байланысты белгісіздік сақталып отыр.
2025 жылы Қазақстан экономикасының өсу болжамы ішкі сұраныстың күшеюіне және инвестициялық белсенділіктің өсуіне байланысты 5-6%-ға дейін көтерілді. 2026 жылға арналған болжам 4-5% деңгейінде жаңартылды. Бұл 2025 жылғы біршама өсуді және мұнай бағасының алдыңғы болжаммен салыстырғанда төмендеу сценариі аясында экспорт өсімінің баяулауын ескереді. 2026 жылы экономикалық өсім ішкі сұраныс пен мұнай өндіру көлемінің артуы есебінен сақталады. Кейін өсім Үкімет жоспарлаған құрылымдық реформалардың сәтті жүзеге асуына байланысты болады. Олардың қатарында негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін ұлғайту, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту және экономиканы либерализациялау шаралары бар.
Қалыптасқан жоғары инфляция бұрын болжанған уақыттан да ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтауды талап етеді. Тәуекелдер балансы проинфляциялық жаққа ауысқан. Бұл базалық мөлшерлемені 2025 жылдың соңына дейін қазіргі деңгейде сақталу ықтималдығын арттырады. Қалыптасқан жағдайды сақтау инфляциялық күтулерді тұрақтандыруға, баға өсімінің үдеуіне жол бермеуге және инфляцияны 5%-дық ортамерзімді мақсатқа жету жолында орнықты траекторияға қайтаруға бағытталған. Ұлттық Банк қажет болған жағдайда базалық мөлшерлемені көтеруі де мүмкін.
Ұлттық Банк коммуникациялық саясатты кеңейту аясында ағымдағы болжамды раундтан бастап базалық мөлшерлеме бойынша шешімдерді талқылау қорытындыларының қысқаша мазмұнын жариялай бастайды. Бұл шара әлемдік тәжірибеге сай келеді және ақша-кредит саясатының ашықтығы мен болжамдылығын арттыруға бағытталған.
Қабылданған шешімге түрткі болған факторлар мен болжамдар туралы мейілінше толық ақпарат 2025 жылғы 11 маусымда Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында[1] орналастырылатын Ақша-кредит саясаты туралы баяндамада ұсынылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 11 шілдеде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.06.2025, 18:28 102361
Nurminen Logistics Қазақстанға автокөлік бөлшектерін Транскаспий бағытымен тұрақты түрде жеткізуді бастады
Финляндиялық логистикалық компания Nurminen Logistics Чехияның Прага қаласынан 50 км қашықтықта орналасқан Млада-Болеслав қаласынан Қазақстанның ең ірі көлік зауыты - Қостанай қаласындағы Allur зауытына автокөлік бөлшектері мен жинақтаушы бөлшектерді үлкейтілген сыйымдылықтағы 40 футтық контейнерлермен теміржол арқылы тұрақты тасымалдауды бастады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Allur зауыты - Škoda, Chevrolet және Kia секілді маркалардың Қазақстандағы ресми өндірушісі, дистрибьюторы және дилері болып табылады.
Бұл теміржол-теңіз маршруты бойынша сынақтық рейс 2025 жылдың қаңтарында Nurminen Logistics пен RED STAR LOGISTICS көлік-логистикалық компаниясының бірлесуімен жүзеге асқан болатын. Енді бұл тасымалдар ай сайын Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТМТМ) бойынша, яғни Ресей аумағын айналып өтіп, тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
11.06.2025, 09:43Ақордада Словакия Премьер-министрін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті 11.06.2025, 10:07 29276Жамбыл облысында магистральдық каналдағы суды есептеу жүйесі автоматтандырылды11.06.2025, 13:11 29041Ақмола облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді11.06.2025, 13:16 28791"Қазпоштаны" Бекежан Жақеев басқарады11.06.2025, 13:33 28451Алматыда медициналық бұйымдар шығаратын жаңа зауыт ашылды
05.06.2025, 17:47 98086Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысымен танысты05.06.2025, 18:21 97326Астанада заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылып жатыр05.06.2025, 10:29 96291Денсаулық сақтау министрлігі Жеке емшара кабинеттерін бақылауды күшейтеді05.06.2025, 17:22 95261Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында сатып алу платформасы іске қосылды05.06.2025, 17:14 90606Қазақстан Бахрейнге әуе қатынасы ашты
03.06.2025, 14:47 130836Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды23.05.2025, 13:56 123361Таразда 4000-нан астам бала спортпен шұғылдану мүмкіндігінен заңсыз айырылған23.05.2025, 18:22 121881Алматыда мәслихат депутаттары қала әкімін тағайындау үшін шақырылады23.05.2025, 16:29 120316Қазақстанда жыл басынан бері 40-тан астам адам терроризмге қатысқаны үшін сотталды - ҰҚК23.05.2025, 15:49 119601Алматы қаласының 2025 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары