30.01.2023, 12:21 26346

KEGOC желілері бойынша электр энергиясын беру қызметтерінің көлемі 7,2%-ға өсті

KEGOC желілері бойынша электр энергиясын беру қызметтерінің көлемі 7,2%-ға өсті
2022 жылғы 7 желтоқсанда тұтынудың ең жоғары көрсеткіші 16 459 МВт құрады, сонымен бірге еліміздің электр станцияларының жиынтық генерациясы 15 203 МВт құрады

Астана. 30 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылы елімізде 112 865,9 млн.кВт электр энергиясы өндірілді, электр энергиясын тұтыну 112 944,6 млн. кВтсағ құрады, деп хабарлайды Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының (KEGOC) баспасөз қызметі.

 "KEGOC" АҚ желілері арқылы электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтер көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 7,2%-ға артып, 58 570,3 млн. кВтсағ құрады. Бұл ретте 2022 жылғы желтоқсанда Қазақстанда электр энергиясын тұтынудың рекордтық көрсеткіші тіркелді. 2022 жылғы 7 желтоқсанда тұтынудың ең жоғары көрсеткіші 16 459 МВт құрады, сонымен бірге еліміздің электр станцияларының жиынтық генерациясы 15 203 МВт құрады.

Осындай жоғары жүктемелер кезінде "KEGOC" АҚ пайдаланатын Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) штаттық режимде сенімді жұмыс істеді", - деп атап өтті компания.


Жүйелік оператордың электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтері 104 263,9 млн.кВтсағ көлемінде, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтері 203 232,9 млн. кВтсағ көлемінде көрсетілді.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның түрлі өңірлерінде энергетика объектілеріндегі апаттар жиілеп кетті. Сарапшылар Қазақстанның жылу-энергетика саласындағы негізгі қорлардың жалпы тозу деңгейі 71,8% құрайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстанның энергожүйесі электр энергиясы мен қуат тапшылығы жағдайында жұмыс істеген, оның себептерінің бірі электр станцияларындағы апаттылықтың жоғары болуы болып табылады, ол 2021 жылмен салыстырғанда 16%-ға жоғары.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны