13.04.2022, 17:27 30846

Кредиттердің бір бөлігі "Сбербанк Қазақстан"-нан Halyk Bank-ке аударылады

Кредиттердің бір бөлігі "Сбербанк Қазақстан"-нан Halyk Bank-ке аударылады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 13 СӘУІР - Halyk Bank "Сбербанктен" жеке тұлғаларға тиесілі несие портфелінің едәуір бөлігін, әрі бөлшек бизнес клиенттерінің кредиттік портфелінің бір бөлігін сатып алды. 
 
Мәмілеге Қазақстан даму банкінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша ресімделген автокредиттердің бір бөлігін, кепілсіз кредиттердің, кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға арналған қарыздардың және ипотекалық кредиттердің бір бөлігі кіреді. 
 
Берілген кредиттер бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі – 330 млрд теңге. 
 
2022 жылғы 1 сәуірдегі мәліметке сәйкес, "Сбербанктегі" тұтынушылық қарыздың кредиттік қоржыны – 1,1 трлн теңге. 
 
 "Сбербанк" АҚ ЕБ басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев несиелік портфельдің бір бөлігін Halyk Bank-ке аудару туралы мәміле банк сектордағы қалыпты тәжірибе екенін атап өтті.
 

Өзінің көп жылдық тарихында "Сбербанк" бірнеше рет әр түрлі сын-қатерлермен бетпе-бет кездесті. Бірақ әрқашан оларды сәтті жеңіп, өз клиенттерінің мүдделерін басты назарға алды. Біз әрқашан өз міндеттерімізді клиенттер алдында да, мемлекет алдында да орындауға тырысамыз. Бүгінгі таңда Сбербанк Қазақстан барлық мемлекеттік ақшаны, оның ішінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары бойынша берілген ақшаны қайтарды. Несие портфелінің бір бөлігін беру қаржы саласында кең таралған тәжірибе...", - деді Елдар Теңізбаев. 

 
Бұл мәселеге қатысты Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова пікір білдірді.
 

Halyk Bank жүйе құраушы қаржы институты ретінде қазақстандық қоғамның мүддесі үшін жұмыс істейді. Жеке тұлғалардың несие портфелінің едәуір бөлігін сатып алды. Осылайша, Halyk Bank "Сбербанкке" өтімділік беріп, Қазақстан дағы банк секторының тұрақтылығын қолдады. Бүгінде Halyk Bank-ке жеке тұлғалардың қарыздары бойынша берешек қалдығы аударылды және бұл мерзімі кешіктірілмеген және проблемалық кредиттерсіз сапалы портфель", - деді басқарма төрайымы. 

 
Қазақстан даму банкінің басшысы Руслан Ысқақов ҚДБ жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы шеңберінде игерілген қаражатты мемлекетке қайтарудың кепілі екенін атап өтті.
 

Даму банкі бағдарлама операторы бола отырып, бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде бағдарламаға қатысатын ЕДБ-дің төлем қабілеттілігіне қарамастан, алынған қаражаттың мемлекетке қайтарылғаны үшін толық жауапты болады. Бүгінде Ресей банктерінің еншілес компанияларына санкциялар енгізуге байланысты жеңілдетілген автокредиттер ҚДБ тарапынан бағдарлама шеңберінде берешекті басқа банктерге аудару бойынша жедел жұмыс жүргізілді", - деді Руслан Ысқақов.

 
Ақпарат көзі: inbusiness.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны