03.05.2023, 19:24 43896
Әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандырудың жаңа тетіктері өз тиімділігін көрсетті - СИМ
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев елімізде ішкі сауданың қалай дамып жатқаны, бағаны тұрақтандырудың жаңа тетіктері туралы айтып берді.
Оның сөзінше, өткен жылдан бері алғаш рет әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандырудың жаңа тәсілдері мен тетіктері іс жүзінде жүзеге асырылды. Бұл тәсілдер фермерлердің кеш және ерте піскен көкөністерді белгіленген бағамен және белгіленген көлемде ішкі нарыққа жеткізу үшін алдын ала келісімшарт жасасу тетігін іске асыруды көздейді.
Сонымен қатар тиімділігін арттыру үшін қалыптастырылған көлемдер нарыққа тек маусымаралық кезеңде ғана шоғырландырылып шығарылады. Бұл негізгі айырмашылық. Бұрын тұрақтандыру қорлары маусымаралық кезеңдерге назар аударылмай, жыл бойы пайдаланылатын", - деді спикер.
Бұл ретте тауарлық интервенциялар ӘКК-нің сауда нүктелері арқылы ғана емес, бақылау-кассалық аппараттарды қолданатын бүкіл сауда желісі бойынша да өтеді. Сондай-ақ биыл алғаш рет қалыптасқан қорларды өткізу үшін бағаларды индикативті есептеу тетігі қолданылды.
Осылайша, ағымдағы маусымаралық кезеңде "үлкен жиынтық" деп аталатын 140 мың тоннаға жуық өнім қалыптасты. Бүгінде 62 мың тоннасы, оның ішінде 30 мың тонна картоп, 12 мың тонна сәбіз, 12 мың тонна пияз, 8,7 мың тонна қырыққабат сатылды", - деді СИМ бірінші вице-министрі.
Қазіргі маусымаралық кезеңде жағдай өзгерді деп айтуға болады. Мәселен, спикердің айтуынша, соңғы 6 жылда көкөніс тобының әлеуметтік маңызы бар тауарларына бағаның өсу құны маусымаралық кезеңде шамамен 6,4% құрады. Соңғы 7 аптада өсудің орташа деңгейі 0,1%-дан аспады, ал жыл басынан бері ол шамамен 3,5% құрады.
Қазір 2024 жылғы маусымдағы бағаның құбылуын болдырмау үшін осы жылдың күзгі егініне келісімшарт жасасу жұмыстары жалғасуда. Осы мақсаттар үшін АШМ-мен бірлесіп келісімшарт барысына мониторинг жүргізіледі. Бұл құрал ішкі нарықты қорғау бойынша уақытылы және негізделген шаралар қабылдауға мүмкіндік береді", - деді СИМ өкілі.
Оның айтуынша, тауар балансы мониторингінің деректері негізінде биыл 28 қаңтардан бастап пияз экспортына тыйым салынды. 8 сәуірде беталысты ескере отырып, пиязды әкетуге квота белгілеу бағытымен тыйым қайта қаралды. Тарифтік емес реттеудің уақытылы қабылданған шаралары да оң нәтижесін берді. Осылайша, 4 ақпанда күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығы енгізілді. Бұл шара ішкі нарықты өсімдік майымен қанықтыруға мүмкіндік берді. Өткен жылдың күзінен бастап елімізде күнбағыс майы өндірісі екі есеге - 150 мың тоннадан 292 мың тоннаға дейін өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.09.2024, 18:04 8981
"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы мен Doosan Enerbility басшысының энергетика саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады
Достарға айту
Сеулде "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Doosan Enerbility басшысының кездесуі өтті, деп хабарлайды АҚ баспасөз қызметінен.
Тараптар энергетика саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады.
Қор мен Doosan Enerbility тұрақты даму және энергия өндіру саласында сәтті жұмыс істеп келеді:
2020 жылы компания Атырау облысында қуаты 310 МВт болатын "Газ турбиналық электр станциясы" жобасын жүзеге асырды.
Қазір Doosan Enerbility Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газды электр станциясын салу жобасына қатысуда.
Маусымда Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға ресми сапары барысында, "Самұрық-Қазына" тобы Doosan Enerbility компаниясымен екі құжатқа қол қойды:
Қазақстанда аралас циклді және жылу мен электр энергиясын біріктіріп өндірудің газ турбиналық қондырғыларын орнату жобалары бойынша серіктестікті дамыту туралы келісім ("Самұрық-Қазына" АҚ - Doosan Enerbility)
Түтінді газдарды тазарту жөніндегі инвестициялық жобалар бойынша серіктестік орнату мүмкіндігі туралы меморандум ("Самұрық-Энерго" АҚ - Doosan Enerbility - KEPCO Plant Service and Engineering).
Сонымен қатар, Сеулде қазақстандық делегация Doosan Enerbility компаниясының нысаны - Gimpo аралас циклді электр станциясына барды.
Doosan Enerbility - Оңтүстік Кореяның ірі корпорацияларының бірі. Негізгі қызметі - ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік нысандардың құрылысы мен инженерлік қызметтері, энергетикалық жабдықтар мен су тұщыту және сумен қамтамасыз ету жүйелеріне арналған құрылғыларды өндіру және жеткізу.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.09.2024, 14:16 19156
Қостанай облысында сүт пен астықты терең өңдеу жобалары енгізілуде
Достарға айту
Қостанай облысында сүт пен астықты терең өңдеу жобалары енгізілуде, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жаңа өндірістердің арқасында өңірде лизин, крахмал, биоэтанол өндіріле бастайды және қатты ірімшік өндірісі бір жарым есеге артады.
Вице-премьер Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен Қостанай облысының аграрлық кәсіпорындарына барды. "Үлкен жоба" бойынша жылдық 2,5% жеңілдікпен несие алған жаңа тауарлы сүт фермаларының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. "Восток-1" ЖШС 1,2 мың мал басына арналған жобаны аяқтап жатыр. Компаниялар тобы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен, тұқым селекциясымен, асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын өндірістерді біріктіреді. Тауарлы сүттің алғашқы партиясын 2025 жылдың қаңтарында алу жоспарланып отыр. Толық қуатқа шыққанда шаруашылық тәулігіне 30 тонна сүт өндіретін болады.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл Қостанай облысында "Үлкен жоба" бойынша салынатын алғашқы заманауи ферма екенін атап өтті. Аталған жоба аясында өңірде алты ТСФ салынуда, олардың үшеуі биыл, ал үшеуі келесі жылы пайдалануға беріледі. Жалпы облыс бойынша 2023 жылы 202 мың тонна сүт өндірілді, оның 172 мың тоннасы немесе 85%-ы қайта өңделді. Биылғы 8 айда 165 мың тонна сүт өндірілді, 140 мың тонна (84%) өңделген. Сонымен қатар биыл "Милх" ЖШС - ірімшік өнімдерін шығаратын зауытты іске қосу жоспарлануда, онда ірімшіктің 20 түрі шығарылады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 2 мың тонна, бұл өңірдегі ірімшік өндірісінің көлемін бірден 1,5 есеге арттырады.
Меңдіқара ауданында вице-премьер "Каменскуральск" ЖШС-ның жобалық қуаты жылына 2,3 мың тонна сүтті құрайтын 400 мал басына арналған ТСФ құрылысымен танысты. Ферманы келесі жылы іске қосу жоспарланып отыр.
Харьковское ауылында "Қарқын" агрофирмасының ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық сорттары тұқымын өндіру желісін салу бойынша жоба аяқталуда. Мұнда қуаты сағатына 10 тонна тұқым тазарту бойынша құны 430 млн теңге тұратын Қазақстандағы жалғыз PETKUS жабдығы орнатылды. Кәсіпорын Харьков ауылының әлеуметтік тіршілігіне белсенді қатысады, үйлер, әлеуметтік-мәдени нысандар салып, көшелерді көркейтеді. Тек соңғы екі жылда агрофирма ауылдың әлеуметтік нысандарына 120 млн теңге жұмсады.
Қостанай облысында саумал негізінде косметика өндіріледі: "S-Agro-Borovskoe" ЖШС өткен жылы Каменскуральск кентінің маңында бие сүтін сублимациялау зауытын іске қосты. Бұл - Local food брендімен құрғақ саумал шығаратын Zollmann неміс компаниясымен бірлескен кәсіпорын. Неміс сублимация технологиясы арқылы жаңа сауылған бие сүтін -72°C температурада мұздату - оның барлық пайдалы қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 120 кг құрғақ сүт шығаруға жетерлік. 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында "S-Аgro-Borovskoe" 5 тонна құрғақ сүт өндіріліп, оны Астана және Алматы базарларына және дәріхана желілеріне жеткізілді. Кәсіпорын басшысы Амангелді Сарбасовтың айтуынша, биыл саумал негізіндегі косметика өндірісіне арналған жабдықты (қолға, бетке арналған крем, сабын, сусабындар және т.б.) орнатуды жоспарлап отыр. Неміс серіктесі Zollmann бұл косметиканы Еуропада шығарады, ол үлкен сұранысқа ие, бірақ Германияда өндірісті кеңейтуге мүмкіндік жоқ.
Серік Жұманғарин "S-Аgro-Borovskoe" ЖШС иесіне аталған жобаны кеңейтуді ұсынды. Экспортқа жылқы етін өткізу нарығы өте тар екенін ескере отырып, құрғақ бие сүті негізінде өнім өндіру - Қазақстанда жылқы шаруашылығын одан әрі дамытудың нақты перспективасы. Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігіне жаңа өнімді Қытай нарығына шығаруға жәрдемдесуді тапсырды.
Қостанай облысында астықты терең өңдеудің экономикалық тиімділігі есептелді. Егер 1 тонна ұнның құны 120-130 мың теңгені құраса, онда терең өңделген өнімнің құны - 350-541 мың теңге болмақ. Бұдан басқа, астықты терең өңдеу Қазақстанда негізінен импортталатын жаңа өнімдер өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді. Мысалы, аминқышқылдары, глютен, лизин, крахмал, биоэтанол және басқалар. Мұндай жобамен "Qostanai Grain Industry" ЖШС айналысады. Өңдеу қуаты - жылына 415 мың тонна астық. Жобаны іске қосу 2027 жылға жоспарланған, 650 жаңа жұмыс орны ашылады. Қазір жоба инжиниринг сатысында.
Бірінші кезеңде біз лизин, одан әрі аминқышқылдары және басқа да терең өңдеу өнімдерін өндіретін боламыз. Өткізу бойынша проблема жоқ сияқты, Қазақстанда бүкіл лизин импортталады. Инвестициялық шығындарды өтеу бойынша шектеулер бар. Инвестициялық шығындарды өтеуді ұлғайтуға болатынын білгім келеді" - деді "Qostanai Grain Industry" ЖШС директоры Айдархан Сәрсенбаев.
Сол күні вице-премьер "Аруана-2010" ЖШС диірмен кешенін салу барысымен танысты, Орталық Азияда "Саламат" ЖШС ең ірі диірмен кешеніне барды, онда ұн өндірудің барлық процесі толық автоматтандырылған. Сондай-ақ вице-премьер "Олжа-Астық" ЖШС элеваторының басшылығымен Маңғыстау облысындағы Бейнеу терминалы арқылы Гератқа (Ауғанстан) астық жеткізудің келешегін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.09.2024, 13:23 19496
Қазақстанның бастамасымен ЕАЭО техрегламентінің табиғи газды тасымалдауға қатысты нормаларының мерзімі ұзартылады
Достарға айту
Онлайн форматта өткен ЕЭК Кеңесіне қатысушылар ЕАЭО техникалық регламентінің "Тасымалдауға және пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" өтпелі ережелерінің мерзімін ұзартуды мақұлдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен.
Кеңес отырысында ұсынысты вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық тарап көтерді. 2018 жылы қабылданған техникалық регламент нормалары 2025 жылдың 1 қаңтарға дейін өтпелі кезеңді белгілеген табиғи газды сәйкестігін бағалаусыз және таңбалаусыз өндіру және айналымға шығаруға белгіледі.
Теңізшевройл" ЖШС өндірген табиғи газды техникалық регламент талаптарына сәйкестендіру үшін кәсіпорынға жеткілікті уақыт пен көп капиталды керек ететін салымдар қажет. Бұл қолданыстағы зауыт жабдықтарына елеулі өзгерістер енгізу қажеттiлiгiне байланысты. Жұмыстар жоспарлы күрделі жөндеу кезеңінде ғана жүргізілуі мүмкін, оның жалпы ұзақтығы шамамен 10 жыл болады. Сонымен қатар Теңіз кен орнының аумағында қуаты 9,1 млрд м3 құрғақ газды өңдейтін газды сепарациялау кешенінің құрылысы жобасы іске асырылуда. Аталған зауыттың өнімі табиғи газды тасымалдау қауіпсіздігі бойынша ЕАЭО техникалық регламент талаптарына сай болады.
Өтпелі ережелер мерзімін 2030 жылға дейін ұзарту туралы шешімді ЕЭК Алқасы қабылдайды. Бұл шешім "Теңізшевройл" ЖШС-ның үздіксіз қызметін қамтамасыз етеді және елдің экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызы зор.
ЕЭК Кеңесінің отырысында қайтаруға жататын электрондық сауда тауарларын сәйкестендіру тәртібі де мақұлданды. Тәртіп тауарға немесе таңбалауға арнайы штрих-код қою рәсімдерін қарастырады, соның арқасында ол электронды сауда операторының ақпараттық жүйесінде сәйкестендіріледі. Сондай-ақ кеден ісінде электрондық сауда операторы мәртебесіне операторлар тізіліміне енгізу үшін үміткердің кемінде Є500 мың салу керектігі туралы шешім қабылданды. Электронды сауда операторының функцияларына электронды сауда тауарларын тасымалдауға, сақтауға және декларациялауға байланысты әртүрлі кедендік операцияларды орындау кіреді.
ЕЭК Кеңесі биологиялық белсенді қоспаларға, сыра және сыра сусындарына таңбалау енгізу туралы шешім қабылдады. Таңбалаудың енгізілу күні мен тәртібін ЕАЭО мүше мемлекеттер өздері анықтауы тиіс.
Белгілі болғандай, таңбалау тұтынушыларға тауардың айналымда заңды екенін тексеруге және ол туралы барлық қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар таңбалау мемлекеттік органдарға тауар қозғалысы туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді, бұл өнімдердің заңсыз айналымының көлемін азайтуға жағдай жасайды. Бұдан басқа, салық жинау көрсеткіштері мен нарықтың ашықтығы артады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.09.2024, 18:53 23776
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Қытайдан жүк ағынының көлемі артады
Достарға айту
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша Қытайдан жүк ағынының көлемі артады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Көлік министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.
Тараптар Қытай - Еуропа қатынасында және 2029 жылдың соңына дейін кері бағытта Қытайдан ТХКБ бойынша жүк ағынының болжамды көлемін талқылады. Осылайша, тараптар бірлесіп 2025-2026 жылдары ТХКБ бойынша тасымалдау көлемін жыл сайын 600 контейнерлік пойызға дейін, 2027 жылы 1000-ға дейін және 2029 жылы 2000-ға дейін ұлғайтады.
Бұдан бөлек, қазақстандық тарап контейнерлерді уақтылы тасымалдау және транзиттік контейнерлік пойыздар санының өсуіне сәйкес кідірістерге жол бермеу үшін отандық порттарда тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдайды. Мәселен, 2025 жылы жылына кемінде 50 мың стандартты контейнерді, 2026-2029 жылдары жылына кемінде 85 мың контейнерді ауыстырып тиеу жүзеге асырылады деп болжануда.
Бүгін біз Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2023 жылы тасымалдау көлемі 2,76 млн. тоннаны құрады, бұл 2022 жылдан 65%-ға жоғары (1,7 млн. тонна). Маршруттың қазақстандық учаскесінде "Достық - Мойынты" теміржол учаскесінің екінші жолдарын, "Алматы" айналма теміржол желісін, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Дарбаза - Мақтарал жаңа теміржол желісін салу сияқты бірқатар жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ Ақтау және Құрық теңіз порттарының әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Ақтау портында "Контейнерлік хаб" салынады, бұл тасымалдау көлемін жылына қосымша 300 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Құрық портында ағымдағы жылы астық терминалы іске қосылады. "Саржа" көпбейінді терминалының құрылысы жүргізілуде. Кемелердің 6 метрге дейін кіруі үшін жеткілікті тереңдікті қамтамасыз ету үшін 2024 жылы Құрық портын түбін тереңдету жүргізіледі. Осындай жұмыстарды Ақтау портында да жүргіземіз. Бұл шаралар Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігін жылына 30 млн.тоннаға (+10 млн. тонна) дейін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті қазақстандық тарап.
Екі тарап көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы екіжақты қатынастарды дамытудың оң динамикасын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.09.2024, 14:31 29731
Жеңіл автокөліктерді жалға беру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 26,7% артты
Достарға айту
Жеңіл автокөліктерді жалға беру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 26,7% артты, деп хабарлайды Qazstat.
2024 жылғы қаңтар-маусымда жеңіл автомобильдерді жалға беру бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 58,1 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 26,7% артық (45,8 млрд теңге). Осы соманың ішінен халықтың қаражаты есебінен ұсынылған қызметтер 3 млрд теңгені құрады, ал ауылдық жерлерде көрсетілген қызметтер көлемі 6,8 млрд теңгеге жетті (2,1 есе артық).
Жүк автомобильдерін жалға алуға келсек, аталған кезеңде қызмет көрсету көлемі 45,3 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,3% кем (45,4 млрд теңге). Ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарын жалға беру қызметі 30,1% өсім көрсетті - 1,6 млрд теңге (2023 жылғы қаңтар-маусым - 1,2 млрд теңге).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.09.2024, 16:21 41346
ҚР және ҚХР темір жолдарының басшылары темір жолдарының өткізу қабілетін арттыруды талқылады
Достарға айту
Сианда (ҚХР) Қазақстан мен Қытай темір жолдары басшылығының жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Екі ел теміржол жүйелерінің өзара іс-қимылы ҚР мен ҚХР экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін стратегиялық болып табылатыны атап өтілді.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасында жүктерді тасымалдау көлемінің тұрақты өсуі байқалады. 2023 жылы тасымалдау көлемі рекордтық 28,3 млн. тоннаға жетті.
Күн тәртібінде ТХКБ бойынша өсіп келе жатқан жүк ағынының тұрақты өтуін қамтамасыз ету, халықаралық қатынаста ҚТЖ мен Қытай темір жолдары арасында деректер алмасу сапасын арттыру, контейнерлік пойыздардың өтпелі кесте бойынша қауіпсіз және тұрақты жүруін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, алдағы екі жылда ҚТЖ мен Қытай темір жолдарының өткізу қабілеті мен тасымалдау көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін ірі инфрақұрылымдық жобаларды аяқтайтыны атап өтілді.
Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша екі тарап тасымалдардың тұрақты өсуін одан әрі бірлесіп нығайтуға сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.09.2024, 16:16 41516
Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша транзит 20 есе өсті
Достарға айту
Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша транзит 20 есе өсті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Сианда (ҚХР) Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша Қытай - Еуропа контейнерлік пойызы (Сиань - Алтынкөл - Ақтау - Баку - Поти - Бургас - Белград - Гамбург/Дуйсбург/Будапешт) салтанатты түрде жөнелтілді.
Іс-шараға ҚТЖ, Қытай, Әзірбайжан, Грузия теміржол әкімшіліктерінің, Шэньси провинциясының, Сиань қаласының партия комитеті мен үкіметінің басшылығы және т.б. қатысты.
Сиандағы Қазақстан-Қытай терминалында құрылған 55 40 футтық контейнер құрамына жүктелген жүкті Будапештке жеткізеді. Пойыз 8-11 күнде Бакуге дейін шамамен 7 мың шақырымды жүріп өтеді. Ол Будапешттегі соңғы нүктеге 25 күнде жетеді.
Жеткізу мерзімдерін қысқарту және сервисті жаңа деңгейде ұсыну ТХКБ-ның қатысушы елдері теміржол және порт әкімшіліктерінің жемісті ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды.
Ағымдағы жылдың 8 айында ТХКБ бойынша транзит 20 есе өсті, маршрут бойынша 200 пойыз жүріп өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.09.2024, 14:51 46951
Қазақстан мен Грузия - Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында белсенді ынтымақтастықта
Достарға айту
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келген Грузияның бірінші вице-премьері - экономика және орнықты даму министрі Леван Давиташвилимен кездесті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Көлік және логистика, АӨК, энергетика, туризм, авиация өнеркәсібі салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері қаралды.
Грузия - Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі. Биыл бірінші тоқсанда грузин инвесторлары Қазақстан экономикасына $88,5 млн инвестиция құйды, жалпы 10 жыл ішінде инвестиция көлемі $500 млн-нан асты.
Тараптар транзиттік-көлік секторындағы перспективаларға назар аударды. Екі елдің аумағы арқылы Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға апаратын ең қысқа жолдар - ірі трансконтиненттік көлік дәліздері өтеді.
Қазақстан мен Грузия - Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында белсенді ынтымақтастықта. Аталған бағыт бойынша жүктерді ауыстырып тиеу өткен жылы 65%-ға, биылғы 8 айда 69%-ға өсіп, 2,9 млн тоннаға жетті. Мемлекет басшысы Орта дәлізді дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр, біз бұл бағыт бойынша тасымал көлемін 10 млн тоннаға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Ол үшін Үкімет транзит жағдайын жақсарту бойынша дәйекті шаралар қабылдауда", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
ҚР Премьер-Министрі бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды белгілеу, жеткізу мерзімдерін қысқарту және ТХКБ бойынша, оның ішінде Баку - Тбилиси - Карс желісі арқылы тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызды екенін баса айтты. Сонымен қатар көлік дәлізін белсенді түрде цифрландыру қажеттігі анықталды, бұл аталған бағыттың халықаралық тасымалдаушылар үшін тартымдылығын арттырады.
Өз кезегінде Леван Давиташвили Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып, бұл ретте екіжақты қатынастарды дамытуға жаңа серпін беруге арналған Үкіметаралық комиссияның ерекше рөлін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық әріптестіктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін көпжоспарлы жұмысты жалғастыру ниетін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
26.09.2024, 18:14Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды 26.09.2024, 16:23 79466Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр26.09.2024, 16:35 79211«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды25.09.2024, 18:46 52466Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды27.09.2024, 11:30 51301Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
06.09.2024, 17:38 87736Жамбыл облысында 2,7 мың га пайдаланылмай жатқан жер уческелерін қайтарылды05.09.2024, 17:33 85506Қазақстандықтарға шиеленістің күшеюіне байланысты Украина аумағынан кетуге кеңес берілді26.09.2024, 18:14 81701Қазақстандық аграрларды мемлекеттік қолдау көлемі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғаяды26.09.2024, 16:23 79466Алматыда тау бөктерінде ТК құрылысы тоқтатылды: жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр26.09.2024, 16:35 79211«Бауырына салу» фильмі «Оскарға» ұсынылды