10.05.2023, 18:10 21961

"Ұмай" ипотекасына өтінім қабылдау жарты күнге ғана созылды

"Ұмай" әйелдер ипотекасының тартымды шарттары барлық сату арналарында үлкен сұранысқа ие болды
Бүгін таңертең Отбасы банк "Ұмай" әйелдер ипотека бағдарламасына өтінім қабылдауды бастаған еді. Түске таман өтінімнің көптеп түсуіне байланысты науқан тез арада тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұмай" әйелдер ипотекасының тартымды шарттары барлық сату арналарында үлкен сұранысқа ие болды. Біз несие беру лимиті күннің алғашқы бөлігінде таусылады деп күткен жоқпыз және өкінішке қарай, Қазақстан бойынша өтінім қабылдауды жабуға мәжбүр болдық. Азия даму банкімен ынтымақтастықтың осындай табысты тәжірибесі әлі жалғасады деп үміттенеміз. Барлық жаңалықтарды Instagram және YouTube арқылы айтып отырамыз. Түске дейін өтінім беріп үлгерген бақытты жандарды құттықтаймыз және баспана туралы армандарыңызды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз", - деп жазды Отбасы банк.


Сондай-ақ, Отбасы банк бұл жобаны әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Жобаны сол шарттар бойынша жалғастыру үшін Азия даму банкімен келіссөз жүргізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны