16.02.2023, 16:13 41391

Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеуден кейін дизель отынын өндіруді қайта бастады

14 ақпанда дизель отынының өндірісі қалпына келді
Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеуден кейін дизель отынын өндіруді қайта бастады
Сурет: pnhz.kz
Павлодар. 16 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Павлодар мұнай-химия зауытының сутегі өндіру қондырғысында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Технологиялық жабдық штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС баспасөз қызметі.
 

Технологиялық газды сутегі өндіру қондырғысының бу риформингінің пешіне тасымалдайтын құбырдың дәнекерлеу тігісінде табылған ақауды жою бойынша жөндеу жұмыстары 13 ақпанда аяқталды. 14 ақпанда "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-де дизель отынының өндірісі қалпына келді", - делінген ақпаратта.

 
2023 жылғы 10 ақпанда Павлодар мұнай-химия зауыты "Эр Ликид Мұнай Тех Газы" ЖШС меншігіндегі сутегі өндіру қондырғысындағы ақаудың салдарынан дизель отынының өндірісін уақытша тоқтатқан болатын.
 
Сутегі өндіру қондырғысы тоқтап тұрған кезде жиналған мұнай өнімдерінің құрамдауыштары наурыз айында тауар өнімі болып өңделеді. Осылайша, ПМХЗ көктемгі егіс дала жұмыстарына дизель отынының жоспарлы көлемін қамтамасыз ететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін елден тыс жерлерге әкетуге тыйым салады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны