07.10.2022, 15:46 12216

Павлодар облысында үш ірі металлургиялық кәсіпорын салынады

Металлургиялық кластер саласында өнім өндіруде әлемдік үздік технологиялар қолданылмақ.
ПАВЛОДАР. 7 ҚАЗАН - Еліміздің Екібастұз қаласында алғаш рет бір алаңда ферроқорытпа өндіретін кәсіпорын, болат балқытатын кешен және темір шығаратын DRI фабрикасы сияқты 3 жоғары технологиялық нысан салынады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Металлургиялық кластер аймақтың ғана емес, сонымен қатар еліміздің дамуына да тың серпін бермек", - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратында.

 
Металлургиялық кластер құру жобасын отандық "Mineral Product" ЖШС оңтүстіккореялық технологиялық серіктесімен бірлесіп жүзеге асыруда.
 

Жылына қуаттылығы 160 мың тонна өнім шығаратын ферроқорытпа өндіретін зауыттың құрылысы мен оны іске қосуға 360 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған. Жобаның технологиялық артықшылығы – кең көлемдегі және премиум сегментті ферроқорытпа өнімдерін шығаруы. Зауыт өнімі алғашында экспортқа бағытталсмақ. Кейіннен барып ішкі нарықты қамтамасыз ету көзделіп отыр", - делінген ақпаратта.

 
Ал болат қорытатын кешен және DRI фаврикасының құрылысы мен оларды іске қосуға 1,5 млрд доллар көлемінде қаржы жұмсалады. Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда жылына 3 млн тонна кең көлемдегі болат өнімдерін шығару жоспарланып отыр.
 

Павлодар облысында қажетті шикізат пен ресурстар қоры жеткілікті. Атап айтқанда, өңірде электр энергиясы, темір рудасы, кварцит, көмір қоры жеткілікті. Сонымен қатар бұл тарапта білікті мамандар да айрықша рөл атқарады. Біздің кәсіпорындарда қазақстандық мамандардың жұмыс істеуіне басымдық беріп отырмыз. Бұған себеп те жоқ емес. Қазақстандағы металлургиялық салада білімді, тәжірибелі кадрлар жеткілікті", – дейді компанияның акционері Сергей Кан.

 
Көміртекті бейтараптық Тұжырымдамасы аясында қол жеткізілген Париж келісіміндегі міндеттемелерді іске асыру шеңберінде металлургиялық кластер саласында өнім өндіруде әлемдік үздік технологиялар қолданылмақ. Бұл шешім жобаның тиімділігін арттырады. Бұдан бөлек, заманауи технологиялардың қоршаған ортаға тигізетін әсері төмен болмақ.
 

Кластер құрамындағы үш кәсіпорын толық іске қосылған кезде 2 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 826-сы ферроқорытпа өндіретін кәсіпорында құрылмақ", - делінген министрліктің ақпаратында.

 
Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысында құны 360 млн доллар болатын металлургиялық кластердің алғашқы жобасын іске қосты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны