02.07.2021, 23:59 20581
Премьер-Министр ҮАААЖ құрылысын 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды
ҮАААЖ – Қазақстан мен Орталық Азиядағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы жол құрылысының ірі инфрақұрылымдық жобасы. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 150 млрд теңгені құрайды. Жобаны Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразия даму банкі қаржыландырады.
Концессия шартына 2018 жылы 20 жыл мерзімге қол қойылды. Концессионер – "Алсим Аларко", "Макйол Иншаат", "СК Экоплант", "Корея Экспрессвэй" секілді Түркия және Оңтүстік Корея компаниялары құрған "ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар" ЖШС.
Алматы қаласының төңірегіндегі ұзындығы 66 км және алты жолақты қозғалысты үлкен айналма автомобиль жолы I техникалық санат параметрлеріне сәйкес келетін болады. Автожол құрылысымен қатар жаңа көпірлер, көлік жол айрықтары мен эстакадалар салу көзделген.
Жобаны іске асыру көлік қызметін көрсету сапасын арттырады, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, автомобиль көлігінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтады. ҮАААЖ пайдалануға берілгеннен кейін барлық транзиттік ағын – тәулігіне шамамен 38 мың автомобиль Алматы қаласын айналып өтетін болады. Бұл ретте Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалдау көлемі өседі деп күтілуде", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.
Құрылыс алаңына шамамен 1600 адам мен 600 бірлік техника жұмылдырылған. Құрылыс аса белсенді жүргізілетін кезде 3 мыңға жуық адамды тарту жоспарланып отыр.
Үкімет басшысы құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын арттыруды және барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, кестеден 2 жылға ертерек, жұмысты 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.
ҮАААЖ құрылысы Алматы агломерациясын ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту үшін де маңызды", — деді А. Мамин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.08.2025, 13:52 9441
Үкімет шілде айындағы инфляция мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының жағдайын қорытындыланды
Сурет: Depositphotos
Өткен сенбі күні Үкімет ғимаратында Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жиын өтті. Жиында шілде айындағы инфляция және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларының динамикасы қаралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Инфляциялық жағдай туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин баяндама жасады. Вице-министрдің мәліметінше, 2025 жылғы шілдеде Қазақстанда жылдық инфляция 11,8 пайыз деңгейінде сақталды. Жылдық азық-түлік инфляциясы 11,2 пайызды құрады. Тауарлар мен қызметтердің айлық бағасының өсу қарқыны 0,8 пайызға жетіп, маусым айымен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді. Ақылы қызметтер сегментінде де бәсеңдеу байқалады: өсім 14,9 пайызды құрап, алдыңғы аймен салыстырғанда 1,2 пайыздық тармаққа төмендеген.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарығындағы жағдай туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова баяндады. Оның дерегінше, шілде айында осы сегменттегі апталық орташа баға динамикасы 0,1 пайыздан төмен деңгейде қалыптасып, өнімдердің басым бөлігінің бағасы тұрақты болды. Бір ай ішінде кейбір өнімдердің бағасы төмендеді. Мысалы, сәбіз 9,1 пайызға, картоп 7,9 пайызға, пияз 1,8 пайызға, күріш 0,6 пайызға, жұмыртқа 0,1 пайызға арзандады. Нан, макарон және сүт өнімдерінің бағасы тұрақты.
Сонымен бірге, кейбір өнімдер бағасында өсім байқалды. Қырыққабат бір айда 12,3 пайызға қымбаттағанымен, шілденің соңғы аптасында бағаның төмендеу тенденциясы байқалды. Тауық еті 2,6 пайызға қымбаттады. Сиыр етінің баға өсімі бәсеңдеп, 1,4 пайызды құрады, бұл сыртқы сұраныс тұрақты болғанына қарамастан нарықтың тұрақталуына оң әсерін тигізеді.
Күнбағыс майы нарығын реттеу мақсатында Майлы дақылдар өңдеушілерінің Ұлттық ассоциациясымен келісімге қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігінің қатысуымен өткен келіссөздер қорытындысында халыққа қолжетімді бағада өнімді сату жөніндегі үшжақты меморандумға қол қойылды.
Аралтұз" компаниясымен бірлесіп, өнім бағаларын кезең-кезеңмен төмендету туралы алдын ала келісімге қол жеткізілді. Қажетті шаралардың биылдың соңына дейін жүзеге асырылуы жоспарлануда.
Аймақтағы жағдайлаларға тоқтала келе Айжан Бижанова Астана, Алматы, Түркістан және Алматы облыстарында бағаның өсу қарқынының бәсеңдегенін атап өтті. Бұл өңірлер жалпы ұлттық көрсеткіштің тұрақталуына ықпал етті.
Сиыр етінің бағасын ұзақ мерзімді тұрақтандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі кешенді шаралар қабылдауда. Ірі қара мал басы мен ұсақ малды кәсіби жемдеуге маманданған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыру бағдарламасы іске қосылды. Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу үшін жылдық 5 пайыздық мөлшерлемеде жеңілдетілген несие механизмі әзірленді. Сонымен қатар, өңдеуші кәсіпорындарға сатылған әр килограмм сиыр еті үшін 175 теңге мөлшерінде субсидия беріледі. Бұдан бөлек, күріш пен қарақұмық бағаларын тұрақтандыру үшін "Продкорпорация" өндірушілер мен өңдеушілер арасында осы өнімдердің қорын қалыптастыру туралы үшжақты меморандумға қол қойды.
Жиынды қорытындылай келе Серік Жұмангарин егін жинау маусымында көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлерде ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін белсенді ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы ұсынысты арттырып, бағаны төмендету үшін Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан шекараларында көкөніс-жеміс өнімдеріне арналған "жасыл дәліз" ұйымдастыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.08.2025, 11:58 25526
2024 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ өсуін алдын ала бағалау 5%-ға дейінгі арттыру жағына қарай қайта қаралды
2024 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ өсуін алдын ала бағалау 5%-ға дейінгі арттыру жағына қарай қайта қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
ҚР Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сәйкес, ел экономикасының қорытынды өсуі 2024 жылғы қорытынды бойынша 5%.
Бұдан бұрын, ЖІӨ өсуі алдын ала 4,8%-ға бағаланған.
ҰСБ ақпараты бойынша, 2024 жылғы экономикалық өсу едәуір деңгейде мұнайға жатпайтын сектордың дамуы арқылы қамтамасыз етіліп отыр.
Тауар өндірісі 6,3%-ға артып (алдын ала дерек -5,5%), қызмет көрсету секторы 4,6%-ға өсуді көрсетті. Өзекті фактордың бірі өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 6,8%-ға (бұрын -5,9%) өсуі. Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Құрылыс секторы 15,3%-ға (бұрын - 13,1%), ауыл шаруашылығы 13,7%-ға (бұрын - 13,3%) айтарлықтай үлес қосты. Байланысты салалар да оң серпін көрсеткен. Ішкі сауда көлемі 8,9%-ға (бұрын - 8,8%), көлік пен қоймалау қызметі 9,4%-ға (бұрын - 8,5%) артты.
Қол жеткізілген нәтиже нақты секторды қолдау, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен қаржы құралына қол жеткізуді арттыру шарасының арқасында жүзеге асты.
Экономикалық саясатты кешенді іске асыру ішкі сұранысты нығайтуға, кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне, өндірістік әлеуетті арттыруға ықпал етті. Осылайша, маңызды салалардағы, әсіресе, тау-кен өнеркәсібінің (12%) үлесінен асып түсетін ЖІӨ 12,4%-ы -өңдеу өнеркәсібіндегі оң серпін есебінен экономиканың одан арғы орнықты өсуі мен әртараптандырылуына негіз жасалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.08.2025, 11:55 25716
Қазақстан Ұлттық Банкі 125,6 миллион АҚШ доллары көлемінде валюталық интервенциялар жүргізді
Шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 540,72 теңгеге дейін, 4%-ға әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа айлық көлемі бір айда 235 млн АҚШ долларынан 260 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Жалпы сауда-саттық көлемі 5,7 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Шілдеде Ұлттық қордан 700 млн АҚШ доллар көлемінде валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуді, сондай-ақ "Талдықорған-Үшарал" магистральдық газ құбырын салу жөніндегі инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордың сату үлесі жалпы сауда көлемінің 12%-ын, немесе күніне шамамен 32 миллион АҚШ долларын құрады.
Үкіметтің республикалық бюджетке трансферттер бөлуге арналған алдын ала болжамды өтінімдері бойынша тамызда Ұлттық Банктің Ұлттық қордан 400 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейін валюта сататыны күтіледі.
Теңестіру" операциясы аясында шілдеде 290 млрд теңге алынды. Тамыз айында осы мақсатта шамамен 290 млрд теңге баламасында валюта сату жоспарланып отыр.
Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу, сондай-ақ "теңестіру" тетігін іске асыру кезінде Ұлттық Банк нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды, ол шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді.
30 шілдеде валюта нарығындағы өтімділік барынша төмендеп, алыпсатарлық қысымның күшеюіне байланысты Ұлттық Банк 125,6 миллион АҚШ доллары көлемінде валюталық интервенциялар жүргізді.
Интервенцияларды жүргізу алыпсатарлық белсенділікті төмендетуге және нарықта қажетті өтімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату нормасы аясында өткен айдың қорытындысы бойынша валюталық түсімді сату көлемі шамамен 450 млн АҚШ долларын құрады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұзақ мерзімді кезеңде кемінде 40% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк шілде айында биржа сауда-саттығында шетел валютасын сатып алды, оның жалпы сомасы 35 млн АҚШ долларын немесе жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 0,6%-ын құрады. Ағымдағы бағам деңгейінде БЖЗҚ валюта үлесінің 40%-дан асуына байланысты тамыз айында БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен валюта сатып алу жоспарланбайды.
Ұлттық Банк транспаренттілік қағидаты аясында валюта нарығындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты жариялап отырады. Қысқа мерзімді перспективада теңге бағамының динамикасы нарыққа қатысушылардың күтуіне, тоқсан сайынғы салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси өзгерістерге байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуына жол бермейтін және алтынвалюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстанады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.07.2025, 13:48 27716
Транзиттік тасымалдау көлемі 14,6 млн тоннаға жетті - ҚТЖ басшысы
Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Талғат Алдыбергеновтің айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайған. Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндалды. Биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады. Дарбаза - Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда. Бақты - Аягөз және Қызылжар - Мойынты желілерінің құрылысы басталды.
Мемлекет басшысына терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Қазақстанның Қытай, Ресей, Мажарстан, Беларусь, Әзербайжан және Грузия сияқты елдердің жүк жиналатын негізгі орталықтарымен қарым-қатынас жасауы логистиканы оңтайландырып, Шығыс - Батыс және Солтүстік - Оңтүстік бағыттарындағы тасымалдың тиімділігін арттырады.
Кездесуде цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылды. Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған. Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларациялауды автоматтандыру логистикалық операциялардың ашықтығын қамтамасыз етіп, жүкті жеткізу мерзімін жеделдетті. Декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.
Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.07.2025, 16:45 30816
Доллар бағамы 550 теңгеге дейін өсті: Ұлттық Банк валюталық интервенцияларды бастады
30 шілдедегі сауда-саттық барысында теңге бағамы АҚШ доллары үшін 550 теңгеге дейін жетіп, ай басынан бері 5,8%-ға, ал жыл басынан бері 4,7%-ға , деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмен болуына және алыпсатарлық қысымның күшею белгілеріне байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық интервенциялар жүргізуге кірісті.
Негізгі экономикалық жағдайлар қолайлы болып қалуда: мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларынан тұрақты түрде асып тұр, АҚШ долларының жаһандық әлсіреу үрдісі сақталуда. Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі іргелі факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді.
Ұлттық Банк биржалық және биржадан тыс валюта нарықтарындағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және қажет болған жағдайда айырбастау бағамының тұрақсыздандырушы ауытқуларына жол бермеу, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру, сондай-ақ валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.07.2025, 17:41 37331
Қазақстан мен Huawei цифрлық трансформация саласында ынтымақтастық жасамақ
Азияның "Кремний алқабы" аталып кеткен Zhangjiang ғылыми-технологиялық паркінде Орталық Еуразия елдерінің технологиялық әлеуетін әлемдегі екінші экономика - Қытай экожүйесімен интеграциялауға бағытталған алғашқы мамандандырылған платформа - "Хан Тәңірі" инновациялық хабы (Khan Tengri Innovation Hub) ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл бастама қазақстандық Growth Vision Pro компаниясы тарапынан көтеріліп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ өңірдегі жетекші технопарктер - Astana Hub (Қазақстан) пен IT Park Uzbekistan-ның қолдауымен жүзеге асырылды.
Khan Tengri Innovation Hub - жаңа буындағы технологиялық дипломатия алаңы ретінде құрылып отыр. Ол Орталық Еуразияның стартаптары, инновациялық компанияларын және R&D орталықтарын Қытай нарығымен, сондай-ақ оның жаһандық мүмкіндіктерімен байланыстыруды көздейді. Бұл бастама өңірлер арасындағы орнықты технологиялық әріптестікке деген өсіп келе жатқан қажеттілікті көрсетеді.
Khan-Tengri Innovation Hub өңірдегі стартаптар мен кәсіпкерлер үшін қытайлық инвесторлармен байланыстыратын көпірге айналып, инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларға жол ашады. Біз бұл хаб еліміздің технологиялық компаниялары өнімдерін Қытай нарығына ілгерілетуде маңызды рөл атқарады деп сенеміз", - деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.
Хабтың негізгі мақсаттары:
1. Цифрландыру, жоғары технологиялар және R&D салаларында трансшекаралық технологиялар трансферін дамыту;
2. Орталық Азияның ІТ-компаниялары мен стартаптарына Қытай нарығына шығуына қолдау көрсету;
3. Қытай технологиялық компанияларының Еуразия мен одан ары Еуропа және MENA нарығына "Орта дәліз" арқылы "жұмсақ енуін" қамтамасыз ету;
4. Бірлескен R&D-жобаларын, технологиялар трансферін және венчурлік капитал тартуды жүзеге асыру;
5. Қытайда Орталық Еуразия елдерінің танымалдылығын арттыру.
Хан Тәңірі" инновациялық хабы - Қазақстан мен Орталық Азия компанияларының Қытайда өз бизнесін сенімді түрде бастауына және дамытуына арналған алаң. Бұл - әлемдегі ең күрделі әрі бәсекеге қабылетті нарыққа шығу үшін негізгі кедергілерді жоюға бағытталған бастама. Хабтың басты мақсаты - еуразиялық стартаптар мен ІТ-компаниялар үшін жаһандық мүмкіндіктерге жол ашу.
Khan Tengri Innovation Hub-та қатысушыларға Қытайдың алдыңғы қатарлы технологиялық парктерінің бірінде жұмыс істеу және өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи кеңселер, коворкингтер, сервис апартаменттері - бұлардың барлығы тұрмыстық және ұйымдастыру мәселелеріне қарамастан, өнімді толық дамытуға мүмкіндік береді.
Ең бастысы - барлық кезеңде қолдау көрсетіледі: заңдық және салықтық кеңес беруден бастап, қытайлық инвесторлармен, өндірістік серіктестермен және акселераторлармен байланыс орнатуға дейін. Мұндай тәсілді жаңа бизнес-ортада "жұмсақ қону" - soft-landing деп атайды.
Инфрақұрылымнан бөлек, хаб білім беру және акселерациялық бағдарламаларға қол жеткізуді ұсынады, бұл компанияларға Қытайда тез бейімделіп, масштабталуға мүмкіндік береді. Қытайлық XNode акселераторымен бірлесіп әртүрлі даму деңгейіндегі компанияларға арналған бағдарламалар әзірленді. Олардың қатарында нарықты зерттеп, шығу стратегиясын құруға бағытталған қысқа мерзімді China Market Entry Bootcamp, сондай-ақ компанияны іске қосып, Қытайдағы қатысуды кеңейтуге арналған China Launchpad та бар. Қатысушылар менторлық қолдау алып, воркшоптарға қатысады, іскерлік кездесулер өткізіп, Қытай технологиялық экожүйесін өз ішінде зерттеп бастайды.
Khan Tengri Innovation Hub - әлемдегі ең ірі тұтыну нарығына жол ашады, ол инвестиция тартуға, серіктестер табуға және технологиялық шешімдерді экспорттауға көмектеседі. Бұл - көптеген компаниялар үшін жаһандық ойыншыға айналуға берілген мүмкіндік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.07.2025, 16:09 37766
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 01.07.2025 жылға 24 трлн теңгеден асып, бір жыл ішінде 4 трлн теңгеден аса немесе 20,9% өсті, деп хабарлайды БЖЗҚ-ның баспасөз қызметінен.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары 2025 жылғы 1 шілдеге 22,85 трлн теңгеге жетіп, 12 айда 18,7% ұлғайды.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 12 ай ішінде 10,2% өсіп, 683,10 млрд теңгені құрады.
Ең көп жылдық өсімді ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олар 12 ай ішінде 35% артып, 8,73 млрд теңгеге жетті.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына түскен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 2025 жылғы 1 шілдеге 463,98 млрд теңге болды.
Жинақтардың өсуі зейнетақы жарналарының түсімдерімен, сондай-ақ инвестициялық табыспен қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 1 575,45 млрд теңге жарна түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 19,8% (немесе 260,05 млрд теңгеге) артық.
МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бастап 01.07.2025 жылға 1 294,56 млрд теңге түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 11,7% - ға ұлғайды), МЗЖ - 67,87 млрд теңге (19,8% - ға өсім), ЕЗЖ - 1,38 млрд теңге. 2025 жылдың алғашқы 6 айында ЖМЗЖ есебінен жарналар 211,65 млрд теңгені құрады.
Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс шамамен 350,7 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы айлардағы табыстың уақытша төмендеуін тоқтатты.
БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 782,87 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдерден 325,24 млрд теңгеге (немесе 71,1%) көп.
Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде - 451,58 млрд теңге.
Зейнет жасына толуына байланысты 6 ай ішіндегі төлемдер - 118,79 млрд теңге.
Жыл басынан бері 01.07.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 34,58 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 19,18 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға - 1,58 млрд теңге, жерлеуге - 5,36 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 151,78 млрд теңге аударылды.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика" бөлімінде орналастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.07.2025, 16:05 37956
Қытай мен Орталық Еуразия арасындағы стратегиялық көпір: Шанхайда "Хан Тәңірі" инновациялық хабы ашылды
Азияның "Кремний алқабы" аталып кеткен Zhangjiang ғылыми-технологиялық паркінде Орталық Еуразия елдерінің технологиялық әлеуетін әлемдегі екінші экономика - Қытай экожүйесімен интеграциялауға бағытталған алғашқы мамандандырылған платформа - "Хан Тәңірі" инновациялық хабы (Khan Tengri Innovation Hub) ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл бастама қазақстандық Growth Vision Pro компаниясы тарапынан көтеріліп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ өңірдегі жетекші технопарктер - Astana Hub (Қазақстан) пен IT Park Uzbekistan-ның қолдауымен жүзеге асырылды.
Khan Tengri Innovation Hub - жаңа буындағы технологиялық дипломатия алаңы ретінде құрылып отыр. Ол Орталық Еуразияның стартаптары, инновациялық компанияларын және R&D орталықтарын Қытай нарығымен, сондай-ақ оның жаһандық мүмкіндіктерімен байланыстыруды көздейді. Бұл бастама өңірлер арасындағы орнықты технологиялық әріптестікке деген өсіп келе жатқан қажеттілікті көрсетеді.
Khan-Tengri Innovation Hub өңірдегі стартаптар мен кәсіпкерлер үшін қытайлық инвесторлармен байланыстыратын көпірге айналып, инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларға жол ашады. Біз бұл хаб еліміздің технологиялық компаниялары өнімдерін Қытай нарығына ілгерілетуде маңызды рөл атқарады деп сенеміз", - деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.
Хабтың негізгі мақсаттары:
1. Цифрландыру, жоғары технологиялар және R&D салаларында трансшекаралық технологиялар трансферін дамыту;
2. Орталық Азияның ІТ-компаниялары мен стартаптарына Қытай нарығына шығуына қолдау көрсету;
3. Қытай технологиялық компанияларының Еуразия мен одан ары Еуропа және MENA нарығына "Орта дәліз" арқылы "жұмсақ енуін" қамтамасыз ету;
4. Бірлескен R&D-жобаларын, технологиялар трансферін және венчурлік капитал тартуды жүзеге асыру;
5. Қытайда Орталық Еуразия елдерінің танымалдылығын арттыру.
Хан Тәңірі" инновациялық хабы - Қазақстан мен Орталық Азия компанияларының Қытайда өз бизнесін сенімді түрде бастауына және дамытуына арналған алаң. Бұл - әлемдегі ең күрделі әрі бәсекеге қабылетті нарыққа шығу үшін негізгі кедергілерді жоюға бағытталған бастама. Хабтың басты мақсаты - еуразиялық стартаптар мен ІТ-компаниялар үшін жаһандық мүмкіндіктерге жол ашу.
Khan Tengri Innovation Hub-та қатысушыларға Қытайдың алдыңғы қатарлы технологиялық парктерінің бірінде жұмыс істеу және өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи кеңселер, коворкингтер, сервис апартаменттері - бұлардың барлығы тұрмыстық және ұйымдастыру мәселелеріне қарамастан, өнімді толық дамытуға мүмкіндік береді.
Ең бастысы - барлық кезеңде қолдау көрсетіледі: заңдық және салықтық кеңес беруден бастап, қытайлық инвесторлармен, өндірістік серіктестермен және акселераторлармен байланыс орнатуға дейін. Мұндай тәсілді жаңа бизнес-ортада "жұмсақ қону" - soft-landing деп атайды.
Инфрақұрылымнан бөлек, хаб білім беру және акселерациялық бағдарламаларға қол жеткізуді ұсынады, бұл компанияларға Қытайда тез бейімделіп, масштабталуға мүмкіндік береді. Қытайлық XNode акселераторымен бірлесіп әртүрлі даму деңгейіндегі компанияларға арналған бағдарламалар әзірленді. Олардың қатарында нарықты зерттеп, шығу стратегиясын құруға бағытталған қысқа мерзімді China Market Entry Bootcamp, сондай-ақ компанияны іске қосып, Қытайдағы қатысуды кеңейтуге арналған China Launchpad та бар. Қатысушылар менторлық қолдау алып, воркшоптарға қатысады, іскерлік кездесулер өткізіп, Қытай технологиялық экожүйесін өз ішінде зерттеп бастайды.
Khan Tengri Innovation Hub - әлемдегі ең ірі тұтыну нарығына жол ашады, ол инвестиция тартуға, серіктестер табуға және технологиялық шешімдерді экспорттауға көмектеседі. Бұл - көптеген компаниялар үшін жаһандық ойыншыға айналуға берілген мүмкіндік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.07.2025, 17:58Шығыс Қазақстанға ШЫҰ елдерінің жастар делегациясы келді 31.07.2025, 18:21 67236Қазақстанда мәдени мұралар бойынша бірінші жартыжылдықтың қорытындысы шығарылды31.07.2025, 18:10 67231Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы аудит нәтижесінде мемлекет активтеріне 4,4 млрд теңге өтелді01.08.2025, 12:02 57856Қазақстанда "Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері және үздік әлеуметтік жоба" республикалық байқауы басталды31.07.2025, 17:04 56901Қатты қалдықтарды қайта өңдеу 2029 жылға қарай 40%-ға жетеді
10.07.2025, 17:09 100786Алматыда алаяқтықтың алдын алу туралы меморандумдарға қол қойылды10.07.2025, 17:04 97231Ақтөбе облысында жетім балалар тұрғын үйге кезекке қойылды09.07.2025, 17:15 93056Қазақстан ТЖМ құтқарушылары балалардың қауіпсіздігі үшін терезе блокираторларын орнатуда18.07.2025, 14:12 88626Қазақстандық су саласы мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды18.07.2025, 13:19 88516Қазақстанда жасанды интеллект құралдары мемлекеттік органдардың қызметіне енгізілуде