21.12.2021, 18:38 62556

ҚР мен РФ Энергетика министрлігінің басшылары электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кездесу барысында энергетикалық ведомстволардың басшылары Қазақстан мен Ресейдің газ, мұнай өнеркәсібі және электр энергетикасы салаларындағы екіжақты ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады.
ҚР мен РФ Энергетика министрлігінің басшылары электр энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты талқылады
МӘСКЕУ. 21 ЖЕЛТОҚСАН - 20 желтоқсанда Мәскеуде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының Энергетика министрі Николай Шульгиновпен кездесті. Кездесу барысында энергетикалық ведомстволардың басшылары Қазақстан мен Ресейдің газ, мұнай өнеркәсібі және электр энергетикасы салаларындағы екіжақты ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Электр энергетикасы мәселелерінде ведомстволардың басшылары Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі қуатының сальдо-ағындарының жоспарлы мәндерден ауытқуларына байланысты ахуалды реттеу жөніндегі бірлескен жұмыс тобы шеңберінде жұмысты жалғастыру жөнінде келісті", - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

 
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта "ҚазТрансГаз" ҰК" АҚ мен "Газпром" ЖАҚ арасында осыған дейін құрылған бірлескен жұмыс тобының аясында Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру, оның ішінде қажетті қосымша газ көлемі мәселелері талқылануда. Алдағы уақытта тараптар жобаны бағалау, газды тұтыну құрылымы мен көлемдерін, сондай-ақ газ құбырларын тарту құны мен бағыттарын анықтауы тиіс.
 
Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда "сұр" майнерлердің қызметімен байланысты энергия тұтынудың қалыпты өсуі байқалады. Қуат тапшылығына байланысты Ресей Федерациясының энергия жүйесінен ағындар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
 
KEGOC АҚ ұлттық операторы хабарлағандай, алдағы күзгі-қысқы кезеңде жеке генерациясы 16 540 МВт кезінде ең көп жүктеме 17 000 МВт болады деп күтілуде. 540 МВт-қа тең генерацияның кемшілігі Ресей Федерациясынан келетін ағындар есебінен, оның ішінде импортты ұйымдастыру есебінен өтелетін болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны