18.08.2022, 16:43 33381

"Теңізшевройл" отандық нарыққа қосымша 2,6 млрд текше метр газды қайта бағыттайды

"Теңізшевройл" отандық нарыққа қосымша 2,6 млрд текше метр газды қайта бағыттайды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 18 ТАМЫЗ - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Шеврон" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кездесуде "Шеврон" компаниясының Қазақстанмен алдағы уақыттағы өзара іс-әрекетінің негізгі аспектілері және бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы мен Майкл Уирт әлемдік энергетика нарығындағы жағдай туралы пікір алмасты", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Президент "Теңізшевройл" компаниясының қосымша 2,6 миллиард текше метр газды ішкі нарыққа бағыттау туралы шешімін құптады.
 
Сондай-ақ "Шеврон" компаниясының мұнай-химия саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу перспективалары мен Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын одан әрі кеңейтудің жоспары қарастырылды.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан өндірілетін газдың жартысынан астамын экспорттайды. Сонымен қатар, халықтың 42%-ы газға қол жеткізе алмайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны